09.04.2021, 20:43 12336

Тоқаев Жайсанбаевты Президент әкімшілігінде бөлім меңгерушісі лауазымына тағайындады

Бұған дейін бұл қызметті Нұрлан Сауранбаев атқарды. Жақында ол "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
НҰР-СҰЛТАН. 9 СӘУІР - Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісін тағайындау туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін бұл қызметті Нұрлан Сауранбаев атқарды. Жақында ол "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны