05.09.2024, 13:09 12616

Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасының қоржыны алтын және қола медальдармен толықтырылды

Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасының қоржыны алтын және қола медальдармен толықтырылды
Жарыстың жетінші күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында алтын мен күмісті жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ерлер арасында 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. Бұл - Парижде ұлттық құрама қоржынына түскен алғашқы алтын медаль.

Сондай-ақ, Ядро лақтырудан F36 санатында бақ сынаған Дастан Мұқашбеков қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі - 16 метр. Бұл - Азия құрлығының жаңа рекорды.

Паралимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде бар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны