23.11.2021, 20:25 38422
Алексей Цой қауіпті вирустары бар зертхананың құрылысы туралы түсінік берді
Сурет: Associated Press
Қазір аталмыш мәселе талқыланып жатыр. Ондай зертхананың қаншалықты қажет екені зерделенеді. Қалай болғанда да зертхана толық Қазақстанның басқаруында болады", - деді министр Үкімет отырысының кулуарында.
Алексей Цой зертхана салу мәселесі оң шешімін тапса, құрылыс бюджет есебінен қаржыландырылатынын атады.
Қанша қаражат керек екені әзірге белгісіз. Қазір бізде "BSL-3" стандартты зертхана бар. COVID-19 секілді инфекциялардың штамдары осы нысанда зерттеледі. Осындай зертханамыз бар болғанның арқасында коронавирусқа қарсы вакцинаны жылдам жасап шығарған едік. Қалыпты зертханаларда аса қауіпті штамдарды зерттеу мүмкін емес. Өйткені аса жұқпалы инфекция болғандықтан, тәуекелі жоғары. Зерттеуге қатысатын адамдардың қауіпсіздігі үшін нақты талаптары бар. Қорғаныс костюмдері, ауаны тазартып тұратын жүйе болуы шарт. Сондықтан "BSL-4" стандартты биологиялық зертхана салу мәселесі әлі талқыланып жатыр", - деді ведомство басшысы.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.06.2025, 10:46 3996
Еркін Тұқымов ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі болып тағайындалды
Еркін Тукумов ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды", деп көрсетілген хабарламда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2025, 10:43 4216
Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры тағайындалды
Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2025, 09:39 4551
Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1,5 млрд текше метрден астам су жіберілді
Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып, биыл сәуірдің соңына дейін жүргізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Су Созақ ауданына ақпан айында жетті. Қажетті көлемді қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Қырғыз Республикасындағы әріптестерімен бірнеше келіссөз жүргізді.
Су ресурстары және ирригациясы министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша "Қазсушардың" Жамбыл филиалы мен Шу-Талас бассейндік инспекциясының мамандары Шу өзені аңғарында мониторинг жүргізіп, табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарының нәтижесімен танысты. Жұмыс тобы Созақ ауданымен қатар, Жамбыл облысының Шу, Мойынқұм және Сарысу аудандарына да барды.
Мұндай көлемдегі су Созақ ауданына соңғы бес жылда алғаш рет жетіп отыр, сол себепті жергілікті тұрғындар министрлікке алғыс білдіріп жатыр.
Аудан халқы атынан судың жеткізіліп жатқанына қуанышты екенімізді айтқым келеді. Аптап ыстыққа қарамастан, суды жеткізу бағытындағы жұмысты жалғастырып, өздеріңіз жергілікті жерлерге шығып, жағдайды бақылап отырғандарыңызға алғыс айтамыз", - деді Созақ ауданының тұрғыны Ришат Таңатов.
Биыл сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен Шу өзенінен су Созақ ауданына жіберілетін Фурманов айналма каналын тазарту жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 15:35 96426
2025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
2025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ:
- жалған инвестициялық жобалар туралы ақпарат таратқан 7 мыңнан астам интернет-сайт бұғатталды;
- жалпы аудиториясы 276 мың адамды құраған Instagram және Telegram желілеріндегі 43 заңсыз чат жабылды;
- 86 мыңнан астам азаматты тартқан 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды;
- 19 қаржы пирамидасына қатысты 46 сотқа дейінгі тергеу аяқталды;
- 12,5 млрд теңге сомасына мүлікке тыйым салу арқылы келтірілген шығынды өтеу қамтамасыз етілді.
Айта кету керек, 2021 жылдан бері 100-ден астам қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған.
227 ұйымдастырушы нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 15:21 96881
Ақмола облысы прокуратурасымен 1 топтағы мүгедектің құқықтары қорғалды
Бұланды аудандық сотының шешімімен мүгедектігі бар адамнан талапкердің пайдасына 1 млн теңге мөлшерінде негізсіз байыту сомасы өндірілд, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Алайда, сот талқылауы барысында талапкер де, жауапкер де бір-бірін білмейтіндігі, олардың арасында қандай да бір шарттық және өзге де қатынастар жоқ екендігі анықталды.
Сонымен қатар, жауапкер 1-топтағы мүгедек болып табылады, балалар церебральды сал ауруы диагнозы қойылған, денсаулығына байланысты өз бетінше шешім қабылдай алмайды.
Осыған байланысты, Бұланды ауданының прокуроры сот шешіміне апелляциялық өтініш енгізді.
Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарды.
Осылайша, 1-топтағы мүгедектің материалдық мүдделері қорғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 15:16 97136
Тоқаев: медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және олардың мәртебесін көтеру - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент жиналған қауымды Медицина қызметкері күнімен құттықтап, осы мерекеге орай дәрігерлермен Ақордада алғаш рет кездесіп отырғанын әрі бұл жиынның мән-мағынасы ерекше екенін атап өтті.
Халқымыз "Бірінші байлық - денсаулық" деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, ұлт саулығы - еліміз үшін аса маңызды құндылық. Әлемнің "екінші ұстазы" - Әл-Фараби медицинаны өнер деп бағалаған. Расында, дәрігер болу - жүректің ісі. Бұл - екінің бірі аяқ баса бермейтін жүгі ауыр, күрделі жұмыс. Медицина қызметкерлері - ұлт саулығының сақшылары, ең қадірлі мамандық иелері. Әсіресе, жаһандық індет, яғни, ковид кезінде бүкіл ел дәрігерлердің адал қызметіне куә болды. Күрделі кезеңде медицина мамандары мыңдаған адамды құтқарып қалды. Біз абзал жандардың табанды еңбегін бағалаймыз. Олардың қайсарлығын мақтан тұтамыз. "Бір адамның өмірін құтқару барша адамзатты құтқарумен бірдей". Дәрігерлер ота кезінде, аурухана палатасында күн сайын ерлік жасайды десек, артық болмайды. Жедел жәрдем көлігінде адам өміріне араша түсетін сәттер болады. Сондықтан сіздер, құрметті медицина қызметкерлері, бейбіт күннің батырлары деген атқа лайықсыздар. Мен барша медицина мамандарына зор ризашылығымды білдіремін", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ дәрігерлері қай кезде болсын, ел мүддесін бәрінен биік қоя білгенін, ұлт қайраткерлері Халел Досмұхамедов пен Санжар Асфендияровтың белгілі дәрігер болғанын, олар халқымыздың азаттығы үшін де, саулығы үшін де аянбай күрескенін атап өтті.
Мемлекет басшысы елімізде медициналық туризм қарқынды түрде дамып келе жатқанын жеткізді. Жыл сайын 45 мемлекеттен шамамен 10 мың адам Қазақстанға емделу үшін арнайы келеді. Бұл еліміздегі дәрігерлік көмектің сапасы жоғары екенін көрсетеді.
Бүгінде көптеген ауруханаларымыз халықаралық аккредиттеуден өткен. Нейрохирургия мен Кардиохирургия ұлттық орталықтары әлемдік клиникалар деңгейінде жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетеді. Қазақстандық дәрігерлер жүрекке жыл сайын мыңдаған ашық операция жасайды. Емделушілердің қатарында тіпті, жаңа туған нәрестелер де бар. Елімізде органдарды трансплантациялау ісі жоспарлы түрде дамып келеді. Жуырда жүрек ауыстыруға арналған жүзінші ота сәтті өтті. Биыл алғаш рет бір мезетте үш адамға үш донордың бүйрегін тоғыспалы трансплантация тәсілімен салды. Өздеріне сәйкес келетін органдарды алу үшін пациенттер бір-біріне донор болды. Мұндай күрделі операциялар дүние жүзінде алты елде ғана жасалады. Онкологиялық ауруларды емдеуге сәуле терапиясының озық әдістері қолданылып жатыр. Былтырдан бері елімізде мүлде жаңа бағыт - фетальді медицина дами бастады. Яғни, бұл - ана құрсағындағы шаранаға операция жасау деген сөз. Мұндай бірегей медициналық көмек көптеген баланың дүниеге дені сау болып келуіне мүмкіндік сыйлайды. Сирек кездесетін сырқаты бар адамдарды емдеу мен денсаулығын жақсартуға ерекше мән берілуде. Мемлекеттің алдында мұндай науқастарды шетелдік қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету секілді күрделі міндет тұр. Осы орайда менің ұсынысым бойынша құрылған "Қазақстан халқына" қоры үлкен қолдау көрсетіп отыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы еліміздің фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға айрықша назар аударатынын айтты.
Ірі халықаралық инвесторларды тарта отырып, стратегиялық сипат алған бұл саланы дамытуға күш салу маңызды. Алдағы уақытта медицина ғылымының әлеуетін толықтай игеру керек. Ол үшін қазірдің өзінде берік негіз бар. Ғалымдарымыз онкология, трансплантология, неонатология, генетика, биомедицина салаларында тың жаңалықтар ашты. Қан ауруларын емдеуге отандық препараттар қолданылып жатыр. Жасанды интеллект сырқаттарды анықтау мен емдеудің көкжиегін кеңейтеді. Аталған перспективті салада айтарлықтай серпіліс жасау қажет. Ядролық медицинаның мүмкіндігін де барынша пайдаланған жөн. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Өйткені медицинаның деңгейі мен қолжетімділігі - елдегі өмір сапасының негізгі көрсеткіші", - деді Президент.
Президент дәрігерлердің еңбегі қашанда лайықты бағалануы керек екенін айтып, медицина майталмандарын мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғанын жеткізді.
Жиында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің кафедра меңгерушісі Құралбай Құрақбаев, еңбек ардагері Жексенбай Нысанов, "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС филиалының зертхана меңгерушісі Екатерина Остапчук сөз сөйледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 15:13 97391
Қазақстан жолдарында автожолдар сапасы мен көліктердің шамадан тыс жүктелуін бақылау үшін 220 автожүйе орнатылады
2026 жылдың соңына дейін бүкіл ел бойынша 220-ға жуық автоматтандырылған өлшеу стансаларын (АӨС) орнату жоспарлануда. Республикалық маңызы бар автожолдарда 126 АӨС орнатылады. Бұл стансалар жергілікті тас жолдарда да пайда болады. Орнату жұмыстарымен Көлік министрлігі және өңір әкімдіктері айналысуда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
АӨС фото және бейнежазбалар түсіріп, көліктің маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірін, салмағы мен габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелері мен жылдамдығын тіркейді.
Көліктің шамадан тыс жүктелуі анықталған кезде жүйе автоматты түрде фотофиксация жасайды, содан кейін ақпарат көлік дерекқорының ақпараттық-аналитикалық жүйесіне жіберіледі. Бұл Көлік комитетіне салмақ нормаларының асып кетуіне байланысты құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды жедел жіберуге мүмкіндік береді.
Тиісті көлік бақылауды қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған өлшеу стансаларының санын едәуір арттыру жоспарлануда. Елордаға кіре берісте 9 жаңа автоматтандырылған станса орнатылған. Еліміз бойынша АӨС-тің жалпы саны 50 бірліктен асады. Көлік бақылау ведомствосы қызметкерлерінің айтуынша, бұл шаралар ауыр жүк көліктерінің жүруін бақылау мәселелерін шешу және көліктік бақылау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін жоспарланған.
Сонымен қатар Көлік министрлігі жол жұмыстарының сапасын бақылаудың бес сатылы жүйесін енгізді, бұл мердігерден тапсырыс берушіге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды:
Бірінші кезең - материалдардың сапасына үздіксіз бақылау жүргізетін және атқарушылық-техникалық құжаттаманы жүргізетін мердігер ұйымның өзі.
Екінші кезең - күнделікті жедел бақылауды жүзеге асырады және жасырын жұмыстар мен орындалған көлемдерді куәландыратын техникалық қадағалау қызметі.
Үшінші кезең - жобалық шешімдердің сақталуын бақылайтын және қажет болған жағдайда жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізетін авторлық қадағалау қызметі.
Төртінші кезең - уәкілетті органнан жұмыстар мен материалдардың сапасын іріктеп бақылауды жүзеге асыратын Ұлттық сапа орталығы.
Бесінші кезең - жобаны жүзеге асырылуына жалпы бақылауды, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді, аяқталған жұмыстарды қабылдауды жүзеге асыратын және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын тапсырыс беруші.
Көп деңгейлі тәсіл барлық нормативтік талаптың қатаң сақталуын қамтамасыз етуге және жол төсемінің беріктігін арттыруға арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 15:01 97671
Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі
Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған "Табиғи монополиялар туралы" заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірледі, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Өзгерістер сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Өңірге және статистикалық деректерге қарай жалақы орта есеппен 35-50%-ға өсіп, жылу және электр энергетикасы салаларындағы мамандардың деңгейіне дейін жетеді. Бұл су саласындағы кадр тұрақсыздығын азайтып, жоғары білікті мамандарды тартуға жол ашады.
Табиғи монополиялар туралы" заңға енгізілген өзгерістер биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жылу және электр энергетикасы саласында орташа жалақы - 330 мың теңге. Ал су шаруашылығы саласында - 231 мың теңге. Айтарлықтай айырмашылық бар. Қабылданған түзетулер еліміздің дамуы үшін аса маңызды су саласының кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігі "Қазсушар" РМК қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 25%-ға көтергенін еске сала кетейік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.06.2025, 09:39Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1,5 млрд текше метрден астам су жіберілді 16.06.2025, 10:43 3986Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры тағайындалды16.06.2025, 10:46 3766Еркін Тұқымов ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі болып тағайындалды16.06.2025, 10:31 1981ҚР Үкіметі жыл қорытындысы бойынша 6% ЖІӨ өсіміне қол жеткізуді жоспарлап отыр16.06.2025, 10:51 1711QazaqGaz және CNPC "Северный-1" учаскесінде геологиялық барлауды бастамақ
12.06.2025, 19:43 117026Алматы қаласының прокуратурасымен таулы аймақтағы жерлер қайтарылды13.06.2025, 15:01 97441Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі13.06.2025, 15:13 97161Қазақстан жолдарында автожолдар сапасы мен көліктердің шамадан тыс жүктелуін бақылау үшін 220 автожүйе орнатылады13.06.2025, 15:16 96906Тоқаев: медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және олардың мәртебесін көтеру - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі13.06.2025, 15:21 96651Ақмола облысы прокуратурасымен 1 топтағы мүгедектің құқықтары қорғалды
21.05.2025, 12:03 141626Алматыда 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі жауапқа тартылды23.05.2025, 16:58 133196ҚТЖ балаларды пойызда тасымалдау ережелерін еске салды05.06.2025, 17:14 132151Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты05.06.2025, 17:53 131816Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті03.06.2025, 14:47 131551Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды