28.04.2018, 01:08 6187

ОҚО-да 84 мемлекеттік органныӊ қатысуымен спартакиада өтуде

Спорттық жарысқа 84 мемлекеттік органныӊ 1200-ге жуық әкімшілік қызметшілері мен құқық қорғау қызметініӊ өкілдері қатысып, олар волейбол, шағын футбол, гір көтеру, жүзу, арқан тарту, үстел теннисі сынды спорттыӊ 6 түрінен сайысқа түседі.

Шымкент. 28 сәуір. KazakhstanToday - Оӊтүстік Қазақстан облысындағы "Қажымұқан" cпорт алаӊында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ 20 жылдығы мерейтойы қарсаӊында ұйымдастырылған спартакиаданыӊ ашылу салтанаты өтті.

Жарысқа қатысушыларды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ ОҚО бойынша департаментініӊ басшысы И.Көмекбаев пен облыс әкімі аппаратыныӊ басшысы Иуелхан Тұрғымбеков құттықтап, сәттілік тіледі.

"Мемлекеттік қызмет - әрбір мемлекеттіӊ қалыптасуы мен дамуыныӊ басты негізі екенін ескерсек, Елбасымыз кәсіби мемлекеттік аппарат құруды көздеген Ұлт жоспарын енгізгелі 3 жылға жуық уақыт өтті. 1999 жылы елімізде алғаш рет "Мемлекеттік қызмет туралы" Заӊ қабылданып, мемлекеттік қызметтіӊ конкурстық моделі қалыптасты. Осыдан бастап, мемлекеттік қызмет ұдайы жетілдірілу үстінде. Ендігі меже дамыған 30 елдіӊ қатарына қосылу болса, бұл белесті бағындыруға жоғары деӊгейлі мемлекеттік аппарат қажет. Ирбір мемлекеттіӊ жарқын болашаққа қарай жасаған қадамы мен ілгері дамуы мемлекеттік қызметшілердіӊ қызметіне тікелей тәуелді. Кәсібилікті қамтамасыз ету тұрғысында, мемлекеттік қызметшілердіӊ әлеуетін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуда",-деді И.Көмекбаев.

Спорттық жарысқа 84 мемлекеттік органныӊ 1200-ге жуық әкімшілік қызметшілері мен құқық қорғау қызметініӊ өкілдері қатысып, олар волейбол, шағын футбол, гір көтеру, жүзу, арқан тарту, үстел теннисі сынды спорттыӊ 6 түрінен сайысқа түседі.

Қазіргі таӊда облысымызда мемлекеттік қызметшілердіӊ 50 пайызға жуығыныӊ мемлекеттік қызметтегі өтілдері 10 жылдан асады. Осылайша қызметшілер мемлекеттік қызметте тұрақтанып, нәтижелі қызмет атқаруда.

Ал мансаптық модельдіӊ басты қағидаты - мемлекеттік қызметшініӊ жеке сіӊірген еӊбектері мен жетістіктерін мойындау болса, облысымыздағы қызметшілердіӊ мансаптық өсу деӊгейі 80,5 пайызға жетіп отыр. Бұл - мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілетудегі ашықтық пен әділдік қағидаттарыныӊ шынайы айғағы.

Сонымен бірге, Ұлт жоспарына сәйкес, органдарда ағымдағы жылдыӊ басынан бастап мемлекеттік қызметшілердіӊ еӊбегіне ақы төлеудіӊ пилоттық жаӊа жүйесі енгізілді. Дәлірек айтқанда, әрбір лауазымныӊ мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ролі мен тиімділігі есепке алына отырып, факторлы-баллдық деген шкала бойынша жалақы есептелуде. Бұған қоса, қызметшілерге жыл қорытындысымен ерекше қосқан үлестері мен жеке бастамалары үшін қомақты бонустар төленеді.

Осылайша, Елбасымыз мемлекеттік қызметтіӊ маӊыздылығын Ұлт Жоспарыныӊ кәсіби аппарат құру бағытымен одан әрі арттыра түсті.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны