Нұржан Сейдуәлі Швецияда өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатыныӊ күміс жүлдегері атанды
Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Шұбаркөл көмір" АҚ қызметкері Нұржан Сейдуәлі Швецияда өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатыныӊ күміс жүлдегері атанды.
Қарашаныӊ 20-сы мен 26-сы аралығында Мальме (Швеция) қаласында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп, оған 55 елден 3000 спортшы қатысқан. Қазақстанныӊ ұлттық құрамасы сапында 56 келіге дейінгі салмақта ел намысын "Шұбаркөл көмір" АҚ учаскелік маркшейдері Нұржан Сейдуәлі қорғады.
Осы жолы Қазақстан құрамасыныӊ татамидағы қарсыластары Оӊтүстік Корея спортшылары болды. Белдесудіӊ басым бөлігінде отандастарымыз таӊғы шық елініӊ спортышыларына жеӊіліп қалды. Есені тек Нұржан қайтара алды десе де болады. Оныӊ қарсыласы қара белдік иесі болғанына қарамастан, қарағандылық тізесіне ауырту әдісін қолданып, жарыстыӊ келесі кезеӊіне өтті.
Екінші белдесуде Нұржан Сейдуәлі құраманыӊ екінші нөмірі шебері, қазақстандық Қуандық Қонысовпен күш сынасты. Шұбаркөл джитсері жерлесінен ұпай санымен басым түсті. Есеп 6-4.
Еӊ ауыр белдесу әрине финалда. Нұржан Сеудуәліге қарсы татамиге БАИ спортшысы шықты. Күрестіӊ басында қазақстандық үш ұпай алды. Кейін спортшымызға ескертулер беріліп, есеп теӊесті. Түптеп келгенде белдесу тағдырын осы ескертулер шешіп кетті. Нәтижесінде былтырғы чемпион биыл күміспен күптелген.
Дегенмен, джиу-джитсудағы бәсекелестік жылдан жылға артып келеді. 2017 жылы Колумбиядағы әлем чемпионатына 35 елдіӊ өкілдері келген. Биыл қатысушылар саны 20 есе көп. Осыған ұқсас турнирлерде спортшылар жүлделі орынға ғана емес, әлем рейтингінде ұпайлар үшін қатысады. Күміспен күптелген Нұржан Сейдуәлі өз салмақ дәрежесінде әлем рейтингінде бірінші орынға ие.
Шұбаркөл көмір - Қазақстандағы жоғары сапалы, күлділігі төмен ірі көмір өндіруші.
"Шұбаркөл көмір" - Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы көмірді ашық әдіспен өндіретін компания. Сонымен қатар кәсіпорын спецкокс және кокс газынан электр қуатын өндірумен айналысады.
Шұбаркөл көмірі төмен күлділігімен (барлығы 4%) және жоғары калориялығымен (6000 ккал/кг дейін) ерекшеленеді. Осындай бірегей сипаттамаларыныӊ арқасында шұбаркөл көмірі тұрғын үйлерді жылыту үшін өте тиімді энергия көзі болып табылады және заӊ бойынша экологиялық таза энергия тасымалдаушы болып саналады. ERG Еуропа мен Азия және дүние жүзініӊ басқа да 20-дан астам еліне көмір жеткізеді.
EURASIAN RESOURCES GROUP ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА
Eurasian Resources Group (ERG) - кәсіпорындары қазып шығару, өндеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, табиғи қорларды өндейтін әлемдегі еӊ ірі барынша әртараптандырылған компаниялардыӊ бірі. Топ төрт құрлықтағы 14 елде кәсіпорындар мен бизнесті дамыту жобаларын жүргізіп отырған саладағы еӊ ірі жұмыс беруші. 2014 жылы Eurasian Resources Group өзініӊ 20 жылдығын атап өтті. Басқарушы компанияныӊ бас кеӊсесі Люксембург қаласында орналасқан.
ERG құрамындағы хром үлесі бойынша жоғарыкөміртекті феррохром өндірісіндегі әлемдік көшбасшы әрі Еуразия кеӊістігіндегі еӊ ірі темір кені мен алюминий шикізатын жеткізушілердіӊ бірі. Сондай-ақ, Топ мыс пен кобальттыӊ бас жабдықтаушысы болып табылады.
Қазақстан Республикасы тау-кен металлургиялық кешенініӊ үштен бірі ERG еншісінде. Сонымен қатар, Топ Азиядағы электр энергиямен негізгі жабдықтаушы және ірі темір жол операторы болып табылады. Қазақстанда Топтыӊ "Қазхром" ТҰК, "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" (ССКӨБ), "Қазақстан алюминийі", Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еурозиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), Шұбаркөл көмір және "ТрансКом" Көлік тобы сынды маӊызды кәсіпорындары орналасқан. ERG Конго Демократиялық Республикасында BossMining, Frontier және Comide кәсіпорындарында мыс пен кобальт кенін шығарып, өндейді. Осы елде аяқталуға жақын бірқатар басқа даму жобалары, оныӊ ішінде MetalkolRoanTailingsReclamation (RTR) орналасқан.
ERG мыс балқыту зауыты - ChambishiMetalsPLC Замбиядағы жетекші кәсіпорын және әлемдегі еӊ ірі мыс өндіруші болып табылады. Сонымен бірге, компанияныӊ Африка құрлығыныӊ өзге де елдерінде, оныӊ ішінде Оӊтүстік-Африка республикасында, Зимбабведе, Мали және Мозамбик елдерінде орналасқан, көмір, марганец, платина, боксит және флюорит шығаратын бірқатар жобалары бар. ERG Бразилияда қуаты жылына 18 млн тонналық темір кені өндірісініӊ кешенді PedradeFerro жобасын дамытып келеді.
Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.