07.03.2022, 17:15 23051
ҚР Президенті әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтады
Қымбатты ханымдар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осынау шуақты көктем мерекесі әсемдік пен әдеміліктің, мейірім мен махаббаттың символына айналды. Халқымыздың «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөзінің терең мән-маңызы бар", - деп айтты Президент.
Қазақстанда әйелдерге барлық жағдай жасалған. Олар білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт, өндіріс пен құқық қорғау және басқа да салаларда табысты еңбек етуде. Мемлекеттік органдар мен ірі компанияларда басшылық қызмет атқаратын немесе бизнес саласында кәсібін өркендетіп жүрген әйелдеріміз аз емес. Қыз-келіншектер еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де белсене атсалысуда.
Өскелең ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беру ісінде әйелдер айрықша рөл атқарады. Асыл аналардың еңбегі қандай құрметке де лайық", - деп қосты Тоқаев.
Кез-келген істе әйелдердің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі айқын аңғарылады. Олар барлық ортада үндестік пен үйлесімді, өзара түсіністік пен татулықты нығайтуға ұйытқы болады.
Біздің еліміз саяси өзгерістер мен жүйелі жаңғыру кезеңіне қадам басты. Осы орайда, әйелдер қауымының жасампаздық қасиеті мен күш-қуаты Жаңа Қазақстанның ілгерілеуіне септігін тигізеді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!", - деп айтты мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.07.2025, 18:14 3296
Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды
Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.
Көлік-логистика секторының ІЖӨ-дегі үлесін ұлғайту мақсатында министрге кедергі келтіретін факторларды сараптап, саланы дамыту тәсілдерін қайта қарау міндеті жүктелді.
Мемлекет басшысы көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-логистика торабы ретіндегі рөлін нығайту үшін жан-жақты әрі тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 18:11 3576
Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде елімізде энергетикалық инфрақұрылымды жүйелі жаңғырту жүргізілуде. Үкімет қаулысымен Ақмола облысы Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялау үшін резервтен шамамен 2,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Құжатқа сәйкес, Үкімет резервінен бөлінген қаражат жедел реконструкциялауды қажет ететін диаметрі 530 мм болатын 6,5 шақырым жылу желілерін жөндеуге бөлінген.
Степногорск қаласының жылу желілерінің ұзындығы 123,8 шақырым. Магистральдық жылу желісі 1968 жылы салынған және тозу деңгейі 84,4%-ды құрайды.
Келешекте "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде 2025-2026 жылдары 5,8 млрд теңге сомасына ұзындығы 9,5 шақырым, диаметрі 820 мм болатын магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Бұл жұмыстарды жүргізу алдағы жылыту маусымына уақтылы дайындалуға, күрделі апаттардың алдын алып, үйлерге жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, Степногорск қаласының халық саны шамамен 46 мың адамды құрайды. Қаладағы көп қабатты үйлер саны - 316, әлеуметтік нысандар - 65, басқа тұтынушылар - 342. Барлық тұрғын үйлер мен нысандар орталықтандырылған жылытуды тұтынушылар болып cаналады, жалпы максималды жылу жүктемесі - 175 Гкал.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 13:43 13346
"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды
СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы болып Асылбеков Нұрлыбек Әбибуллаұлы тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
СҚ-Фармация" ЖШС-не тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасын басқарды.
Нұрлыбек Асылбеков 1966 жылы 24 маусымда дүниеге келген. 1990 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент қаласындағы филиалын; 2003 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын; 2006 жылы - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институтын бітірген. "Провизор", "Заңгер", "Экономист" мамандықтары бойынша.
Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының "Фармация" АҚ-да провизор-технолог және бас маман болып бастаған.
2002 жылдан 2020 жылға дейін - ҚР ДСМ Фармацевтикалық бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы, Алматы қаласы және Астана қаласы бойынша басқармалары мен департаменттерін басқарды.
2007 жылдан 2009 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
Содан кейін әр жылдары Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде, Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінде, Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінде төрағаның орынбасары лауазымдарын атқарды. Сондай-ақ ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы бас директорының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
СҚ-Фармация" дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьюторды құру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі 2009 жылғы 11 ақпанда қабылдады. Компанияға тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу бойынша бірыңғай оператор функциялары жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 13:38 13556
ҚТЖ Басқарма Төрағасы тағайындалды
ҚТЖ Басқарма Төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Самұрық-Қазына" АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жаңа Басқарма Төрағасы - бұрын басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Талғат Сағиұлы Алдыбергеновті ұжымға таныстырды.
Талғат Алдыбергенов темір жол саласында 35 жылдан астам тәжірибесі бар. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару" мамандығы бойынша үздік бітірген, РХШМҚА-ның экономика магистрі (Ресей) (қызыл диплом), экономика ғылымдарының кандидаты.
Жұмысшы лауазымдарынан топ-менеджментке дейінгі жол:
1992-1998 жылдары-Батыс Қазақстан темір жолындағы жұмыс: тауар кассирі, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол коммерциялық ревизоры.
1998-2007 жылдары - "Қазақстан Темір Жолы" АҚ "Фирмалық көліктік қызмет көрсету орталығы" РМК МКД Ақтөбе филиалының басшысы, "Қазтранссервис" МКД директоры, "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖАҚ көліктік логистика департаментінің директоры.
2008-2019 жылдары - "Кедентранссервис" АҚ президенті, "АвтоГазАлматы" ЖШС Бас директоры, "Kazakhmys Maker" ЖШС басқарма төрағасы.
2024 жылдан - "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 13:32 13781
Ұлттық компаниялар пайдаланылмаған қаражатты жыл соңында бюджетке қайтарады - ЖАП
Ұлттық компаниялар пайдаланылмаған қаражатты жыл соңында бюджетке қайтарады, деп хабарлайды ЖАП-ның баспасөз қызметінен.
Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталды қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бөлінген, бірақ қаржы жылының соңында пайдаланылмай қалған бюджет қаражатын қайтару механизмі бекітілді.
Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері қажетті шараларды қабылдады. Нәтижесінде Мемлекет басшысы биыл 15 наурызда қол қойған жаңа Бюджет кодексінде тиісті норма бекітілді.
Бұл қадам мемлекет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ұлттық компаниялардың шоттарында "қажетсіз бос жатудың" орнына қаржы бюджетке қайтарылады. Нәтижесінде қаражат анағұрлым маңызды және шұғыл міндеттерге, мысалы, ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталуы мүмкін.
Мұндай тәсіл бюджет қаражатын мақсатсыз немесе тиімсіз пайдалану тәуекелін азайтуға, ашықтық пен есептілікті күшейтуге мүмкіндік береді. Квазимемлекеттік сектор ұйымдары бөлінген ресурстарды жоспарлау мен жұмсауға жауаптылықпен қарайтын болады, себебі пайдаланылмаған қалдық енді жыл соңында міндетті түрде қайтарылуы тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 10:16 18101
Қазақстан премьері мен қытай компаниясының басшысы қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты талқылады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық "Хунань Цзюньсинь Хуаньбао" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді. Онда "жасыл" энергетика және қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Хунань Цзюньсинь Хуаньбао" - Қытайдың жасыл технологиялар саласындағы көшбасшыларының бірі. Кездесу барысында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары қаралды.
Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық жаңғырту мен орнықты дамудың маңыздылығына баса назар аударып отырғанын атап өтті. Қазақстан "жасыл" трансформацияны мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде қарастырады. Бүгінгі таңда елімізде Waste to Energy тетігі бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық база бар. Үкімет осы саладағы халықаралық технологиялық компаниялармен ынтымақтастыққа ашық.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимылға мүдделілігін жеткізді және серіктестік қатынастарды кеңейту әлеуетін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 09:06 18386
Қайтарылған активтердің 45 млрд теңгеден астамы СҚО сумен жабдықтауды дамытуға жұмсалады
Арнаулы мемлекеттік қордан Солтүстік Қазақстан облысының ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры инфрақұрылымын дамытуға 45 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бұл қаражат есебінен өңірдің сумен жабдықтау жүйесін жақсартуға бағытталған 48 жоба жүзеге асырылады. Олардың қатарында Соколов, Булаев және Преснов топтық су құбырларын реконструкциялау, сондай-ақ Айыртау және Шал ақын аудандарындағы ауылдарды Көкшетау топтық су құбырына қосатын жаңа су құбырлары мен су тарту тармақтарын салу жобалары бар.
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдарда барлық жұмыс аяқталғаннан кейін халық сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда еліміздегі ең ұзын топтық су құбырлары Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Олардың жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асады. Осы құбырлар арқылы 175 мыңнан астам тұрғыны бар 229 ауыл ауыз сумен қамтылып отыр. Петропавл қаласының тұрғындары 100%, ал ауылдардағы халық 97,5% сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.07.2025, 17:00 36241
Үштөбе жылу желілерін жөндеуді аяқтау үшін шамамен 210 млн теңге бөлінді
Үкімет резервінен Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 210 млн теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
30 мың халқы бар Үштөбе қаласын орталықтандырылған жылумен қамту "Жылыту орталығы" ЖШС-ның орталық қазандығы арқылы жүзеге асырылады. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 15,3 шақырым.
2024 жылы қаланың жылу жүйесінің қуатын арттыру үшін қуаты 12 Гкал/сағат болатын блок-модульді газ қазандығы орнатылды. Оның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ұзындығы 1,7 шақырым болатын, тозу деңгейі 50%-ға жеткен магистральдық жылу трассасын жаңғырту қажеттілігі туындады.
Жобаның құны 870 млн теңге, оның 70%-ы республикалық бюджеттен және 30%-ы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
Бүгінгі таңда жұмыстардың 76%-ы аяқталды. 1,7 шақырым жылу желілерінің 1,3 шақырымы тартылды. Осы жылдың тамыз айына қарай реконструкциялауды толық аяқтау жоспарлануда.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Үштөбе қаласының тұрғындары 349 абонент, оның ішінде 282 тұрғын үй мен 67 заңды тұлға үздіксіз жылумен жабдықтауға қол жеткізе алады. Авариялық жағдайлар мен технологиялық бұзушылықтардың туындау қаупі азаяды, орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігі артады.
Тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз ету инфрақұрылымдық дамудың маңызды элементі болып саналады. Мұндай жобаларды жүзеге асыру өңірлерде өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.07.2025, 09:06Қайтарылған активтердің 45 млрд теңгеден астамы СҚО сумен жабдықтауды дамытуға жұмсалады 03.07.2025, 10:16 17316Қазақстан премьері мен қытай компаниясының басшысы қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты талқылады03.07.2025, 13:32 12996Ұлттық компаниялар пайдаланылмаған қаражатты жыл соңында бюджетке қайтарады - ЖАП03.07.2025, 13:38 12771ҚТЖ Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 13:43 12561"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды
27.06.2025, 17:56 107186Үйлер, пәтерлер, қымбат автокөліктер мен ақша: Қазақстанға 1,15 трлн теңгеден астам активтер қайтарылды27.06.2025, 18:05 106811Минскідегі ЖЕЭК отырысы: Мемлекет басшылары экономикалық интеграцияны дамыту перспективаларын талқылады27.06.2025, 11:50 96846Мария Мудряк Қытайда өнер көрсетеді27.06.2025, 11:48 96126Алматы әкімі Hyundai Trans Auto зауытының жұмысымен танысты27.06.2025, 09:32 95551Қостанай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар үшін 1 млрд теңге бөлінді
04.06.2025, 14:09 150871Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды05.06.2025, 17:53 136116Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті05.06.2025, 17:14 134851Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты13.06.2025, 15:35 1265662025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды13.06.2025, 15:21 125791Ақмола облысы прокуратурасымен 1 топтағы мүгедектің құқықтары қорғалды