27.01.2023, 13:52 56686

Жағдай халықаралық мәртебеге сәйкес келмейді - Смайылов әуежай құрылысының ұзаққа созылғаны үшін Шымкент басшылығына сөгіс жариялады

Жағдай халықаралық мәртебеге сәйкес келмейді - Смайылов әуежай құрылысының ұзаққа созылғаны үшін Шымкент басшылығына сөгіс жариялады
Сурет: primeminister.kz
Бүгінгі таңда жоба 80%-ға аяқталды

Шымкент. 27 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Премьер-Министр Әлихан Смайылов Шымкентке жұмыс сапары аясында қала басшылығының назарын әуежайдың жаңа терминалының құрылысы созылып жатқанына аударды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Жаңа терминал салу 2018 жылы тапсырылған болатын. Не себептен әлі күнге дейін пайдалануға берілмей отыр? Қалаға немесе елге келген туристер мен қонақтар ең алдымен әуежайдың жағдайына назар салады. Сол себепті тез арада жаңа терминалды пайдалануға беру керек", - деді Әлихан Смайылов.


Әлихан Смайылов Шымкент Шығыс пен Батыс арасындағы көлік қозғалысының түйіскен жерінде орналасқан еліміздегі үшінші ірі мегаполис екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде тікелей және транзиттік рейстерді орындауға ыңғайлы жағдай жасайды.

Сонымен қатар Премьер-Министр Шымкент әуежайының жағдайы халықаралық мәртебеге сәйкес келмейтінін атап өтті.

Шымкент қаласының әкімі Марат Әйтенов бүгінгі таңда жоба 80%-дан астамға аяқталғанын, құрылыс 40 мың шаршы метр алып жатқанын айтты. Терминал 2023 жылдың соңында толығымен пайдалануға беріледі. Қала басшысының айтуынша, бұл республикадағы ең ірі терминалдардың бірі болмақ.

Үкімет басшысы әкімдікке жұмыстардың барлығын мүмкіндігінше тезірек аяқтап, құрылыстың одан әрі созылуына жол бермеу қажеттігін атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны