08.01.2024, 16:52 42056

Рыбакина Австралияда жеңіске жеткеннен кейін әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді

Рыбакина Австралияда жеңіске жеткеннен кейін әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды prosports.kz.

Жекелей сында польшалық теннисші Ига Швентек бұрынғыша көш бастаса, Белорусь өкілі Арина Соболенко екінші орында тұр.

Кеше Брисбен WTA 500 турнирінің чемпионы атанған қазақстандық Елена Рыбакина 6 811 ұпаймен америкалық Кори Гауфты (6 660 ұпай) артқа тастап, үшінші сатыға көтерілді.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 63-тен 64-ке төмен сырғыды.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 жарысында үздік шыққаннан кейін 54-тен бірден 44-орынға көтерілді. Оның сол жарыста бірге өнер көрсеткен жұбы, словакиялық Виктория Грунчакова 84-тен 73-ке жоғарылады.

Рыбакина жұптық сын рейтингісінде 124-тен 125-ке, Жібек Құламбаева 143-тен 144-ке төмендеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны