11.04.2023, 14:01 58281
Қазақстанға АЭС салу қажет - Сәтқалиев
Сурет: pixabay.com
Тендерге дейінгі процедуралар жүргізіліп, компаниялар міндетті емес ұсыныстар жіберді
Астана. 11 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің кулуарында Қазақстанға атом электр станциясын салу қажет екенін мәлімдеді.
Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген жауабында Қазақстанға АЭС салу мәселесін жақтап дауыс еруге әзір екенін білдірді.
Бұл мәселеде сөзсіз, диалог жолға қойылады. Парламент алдында есеп беруді жоспарлап отырмыз. Олардың да атом энергетикасы туралы сұрақтары көп. Партия атынан сөйлеп жүрген партиялар да бұл мәселені көтеруде. Бұл диалогты барынша кең ауқымда талқылауға саламыз. Оның ішінде қоғамды, қоғамдық пікір жетекшілерін тартамыз", - деді министр.
БАҚ өкілдері: "АЭС салу мәселесі бойынша референдум өткізу жоспарда бар ма?", - деген сауал қойды.
Бұл жерде заңнама талаптарына қарап шешім шығару керек деп ойлаймын. Атом электр стансасын салудың айқын тәртібі бар, МАГАТЭ-нің талаптары бар. Біздің бұл мәселені сәйкестендіру бағытындағы талаптарымыз бар. Жергілікті әкімдіктерде халықпен талқылау кеңейтілген форматтарда өтеді. Менің жеке пікірім бойынша, референдум халықтың басым бөлігі станса салуды қолдай ма, жоқ па дегенді түсіну үшін қажет. Халықтың пікірін түсінудің басқа да түрлі тәсілдері бар. Халық қарсы болса, салмайтынымыз түсінікті. Халықтың пікірін білу шарасының формасы қандай болатынын, референдум ба, әлде қоғамдық тыңдау бола ма, Парламент отырысы бола ма, оның бәрі тәртіп бойынша реттеледі. Мен АЭС салынғанын жақтаймын. Өз дауысымды осы ұстанымға кез келген формада беруге дайынмын. Фукусима оқиғасынан кейін енгізілген қазір салынып жатқан атом электр стансаларына қойылатын талаптар күшейді", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Бұған дейін Сәтқалиев атом электр станциясын Алматы облысында неге салуды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.08.2025, 16:09 8006
2026 жылы МӘМС жүйесінде не өзгереді
Сурет: gov.kz
2027 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет тарапынан түсетін жарналардың мөлшері біртіндеп артады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесін жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Біз 2015 жылы қабылданған "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заңының алғашқы редакциясында белгіленген бастапқы қаржылық моделіне ішінара ораламыз. Сол кезде мемлекеттің жарналары 7% деңгейінде бекітілген еді. Қазір ол тек 2% ғана", - деп атап өтті Шоманова.
Оның айтуынша, бұл жұмысшылар мен жұмыс берушілердің төлейтін жарна көлемін ұлғайтпай, медициналық көмек жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің қаржыландыру үлесінің кезең-кезеңімен өсуінің нәтижесінде, жарна мөлшері биылғы 2%-дан 2037 жылға қарай 4,7%-ға дейін артады деп күтілуде. Бұл жүйеге қосымша 2,8 триллион теңге қаржы тартуға мүмкіндік бермек. Ал ол өз кезегінде халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға зор үлес қосады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2025, 15:56 8161
Елдегі жылу электр орталықтарының орташа тозу деңгейі 64%-дан 61%-ға төмендеді
Сурет: Depositphotos
Елімізде жылу электр орталықтарының сенімділігі мен техникалық дайындығын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Биыл еліміздің электр станцияларында 10 энергоблокқа, 63 қазандыққа және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазір 5 энергоблокта, 30 қазандықта және 19 турбинада жөндеу жүргізілуде. 4 энергоблокта, 15 қазандықта және 9 турбинада жөндеу аяқталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің баспасөз қызметінен.
Өткен жылмен салыстырғанда елдегі жылу электр орталықтарының орташа тозу деңгейі 64%-дан 61%-ға дейін төмендегенін атап өткен жөн. Бұл энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында жүзеге асырылып жатқан жабдықтарды жаңғырту және жаңарту жұмыстарының нәтижесінде мүмкін болды.
Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу энергетика нысандарының техникалық жағдайында оң өзгерістер байқалды. Елде барлығы 37 жұмыс істеп тұрған жылу электр орталығы бар: бұған дейін олардың 19-ы "қызыл аймақта", 11-і - "сары аймақта", 7-еуі - "жасыл аймақта" болған.
Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша: 9 ЖЭО "қызыл аймақтан" "сары аймаққа" өтті, олардың қатарында:
- Екібастұз ЖЭО
- Өскемен ЖЭО
- Жезқазған ЖЭО
- Балқаш ЖЭО
- Рудный ЖЭО
- Риддер ЖЭО
- Шахтинск ЖЭО
- "Qarmet" АҚ ТЭЦ-2
- Кентау ЖЭО
3 ЖЭО өз позициясын жақсартып, "сары аймақтан" "жасыл аймаққа" өтті: Атырау ЖЭО
Текелі ЖЭО
Қарағанды Энергоорталығы" ЖШС ТЭЦ-3
Осылайша қазіргі таңда 10 ЖЭО - "қызыл", 17 ЖЭО - "сары", 10 ЖЭО - "жасыл аймақта" орналасқан. ҚР Энергетика министрлігі жылыту маусымына дайындық барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2025, 14:54 8316
Олжас Бектенов өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы берген халықаралық автокөлік өткізу пункттерін реконструкциялау жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Онда көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, қаржы министрінің міндетін атқарушы Ержан Біржанов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұмановтың баяндамалары тыңдалды.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, биылғы жоспарда Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекараларындағы (ҚХР, Өзбекстан Республикасы, Түрікменстан) 9 өткізу пунктін реконструкциялау жұмыстары тұр. Бүгінгі таңда олардың 4-еуінде: Қапланбек, Атамекен, Қалжат және Алакөл пункттерінде жұмыстар аяқталды. Бес нысанды жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін өз мәресіне жетпек. "Жібек жолы" жолаушылар өткізу пунктін реконструкциялау жоспардан тыс жүруде, аяқталуы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында көзделіп отыр.
Жаңғырту жұмыстары кезінде алты жолақты кірме жолдар, электронды қадағалау жүйелерімен қоса алғанда, барлық қызметтер үшін бірыңғай инфрақұрылым құруды көздейтін жағдай жасауға баса назар аударылды.
Баяндамаларды тыңдаған Премьер-министр кеден қызметінің, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қырғызстан Республикасы шекараларындағы автомобиль өткізу пункттерін жөндеу мерзімдерінің кешіктірілуіне байланысты салалық министрліктер жұмысын сынға алды.
Олжас Бектенов ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағаларын жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Сонымен қатар министрліктердің жауапты басшылары жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру үшін өңірлерге жіберілді.
Кеден қызметінің кадр құрамына, әсіресе өткізу пункттеріне қатысты талаптарды қатаңдату, сондай-ақ жабдықпен жарақтандыру және интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша міндеттер қойылды.
Көлік, қаржы министрлеріне өткізу пункттерін реконструкциялау барысы туралы Премьер-министрге апта сайын есеп беру тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2025, 13:46 12226
Қазақстанда ЭЦҚ-ны жеңілдетілген түрде алу жүйесі енгізілді
Сурет: gov.kz
2025 жылғы 11 тамыздан бастап Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу тәртібі өзгереді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл қызметті толығымен онлайн-форматқа ауыстырады. Бұл шешім азаматтардың дербес деректерін қорғау деңгейін арттыру және жеке цифрлық деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол электрондық қолтаңбаны бөгде тұлғаларға алу жағдайының алдын алады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұрын ЭЦҚ кілттерін онлайн да, ХҚКО-да да алуға болатын. Енді бұл процедура толықтай онлайн форматқа көшірілді.
ЭЦҚ-ны онлайн қалай алуға болады:
- egov.kz немесе pki.gov.kz порталына кіріңіз;
- Онлайн өтінім жіберіңіз;
- Биометриялық сәйкестендіруден өтіңіз - жүйе камера арқылы бет-әлпетіңізді таниды.
Егер тұлға сәтті расталса, ЭЦҚ кілті бірден, ХҚКО қызметкерлерінің қатысуынсыз онлайн түрде беріледі. Кейде жүйе сізді тани алмауы мүмкін - мысалы, базада фотосурет болмаса немесе техникалық ақау орын алса, жүйе 5 ретке дейін биометриялық тексеруден өткізуге мүмкіндік береді. Осы әрекеттер сәтсіз аяқталған соң ғана ХҚКО-ға жүгіну мүмкіндігі пайда болады.
Маңыздысы - биометриядан өтпейінше, ХҚКО-да оператор арқылы өтініш беру мүмкін емес. Оператор ЖСН бойынша ақпаратты тексереді және егер бес рет сәтсіз биометрия тапсыру әрекеті болмаған жағдайда, қызмет көрсете алмайды. Онлайн қызмет толық пайдаланылғаннан кейін ғана ХҚКО арқылы өтініш беру мүмкіндігі автоматты түрде ашылады.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділігі жоқ азаматтар үшін ХҚКО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында биометриядан өту мүмкіндігі қарастырылған. Егер пайдаланушы сол жерде сәтті идентификациядан өтсе, ЭЦҚ кілттері ХҚКО операторының қатысуынсыз онлайн түрде беріледі.
Қазақстанда ЭЦҚ беру процесінің негізінен қашықтан форматқа ауысқаны статистикалық деректермен расталады. 2025 жылдың басынан бері республика бойынша 14,9 миллионнан астам ЭЦҚ кілті берілді. Соның ішінде 92,25%-ы қашықтан сәйкестендіру арқылы, ал небәрі 7,75%-ы ХҚКО арқылы рәсімделген. Бұл деректер онлайн-сервистің жоғары сұранысқа ие екенін және мемлекеттік қызметтердің цифрландыру бағытында тұрақты үрдіс қалыптасқанын көрсетеді.
Бұл жаңашылдық ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. ЭЦҚ өз қолымен қойылған қолтаңбаға теңестіріледі және толық заңды күшке ие, сондықтан ЭЦҚ кілттеріне қолжетімділік тек оның иесінде ғана болады. Биометрияны қолдану жеке тұлғаны сенімді түрде растауға және ЭЦҚ кілттерін заңсыз алу жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2025, 11:56 14526
Қазақстан армиясында PSY-тәуекел жүйесі енгізілуде: психоэмоционалдық ауытқулары бар әскерге шақырылушылар қызметке жіберілмейді
Қазақстанда әскерге шақырылушыларды іріктеудің жаңа әдістемесі - PSY-суицидтік мінез-құлыққа бейімділікті ерте анықтауға бағытталған тәуекелді ауқымды енгізу басталады. Инновация жеке құрамның психологиялық тұрақтылығын арттыруға және әскердегі қайғылы оқиғалардың алдын алуға арналған, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
PSY-тәуекел әдістемесін Қорғаныс министрлігінің әскери психологтары әзірледі. Жаңа жоба 2025 жылғы көктемгі шақыру кезінде сәтті сынақтан өтті. Соның нәтижесінде суицидке бейімділік белгілері бар 470-тен астам жас анықталып, олардың бәрі қызметтен босатылды немесе қосымша тексеруге жіберілді.
Жаңа жүйе бастапқы скринингті, терең психологиялық тексеруді және қажет болған жағдайда психиатриялық сараптаманы қамтитын психодиагностиканың көп сатылы механизмі болып табылады. Негізгі мақсат - психоэмоционалды тұрақтылық тұрғысынан Қарулы күштерде қызмет етуге дайын емес адамдарды шақырудан шығару.
PSY-тәуекелді енгізу мәселелері ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының негізгі тақырыбына айналды. Оның құрамына Қорғаныс, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың мамандары кірді.
Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті психологиялық және әскери-әлеуметтік жұмыс басқармасының бастығы подполковник Арман Қалышевтің айтуынша, бастама Үкіметтің тапсырмасы бойынша іске асырылуда және әскерге шақыру науқаны шеңберінде жүйелі профилактиканың бір бөлігі болады.
- Біз психологиялық тұрақсыздарды електен өткізіп қана қоймай, болашақ әскери бөлімдердің ұжымдарын ықтимал қауіпті жағдайлардан қорғауға тырысамыз. Бұл бөлімшелердегі денсаулық, өмір және моральдық ахуал қатысты, - деді подполковник Арман Қалышев.
Еліміздің барлық өңірлерінде PSY-тәуекелді кезең-кезеңімен енгізу туралы шешім қабылданды. Инновация іріктеу тиімділігін арттырады, армиядағы штаттан тыс жағдайлардың санын азайтып, жас әскери қызметшілердің психикалық денсаулығын нығайтудағы маңызды қадам болады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2025, 09:01 15351
Президент тапсырмасымен Қызылорда облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен 7 млрд теңгеге жаңа медициналық мекемелер салынады
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда заңсыз шетелге шығарылған активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаға шамамен 7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бұл қаражат Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы орталық аудандық ауруханалар жанынан жаңа ғимараттар салуға бағытталған. Онда инсульт орталықтары, рентгенхирургия бөлімшелері және басқа да бейінді бөлімдер ашылып, заманауи медициналық жабдықтар: магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография және ангиографиялық қондырғылар орнатылады.
Жобалар жүзеге асқан соң, ауылдық жерлердегі 300 мыңнан астам тұрғын мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізеді.
Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.08.2025, 15:09 15046
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Әшіров Серік Кеңесұлы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Серік Әшіров 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
ҚР ІІМ Академиясының заң институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы болып бастаған.
2009–2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулдығы вице-консулы, бірінші хатшысы.
2013–2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің бірінші хатшысы.
2014–2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.
2016–2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ЭКСПО-2017 Комиссары хатшылығының кеңесшісі.
2017–2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің халықаралық іс-шараларын қамтамасыз ету басқармасының кеңесшісі, басшысы.
2022 жылы — ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің бас инспекторы.
2022–2024 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Протоколының бастығы.
2024 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.08.2025, 13:21 15501
Қазақстанда тауарды өндірушіден тұтынушыға дейін қадағалау жүйесі енгізілуде
Мемлекет басшысының экономиканы одан әрі цифрландыруға бағытталған тапсырмаларына сәйкес Қазақстанда "Сауданың цифрлық айнасы" жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның сөзінше жоба тауардың тұтынушыға жетуіне дейінгі барлық кезеңдерді тіркеп отырады. "Сауданың цифрлық айна" моделі өндірушіден тұтынушыға дейінгі тауар қозғалысының толық цифрландырды.
Бұл модель тауардың код беру мен әкелуден бастап, дүкендегі сатылым мен тұтынушыға жеткізілуіне дейінгі барлық кезеңдерді тіркеп отырады. Осылайша біз тауардың тұтас циклын қамтитын толық цифрлық экожүйені құрамыз. Бірінші. Тауарларды каталогқа енгізу және кодтау бөлігіндегі шаралар іске асырылуда. Бұл - тауарлар, жұмыстар және қызметтердің бірыңғай классификаторын және Ұлттық тауарлар каталогын енгізу. Бұл жүйе тауарларды бірегей жүйе бойынша есепке алуға, тауарлардың атауын стандарттауға және олардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі тауарларды қадағалауға мүмкіндік береді", - деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
Министр биыл тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жалпы классификаторы жүргізу тәртібін, Ұлттық тауарлар каталогтың ұғымын және оның міндетті түрде қолданылуын көздейтін қажетті заңнамалық нормалар қабылданғанын атап өтті. Қазіргі таңда классификация 1,3 млн тауарға жасалған. "Ұлттық тауарлар каталогі" мен "Электрондық тауарлар каталогын" жұмыстары аяқталуға жақын.
Ведомство басшысының сөзінше келесі маңызды элемент - тауарларды сертификаттау. Өткен жылы техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі (E-КТРМ) іске қосылған. Бүгінгі күні бұл жүйеде 100 мыңнан астам өтініш беруші, 1,5 мың аккредиттеу субъектісі тіркеліп, 3,5 млн-нан астам түрлі рұқсат құжаттары берілген.
Алайда, бірқатар мәселе бар.
- Бірінші. Аккредиттеу саласына кірмейтін сертификаттардың берілуі;
- Екінші. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қағаз сертификаттарының пайдаланылуы;
- Үшінші. Мемлекеттік органдар тексеру кезінде, оларда сертификация туралы ақпаратқа қолжетімділігінің болмауы.
Аталған мәселелерді шешу үшін:
- Форматтық-логистикалық бақылауды енгізу арқылы зертхана паспортындағы аккредиттеу салаларын толық цифрландыру.
Қағаз түріндегі "жалған сертификаттар" мәселесін шешу үшін:
- Техникалық реттеудің ақпараттық жүйені "Кеден" ақпараттық жүйесін, мемлекеттік сатып алулар паспортын, маркетплейстер және Еуразиялық экономикалық одақтың тізілімімен интеграциялау;
Мемлекеттік аппаратты ведомствоаралық үйлестіруді күшейту үшін:
- Е-КТРМ Ішкі істер, Ғылым және Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің жүйелерімен және Еуразиялық экономикалық одақтың тізілімімен интеграцияланады.
Министр жасырын экономиканың секторы орта және шағын бизнестің дамуын тежейтінін, бәсекелестікті төмендетіп, бюджетті айтарлықтай кірістерден айыратынын атап өтті. Осыған байланысты таңбаланатын тауарлар тізбесін кеңейту шаралары қабылдануда. Жаңа тауар топтарына қатысты таңбалауды енгізу мерзімдері осы жылдан бастап 2027 жылға дейін белгіленген. Тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ету үшін бірқатар жоба іске асырылуда.
Бірінші жоба "Қазақтелеком" акционерлік қоғамымен бірлесіп, Тауарларды қадағалаудың ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Жоба, тауар жеткізу тізбегі бойынша өнім көлемі мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры туралы мәліметтерді бірыңғай платформада онлайн қарастыруға мүмкіндік береді. Екінші жоба осы жүйе негізінде инновациялық агромаркетплейс әзірлеудеміз. Бұл жүйе өндірушілер, сауда желілері және мемлекеттік органдар арасында тікелей цифрлық байланыс орнатып, делдалдарды және ашық емес өткізу схемаларын жояды. Үшінші жоба - B2B маркетплейс. Жаңа форматтағы отандық B2B платформасын іске қосу пысықталуда. Ол көтерме импортты реттеуге, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Осыған орай, отандық электрондық платформаны әзірлеп, оған шетелдік электрондық платформалармен интеграциялау жоспарда бар", - деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
Оның сөзінше платформаны толық іске асыру үшін сертификаттау рәсімдеріндегі техникалық кедергілерді жою мәселесі пысықталуда және Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасындағы 1996 жылғы Келісімге өзгерістер енгізу мәселесі талқылануда. Сондай-ақ министрлік тарапынан Мемлекет басшысының атаулы әлеуметтік көмекке көшу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын 15% сауда үстемесін бақылау күшейтіледі және халықтың әлеуметтік осал санаттарына арналған атаулы қолдау шараларын жүзеге асырылады.
Сонымен қатар тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын талдау модулі іске асырылады. Пилот шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлері беріледі. Ваучермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сауда үстемесіз бағасына сатып алуға болады. Пилотты Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында жүргізу жоспарлануда. Оған 5 мыңға жуық атаулы әлеуметтік көмек алушы кіреді. Жоба өңірлік сапарлар барысында Парламент депутаттары тарапынан қолдау тауып, қоғамдық талқылаудан сәтті өткен.
Сауда саласында күн сайын 25 млн-нан астам фискалдық чек тіркеледі. Платформада электрондық шот-фактуралары мен кассалық чектер деректерін салыстыруға негізделген сауда үстемесіне мониторинг жасау үшін сатып алу және бөлшек бағаларды айқындау, баға ауытқуларын анықтау, тауар санаттары, өңірлер мен жеткізушілер бойынша үстеме деңгейін бағалау жұмыстарына қатысты аналитикалық платформа әзірленіп жатыр.
Министрдің сөзінше бұған қоса азық-түлік қауіпсіздігі бойынша арнайы дэшбордтар енгізіледі. Бұл азық-түлік теңгерімін бағалап, тапшылық тәуекелдерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі виртуалды көмекші тестілеу сатысында.
Бұған қоса төмендегі жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде:
- Ұлттық стандарттар қоры жөніндегі виртуалды көмекші;
- Сынақтар жүргізу үшін зертханалық базаны таңдау жөніндегі виртуалды көмекші;
- Сауда ағындарын болжау модулі.
Жоғарыда аталған бастамаларды іске асыру нәтижесінде:
- 2029 жылға қарай саудадағы нақты көлем индексі 10 %-ға артады;
- жасырын экономиканың деңгейі жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,82 %-ға дейін төмендейді;
- көтерме және бөлшек саудадағы еңбек өнімділігі 141,8 %-ға өседі;
- 2027 жылға қарай тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тиімділікті 77,1 %-ға дейін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.07.2025, 17:58Шығыс Қазақстанға ШЫҰ елдерінің жастар делегациясы келді 31.07.2025, 18:21 67236Қазақстанда мәдени мұралар бойынша бірінші жартыжылдықтың қорытындысы шығарылды31.07.2025, 18:10 67231Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы аудит нәтижесінде мемлекет активтеріне 4,4 млрд теңге өтелді01.08.2025, 12:02 57856Қазақстанда "Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба" республикалық байқауы басталды31.07.2025, 17:04 56901Қатты қалдықтарды қайта өңдеу 2029 жылға қарай 40%-ға жетеді
10.07.2025, 17:09 100786Алматыда алаяқтықтың алдын алу туралы меморандумдарға қол қойылды10.07.2025, 17:04 97231Ақтөбе облысында жетім балалар тұрғын үйге кезекке қойылды09.07.2025, 17:15 93056Қазақстан ТЖМ құтқарушылары балалардың қауіпсіздігі үшін терезе блокираторларын орнатуда18.07.2025, 14:12 88626Қазақстандық су саласы мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды18.07.2025, 13:19 88516Қазақстанда жасанды интеллект құралдары мемлекеттік органдардың қызметіне енгізілуде