Жаппай тәртіпсіздіктер: Бас прокуратураға тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану туралы 148 шағым түсті
Сурет: polisia.kz
105 шағым бойынша қылмыстық істер басталды, оның ішінде 91-і тергеудің рұқсат етілмеген әдістері туралы және 14-і билік пен өкілеттікті асыра пайдалану туралы.
Тергеудегі заңсыз әрекеттер туралы шағымдар ерекше бақылауға алынып, тексерілуде. Бүгінгі күні прокуратураға 148 арыз келіп түсті, олардың негізінде лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, тергеу барысында қысым көрсету фактілері бойынша 105 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда Атыраудағы "Динамо" стадионында орын алған жағдайлар, Талдықорған қаласының тұрғыны Батырбаевқа заңсыз күш қолдану дерегі және басқа да фактілер бар. Осындай оқиғалардың жан-жақты, толық тексерілуін қамтамасыз ету үшін, олар бойынша тергеу жүргізу жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне және арнайы прокурорларға тапсырылды. Тағы да ескертейін, прокурорлар шағымдар мен арыздар, сондай-ақ интернет арқылы таратылған барлық ақпараттарды тексеруде", - деді Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.
Атқарылып жатқан жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс орнатылды. Мұндай істерді тергеудің объективтілігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке (104) және арнайы прокурорларға (1) тапсырылды.
Бас прокуратураның өкілі азаматтардың барлық арыздары мен өтініштері, соның ішінде интернет-ресурстарда жарияланған да, прокурорлар тексеретінін баса айтты.
4 ақпандағы жағдай бойынша тергеу-жедел топтарының өндірісінде 2750 қылмыстық іс тергелуде. 802 күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Қамауға алынғандардың 113-ші бұрын сотты болған (кісі өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық үшін) және радикалды діни ағымдардың жақтаушылары. 91 адамға қоғамнан қатаң оқшаулауға байланысты емес бұлтартпау шаралары қолданылды", - деп атап өтті спикер.
Оның айтуынша, күдіктілерді қамауға алу мәселесін қарастыру кезінде олардың әр қайсысының іс әрекеті, жеке басы, кінәсін мойындауы және тергеуге көмек көрсетуі ескеріледі.
Мысалы, прокурорлар күдіктіні қамауға алу туралы 11 ұсынысты қолдамады. Уақытша ұстау изоляторынан 103 адам босатылды. Соттар да 80 күдіктіні қамауға алудан бас тартты. Сонымен қатар, бұрын қамауға алынғандардың бұлтартпау шараларын жеңілдетудеміз. Мысалы, прокурорлар Алматы қаласында 59, Қызылорда облысында 3 және Шығыс Қазақстанда 1 адамды қамаудан босатты, олардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Сол сияқты қызылордалық прокурорлардың талабы бойынша сот санкциясымен 3 адам үйқамаққа жіберілді", - деді Қилымжанов.
Қазақстанға қарсы басталған террорлық соғыс хроникасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.