08.06.2021, 19:42 13247

16 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинақтары есебінен ипотеканы жапты

16 075 қарыз алушы бұрын банктерден алынған жалпы сомасы 62 млрд 41 млн теңгеге ағымдағы ипотекалық тұрғын үй қарыздарын толық өтеген.
НҰР-СҰЛТАН. 8 МАУСЫМ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану жөніндегі бастамасын орындау аясында 16 075 қарыз алушы бұрын банктерден алынған жалпы сомасы 62 млрд 41 млн теңгеге ағымдағы ипотекалық тұрғын үй қарыздарын толық өтеген. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.

47 133 қарыз алушы жалпы сомасы 144 млрд 53 млн теңгеге ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша берешекті ішінара өтеу үшін ЖБЕК пайдаланды. 8 889 қарыз алушы ЖБЕК қаражатын банктерден жалпы сомасы 150 млрд 361 млн теңгеге ипотекалық тұрғын үй қарыздарын алу үшін бастапқы жарна ретінде пайдаланды", - деп жазады Уәли.


Банктер бөлінісінде қарыз алушылардың ең көп саны "Отбасы Банк" АҚ-да байқалады - 37 228 қарыз алушы. ЖБЕК пайдалана отырып, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша берілген жаңа ипотекалық тұрғын үй қарыздарының сомасы 125 млрд 29 млн теңгені құрайды. Қарыз алушылардың саны бойынша келесі болып "Сбербанк" АҚ ЕБ – 11 483 қарыз алушы, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ - 9 488 қарыз алушы және "Банк "ЦентрКредит" АҚ - 8 432 қарыз алушы табылады. ЖБЕК пайдалана отырып, осы банктерде берілген жаңа ипотекалық тұрғын үй қарыздарының сомасы 23 млрд 167 млн теңгені құрайды.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны