04.04.2025, 13:09 79976

66,7 мың қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды

2025 жылдың басынан бері 66,7 мың азамат, оның ішінде 27,9 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі - Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 582,5 мың қазақстандық тіркелген, оның 83,8 мыңы - 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 477,6 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Оқудан өткен 27,9 мың жұмыссыз азаматтың 7,3 мыңға жуығы негізінен Ақтөбе, Түркістан облыстары және Шымкент пен Алматы қалаларының жастары.

Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 876 курс жариялады, оның 319-ы тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.

Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Наурыз айындағы ең көп сұранысқа ие курстар - "Твой карьерный старт: как использовать "Электронную биржу труда", "Построение отдела продаж в отеле", "Страховой агент", "Кассир" және "Продавец".

Платформада қаржы және бухгалтерлік есеп, ауыл шаруашылығы және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және "өмір бойы оқыту" тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс - қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) "Онлайн оқыту" бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.

Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.

Білім алушы үшін артықшылықтар: кеңейтілген курстарды іздеу, сабақтың түсінікті құрылымы, оқу процесін бақылау және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесу. Пайдаланушылар үшін жасанды интеллект көмегімен чат-бот қол жетімді, ол жылдам іздеуді және қызығушылық тудыратын сұрақтарға жауап алуды қамтамасыз етеді.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты - білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарының ұсыныстары қосылды.

Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны