29.04.2025, 17:56 94456
2025 жылы еліміздегі жол құрылысына 780 млрд теңгеден астам жұмсалмақ
2025 жылы еліміздегі жол құрылысына 780 млрд теңгеден астам жұмсалмақ, деп мәлім етті Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында "Қазавтожол" Басқарма Төрағасы Дархан Иманашев.
Биыл еліміздің көлік инфрақұрылымының маңызды бағыттарын қамтитын ауқымды жол-құрылыс маусымы басталады. Жол саласын жаңғырту мақсатында 8800 шақырым автомобиль жолдарында түрлі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың ОКҚ алаңында хабарлауынша, оның ішінде 2100 шақырымда құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары, 460 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары 6300 шақырымда орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Бұл жұмыстарды орындауға шамамен 10 мың бірлік жол-құрылыс техникасы, 27 асфальтбетон зауыты және 25 мың маман жұмылдырылады. Жобаларды іске асыру барысында 9,4 млн тонна асфальтбетон қоспасы, 12 мон текше метр қиыршық тас және 500 мың тонна битум қолдану көзделген.
Барлық жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 781 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған. 2025 жылғы жол-құрылыс маусымы аясында қайта жаңарту және құрылыс жобаларымен 2100 шақырым автожол қамтылмақ. Оның ішінде 1100 шақырымда 10 өтпелі жобаның құрылыс жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Аталған жобалардың аясында жолдарды абаттандыру, карьерлерді рекультивациялау, өндіріс базалары мен уақытша айналма жолдарды салу бойынша негізгі жұмыстар аяқталуда. 1 мың шақырымда 7 жаңа жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Олар: Қарағанды - Жезқазған, Ақтөбе - Ұлғайсын, Атырау - Доссор, Қызылорда, Рудный, Сарыағаш және Петропавл қалаларының айналма жолдары", - деді спикер.
2025 жылдың басым жобалары ретінде Қалбатау - Майқапшағай және Қызылорда - Жезқазған автожолдарын қайта жаңарту учаскелері анықталған. Жылдың соңына дейін жоспарланған 2100 шақырым жолдың 1100 шақырымында негізгі жұмыстарды аяқтау көзделген.
Күрделі жөндеу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 460 шақырымды құрайтын 47 нысан қамтылмақ. Бұл жұмыстарға 8,5 млрд теңге қаржы көзделген. Жыл соңына дейін 174 шақырымды құрайтын 5 учаскені пайдалануға беру жоспарда бар. Сондай-ақ 6300 шақырымды құрайтын 233 нысанда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қаржыландыру көлемі - 203 млрд теңге. Құрылыс маусымының аяғына дейін кемінде 2 мың шақырым автожол пайдалануға берілмек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.05.2025, 17:03 7806
Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан теміржолшылары жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуды талқылады
Қазақстанда Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан теміржол әкімшіліктері өкілдерінің үшжақты жұмыс кездесуі өтті, онда жүк тасымалдау көлемін ұлғайту және Оазис (Тәжікстан) және Сарыағаш (Өзбекстан) мемлекетаралық түйісу пункттеріндегі (МАТП) процестерді оңтайландыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Іс - шараға "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Ербол Түсіпов, "Узбекистан темир йуллари" АҚ тасымалдауды ұйымдастыру департаментінің бастығы Абдували Кодиров және "Рохи охани Точикистон" МУК тасымалдау қызметінің бастығы Раджабмурад Одинаев бастаған делегациялар қатысты.
Тараптар 2024 жылғы тасымалдау қызметінің оң нәтижелерін атап өтті, атап айтқанда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі 11,5 млн тоннаны құрады.
Сарыағаш МАТП арқылы пойыздардың орташа тәуліктік берілуі 2025 жылдың алғашқы төрт айында 26 құрамды құрады. Сондай-ақ, ҚХР-Орталық Азия бағытындағы контейнерлік тасымалдар үлесінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104% ұлғаюы байқалды, бұл 144 контейнерлік пойызға тең.
Кеңесте жүктерді уақтылы қабылдау мен әкетуді қамтамасыз ету, контейнерлік тасымалдар үлесін ұлғайту қажеттілігіне баса назар аударылды.
Келіссөздер достық рәуіште және сындарлы жағдайда өтті, кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2025, 11:06 14561
Павлодар облысының экожүйесін сақтауға Ертіс өзені арқылы 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан Павлодар облысы аумағындағы Ертіс өзенінің жайылымына 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл жұмысты Су ресурстары және ирригация министрлігі табиғатты қорғау мақсатында жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ертіс өзенінің жайылмалы аумағындағы флора мен фаунаның тіршілік ету ортасын және табиғи өнімділігін сақтау үшін жыл сайын су жіберіліп тұрады. Бүгінгі таңда өзеннің орта ағысындағы балықтардың уылдырық шашатын табиғи аймақтары су астында қалды. Сондай-ақ су жіберу Ертіс өзенінің арнасын тазалауға да бағытталған.
Қазір Павлодар облысындағы гидробекеттерде су деңгейінің көтерілгені және Ертіс өзенінің жайылымды аумақтарын су басқаны байқалып отыр. Сондай-ақ Павлодар облысында Шідерті өзенінің жайылымына да табиғатты қорғау мақсатында су жіберіліп жатыр. Бүгінгі таңда К. Сәтбаев атындағы каналдан 60 млн текше метрден астам су бағытталды.
Екібастұз қаласы мен Ақтоғай ауданының ауылдық аумағындағы флора мен фаунаны сақтауға, сондай-ақ Әулиекөл көлдер жүйесі, Басентин және Шығанақ көлдерін толтыруға жалпы көлемі 120 млн текше метр су бағыттау жоспарланып отыр.
Бүгінде Екібастұз қаласының ауылдық аймағындағы 9 мың гектардан астам көлтабандар суға толды. Жалпы алғанда 21 мың гектардан астам алқапқа су жіберу жоспарланған. Табиғатты қорғау жұмыстары басталғаннан бері Шығанақ көліне 10 млн текше метр су келді.
Табиғатты қорғау мақсатында жіберілетін су тек қоршаған ортаны және өңірдің табиғи байлығын сақтауға көмектесіп қана қоймайды. Бұл ауыл шаруашылығының, мал шаруашылығының және жалпы Павлодар облысы экономикасының дамуына ықпал етеді. Ал бұл жергілікті халықтың тұрмысына оң әсерін тигізеді",- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 18:58 116286
"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті
Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті, деп хабарлайды Самұрық-Қазынаның баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша оң серпін байқалатыны айтылды.
Нұрлан Жақыповтың айтуынша, "Самұрық-Қазына" Қытайдың жетекші компанияларымен белсенді және табысты жұмыс істеп келеді. Ол қытайлық серіктестерді 29-30 мамыр күндері өтетін Астана халықаралық форумына (AIF) қатысуға шақырды.
Тараптар ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жоспарланған сапарын және "С5+Қытай" саммитін талқылады.
Өткен жылы Қытай басшысының Астанаға сапары аясында, Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 7-ші отырысы өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 3,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 45 құжатқа қол қойылды.
Кеңестің кезекті отырысын ШЫҰ аясында Қытайда өткізу жоспарлануда. Бұл кеңес 10 жылдан астам табысты жұмыс істеп келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 18:01 115966
Қазақстан мен Ұлыбритания аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстан мен Ұлыбритания аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Екі ел ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуда. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 11-отырысына қатысты.
Отырыс барысында тараптар аграрлық саладағы өзара ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдіріп, бірқатар маңызды келісімдерге қол қойды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша тауар айналымы 50 миллион АҚШ долларын құрады. Біз бұл көрсеткішті едәуір арттыруды көздеп отырмыз. Келіссөздер аясында нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді", - деді Ермек Кенжеханұлы.
Кездесу аясында аграрлық ғылым, экспорт және өнімді өңдеу, сондай-ақ озық агротехнологияларды трансферлеу бағыттарын қамтитын ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың жол картасына қол қойылды. Сонымен қатар, су ресурстарын басқару және биопрепараттарды (оның ішінде AstraZeneca фармацевтикалық компаниясының қатысуымен) жергілікті өндіріске енгізу бойынша меморандумдарға да қол қойылды.
Аталған келісімдер ауыл шаруашылығының орнықты дамуына, сондай-ақ саланың климаттық өзгерістерге бейімделу әлеуетін арттыруға бағытталған.
Вице-министр британдық агротехнологияларды енгізу және инвестиция тарту - Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретініне назар аударды.
Қазақстандық делегацияны отырыста ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алибек Қуантыров басқарды. Іс-шараға екі елдің салалық министрліктерінің, ұлттық компаниялары мен жеке сектор өкілдері қатысты.
Үкіметаралық комиссия Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудың маңызды тетігі болып қала береді. Бұл комиссия қол жеткізілген уағдаластықтардың жүйелі түрде іске асырылуына және стратегиялық әріптестіктің жаңа бағыттарының дамуына ықпал етуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 17:45 116616
Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады
Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамыр күні демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу болады, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
9 мамыр күні сағат 22:00-де отшашу екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ және Атырау көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде 4 мыңға жуық оқ атылады.
Еске салайық, Астанада 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Жеңіс күнін мерекелеуге арналған 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланған. Олардың арасында концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, спектакльдер, т.б. бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 14:24 127126
Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті
Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.
2020 жылғы 15 мамырдағы "Todini Impregilo Kazakhdorstroy" бірлескен кәсіпорын (бұдан әрі - Талапкер) шеңберінде жұмыс істейтін Todini Costruzioni Generali S.p.A., WeBuild S.p.A. және "Казахдорстрой" ЖШС компанияларынан тұратын бірлескен кәсіпорын Халықаралық сауда палатасы (ICC) жанындағы Халықаралық төрелік сотқа Қазақстан Республикасында Алматы - Хоргос автожолын салу жобасы бойынша дауларға байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне (бұдан әрі - Комитет) қарсы төрелік туралы өтініш берді.
Істі қарау шеңберінде Талапкер Комитетке құрылыс мерзімдерін ұзартуға, кедендік баждар мен салықтарды төлеуге, теңгенің инфляциясына, құнының өзгеруіне, су өткізгіш трубаларды қайта толтыруға, жол пайдалану пунктінің құрылысын тоқтатуға және қаржылық шығындарға байланысты шығыстарды қоса алғанда, жалпы сомасы шамамен 50 миллион АҚШ доллары көлемінде шағым түсірді.
2025 жылғы 14 сәуірде Париждегі ICC Халықаралық төрелік сотында құрылған Трибунал Комитеттің пайдасына түпкілікті шешім шығарды. Талапкерлердің барлық талаптары толығымен қабылданбады.
Сонымен қатар, Трибунал Комитеттің қарсы талабын қанағаттандырып, Талапкерлерге жұмыс мерзімін ұзартқаны үшін өтемақы ретінде бұрын төленген соманы қайтаруға міндеттеді. Сондай-ақ, Трибунал Комитет жеңіске жеткен тарап ретінде өзінін сот және төрелік шығындарын толық өтеуге құқылы екенін мойындады.
Осы істі Комитеттің өкілдігі мен мүдделерін қорғауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырды. Консультант ретінде Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP халықаралық заң фирмасы тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 14:09 127981
Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚҰБ) 2025 жылғы 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады. Банкноталардың таралымы 5 миллион данамен шектелген, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
9 мамыр - бүкіл әлем үшін айтулы күн. Қазақстан Жеңіске қомақты үлес қосты. Республикадан 1,2 миллионға жуық адам жұмылдырылды, бұл сол кездегі жалпы халықтың шамамен - 20%-ы. Отандастарымыз жаяу әскерде, танк бөлімшелерінде, авиация мен флотта ерлікпен шайқасты. Қаһарман отандастарымыздың ерлігіне құрмет таныту үшін Ұлттық Банк ұлттық валютада мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарғалы отыр.
Мерейтойлық банкнотаның дизайны туралы
Банкноталардың түсі - қоңыр-сарғылт.
Алдыңғы бетінде:
- Даңқ мемориалы бейнеленген, Отан үшін жан қиған батырларға көрсетілген құрмет белгісі - 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан.
- Микро-оптикалық қорғаныс жолағы. Банкнота бұрышын өзгерткен кезде жолақта тереңдіктің, көлемнің және жылтырдың үш өлшемді әсері, сондай-ақ мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан тырналар көрінеді. Тырналар силуэті - жақсылық пен үміттің бейнесі - өмірді суреттейді.
Екінші бетінде:
- тарихи мұрағаттық фотосуреттердің үзінділерімен Қазақстан картасы бейнеленген. Суреттерді www.kfdz.kz Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап комитетінің "Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбыс жазбалары архиві" РММ ұсынды.
- ерлік, табандылық пен батырлықтың символы ретінде Отан соғысы ордені бейнеленген.
Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 13:41 116846
ҰОС ардагерлеріне Жеңіс күніне біржолғы материалдық көмек түрінде 545 млн теңге төленді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты. Биыл Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне 109 ардагерге жалпы сомасы 545 млн теңгеге біржолғы материалдық көмек төленді. ҰОС-да Жеңіске үлес қосқан өзге де санаттардағы азаматтарға да 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Вице-министр биылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) 105 ардагері, сондай-ақ ҰОС Жеңісіне үлес қосқан 40 707 азамат тұратынын айтты. Олардың ішінде: Қоршаудағы Ленинград тұрғындары - 64 адам; концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары - 129 адам; ҰОС кезінде алған жарақаты, контузиясы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары - 1 638 адам; ҰОС-да қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері - 2 адам; тыл еңбеккерлері - 38 874 адам.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан барлық ардагерлерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Өз елінің тарихын білу және құрметтеу, сондай-ақ келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін Жеңісті жақындата отырып, майданда соғысқан және тылда еңбек еткен ардагерлеріміздің жасаған ерліктерін ұмытпау әр адамның міндеті.
80 жыл бойы ардагерлерге қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Қарттарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жүзеге асырылуда", - деді Олжас Анафин.
Жыл сайын зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғаяды. Азаматтардың 19 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ақталған азаматтар және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады.
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҰОС ардагерлері алатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері 271 802 теңгені, ал ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері алатын орташа жиынтық мөлшері 179 800 теңгені құрайды.
Қазіргі кезде әскери қызметшілер пайдаланатын құқықтар мен кепілдіктердің барлығы ардагерлеріміз үшін де жарамды. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, оларға Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторий-курорттық емдеу ұсынылады.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар бюджеттік және тартылған (демеушілік) қаражат есебінен ардагерлерге мерекелік (атаулы) күндерге, тұрғын үйге жөндеу жүргізу, отынмен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек түрінде қосымша әлеуметтік қолдау шараларын, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және қоғамдық көлікте жол жүру бойынша жеңілдіктерді және т.б. көмек түрлерін көрсетеді.
Бұдан басқа, жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша бюджет мүмкіндіктеріне қарай әр өңірде жеке белгіленетін біржолғы материалдық көмек беру жыл сайынғы дәстүрге айналды.
Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне бүкіл ел бойынша жергілікті атқарушы органдар ҰОС ардагерлеріне бірыңғай мөлшерде - 5 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетті", - деді Олжас Анафин.
ҰОС Жеңісіне үлес қосқан азаматтардың өзге де санаттарына 9 мамырға дейін келесідей мөлшерде біржолғы материалдық көмек көрсетілді:
- Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына - 60-тан 200 мың теңгеге дейін (64 адам);
- концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына - 98-ден 200 мың теңгеге дейін (129 адам);
- мүгедектігі бар қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің жұбайларына - 50-ден 150 мың теңгеге дейін (1638 адам);
- ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлеріне - 50 мың теңге (2 адам);
- тыл еңбеккерлеріне - 50-ден 200 мың теңгеге дейін (38 874 адам).
Сонымен бірге жергілікті бюджет қаражаты есебінен биыл әлеуметтік көмектің басқа да түрлері ұсынылатын болады, оның ішінде:
- коммуналдық қызметтерге ақы төлеуді өтеуге (2,6 млрд теңгеге 193 749 адам);
- тұрғын үйді жөндеуге көмек (21,5 млн теңгеге 61 адам);
- отын сатып алу үшін (14,5 млн теңгеге 342 адам);
- қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері (4,1 млрд теңгеге 209 837 адам);
- дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша (48,5 млн теңгеге 2 856 адам);
- тіс протездеуге (441,9 млн теңгеге 3 456 адам);
- азық-түлік жиынтығы (103,9 млн теңгеге 9 551 адам).
ҰОС ардагерлеріне және Ұлы Жеңіске үлес қосқан басқа да санаттарға жататын азаматтарға Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне мерейтойлық медальдар табыс етілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.05.2025, 11:06Павлодар облысының экожүйесін сақтауға Ертіс өзені арқылы 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді 12.05.2025, 17:03 7546Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан теміржолшылары жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуды талқылады12.05.2025, 09:53 75264 айда шамамен 3,5 тонна есірткі заттары тәркіленді12.05.2025, 13:11 7166Семей қаласында темекі өнімдерін ірі көлемде заңсыз айналымға түсірген трансұлттық топтың мүшелеріне қатысты айыптау үкімі шығарылды12.05.2025, 10:46 5451Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 6%-ды құрады
08.05.2025, 14:09 127721Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады08.05.2025, 14:24 126866Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 11:47 123856Президент "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды08.05.2025, 09:44 117216Үкімет "Бәйтерек" холдингін капиталдандыруды 1 трлн теңгеге ұлғайтуда: Қазақстанда қандай жобалар іске асырылуда08.05.2025, 13:41 116586ҰОС ардагерлеріне Жеңіс күніне біржолғы материалдық көмек түрінде 545 млн теңге төленді
18.04.2025, 07:08 1621812025 жылдың сәуір айының 15-ші жұлдызында "Almaty Theatre" концерт залында "Көкіл" мектебінің 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті18.04.2025, 12:56 159781Алматыда "Ялян", "Алатау", "Сәлем" және "Байсат" базарларында 100-ден астам стихиялық сауда нүктелері жойылды17.04.2025, 13:37 149636Алматыда жасыл желектерге биологиялық өңдеу жүргізіледі30.04.2025, 16:47 133381Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады30.04.2025, 17:03 132651Арнаулы мемлекеттік қордан Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория салуға қаражат бөлінді