25.02.2022, 17:44 45736
Президент жаңа басшыға ұрланған активтерді қайтаруға ерекше назар аударуды тапсырды
Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің бұрынғы төрағасы Марат Ахметжановқа атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның жаңа қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Агенттіктің жаңа төрағасы мен жеке құрамына сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершіліктен жалтарып кетпеуді қамтамасыз етуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеу идеологиясын күшейтуге, мемлекеттік қызмет туралы қоғамдағы жағымсыз пікірді өзгертуге бағытталған бірқатар міндет жүктеді. Сонымен қатар Президент елден ұрланып кеткен активтерді қайтаруға ерекше назар аудару керек екенін айтты.
Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жақында бекітілген тұжырымдамасын қалыптасқан ахуалды сапалы өзгертудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.06.2025, 16:42 8506
Энергетика министрлігі энергия объектілерін жаңғыртуға 210 млрд теңге инвестициялайды
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің электр және жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған 75 ірі жобаны жүзеге асыру үшін 210 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ауқымды бағдарламаның мақсаты - маңызды инфрақұрылымның тозуын айтарлықтай төмендету және миллиондаған қазақстандықтарды жылу және электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету.
Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жоба аясындағы іріктеу нәтижелерін Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Асылжан Мусин Power Central Asia + China аймақтық энергетикалық форумында жариялады.
Үкімет бекіткен Ұлттық жобаның негізгі мақсаты - энергетикалық активтердің тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендету арқылы бүкіл жүйенің сенімділігін арттыру.
Бұл - әрбір қазақстандық отбасының жайлы өмірі мен қауіпсіздігіне, кәсіпорындарымыздың үзіліссіз жұмысына және экономикамыздың тұрақты болашағына тікелей инвестиция. Біз үздік қаржы құралдарын тартып, отандық өндірушілерге басымдық береміз. Әрбір жұмсалған теңге Қазақстанның игілігіне жұмыс істеуі тиіс", - деп атап өтті Асылжан Мусин.
Бірінші жартыжылдық аясында келесі жобалар іріктелді:
Электр желілерін жаңғыртуға бағытталған 47 жоба - 90 млрд теңге;
Жылумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңартуға арналған 28 жоба - 120 млрд теңге.
Жоба аясында ұлттық экономиканы қолдауға ерекше назар аударылған. Электр энергетикасы саласындағы жаңа өндірістерді жергіліктендіру және отандық өнімдерді міндетті түрде пайдалану жаңа жұмыс орындарын құруға және қазақстандық біліктілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Энергетика министрлігі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту мақсатында стратегиялық маңызы бар нысандарды жүйелі түрде жаңғыртуды жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2025, 10:35 22221
Алматы қаласында SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды
Жоба пилоттық сынақ кезеңінен сәтті өтіп
Алматы қаласында SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Бұған дейін Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі Кешенді жоспарға кәмелетке толмағандарды интернеттегі деструктивті контенттің зиянды әсерінен қорғауға бағытталған ұсыныстар әзірленгені хабарланған болатын.
Осы бастама аясында Алматы қаласының прокуратурасы TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірлесіп "SIM KIDS" пилоттық жобасын іске қосты.
Бұл интернетке қауіпсіз және бақыланатын қол жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы балалар SIM-картасы.
Карта автоматты түрде зиянды контентті бұғаттайды, ата-аналарға баланың қосымшалардағы белсенділігін бақылауға мүмкіндік береді және дыбыссыз режимде болса да, баламен байланыста болуды қамтамасыз етеді.
Жоба пилоттық сынақ кезеңінен сәтті өтіп, қазіргі уақытта барлық ниет білдірушілер үшін қолжетімді.
Есіңізде болсын балалардың қауіпсіздігі қарапайым шешімдер мен ересектердің бейжай қарамауынан басталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2025, 10:29 22601
Қазақстан мен Қытай сейсмикалық қауіпсіздік орталығын құрады
Ақордада Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және Қытай Халық Республикасының Жер сілкіністері жөніндегі басқармасы арасында Сейсмикалық қатерлерді азайту саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан тарапынан меморандумдармен алмасудың ресми рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, ал қытай тарапынан - Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хан Чунлинь қатысты.
Аталған орталық жер сілкіністері туралы ерте ескерту жүйелерін интеграциялау, сейсмология ғылымы мен технологияларын дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасында сейсмикалық ақпаратпен нақты уақыт режимінде алмасу бағытында жұмыс істейтін болады.
Бұл ынтымақтастық ықтимал табиғи апаттардың салдарын азайтуға мүмкіндік беріп, азаматтарды дер кезінде және нақты түрде хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2025, 10:25 22851
Министрлік қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде азаматтардың жеке деректері тарады деген ақпаратқа байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, ұсынылған мәліметтердің шынайылығы мен өзектілігін анықтау мақсатында кешенді тексеру жүргізуде.
Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар нәтижесінде бұзылуы тіркелген жоқ.
Тексеру толық аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасау немесе ақпараттың шынайылығын растау ерте.
Егер азаматтың дербес деректері тараған мәліметтер арасында болса, ол туралы электрондық үкімет порталы (eGov) арқылы жеке кабинетіне хабарлама жолданады.
Еске сала кетейік, бұған дейінгі осындай жағдайларда жарияланған деректер ескі ақпараттық базалардан - негізінен қызмет көрсету салалары мен микроқаржы ұйымдарынан алынған ескі мәліметтер болған.
Министрлік жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Қосымша ақпарат тексеру нәтижелері бойынша жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2025, 19:08 37306
Астанадағы Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының туризм жылының ашылу рәсімі өтті
Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының туризм жылы және "Жібек пен Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға" атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели, ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы, Қытайдың Ұлттық жібек музейі директорының орынбасары Чжан Чэнмин және өзге де мәртебелі меймандар қатысты.
Ербол Мырзабосынов Қытай мен Қазақстанның кез келген салада байланысы бекем, достығы берік елдер екенін атап өтті. Сондай-ақ министр бүгінде екі ел арасындағы қатынастар "Бір белдеу. Бір жол" бастамасы аясында жаңа деңгейге көтеріліп жатқанын, бұл ретте туризм саласы қос халықты жақындастыратын негізгі факторға айналғанын жеткізді.
Баршаңызды Қазақстандағы Қытай туризмі жылының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Былтыр Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 2025 жылды "Қазақстандағы Қытай туризмі жылы" деп жариялады. Бұл 2024 жылғы "Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының" заңды жалғасы саналады. Ауқымды іс-шара екі ел арасындағы туристік ынтымақтастықтың жаңа парағын ашып отыр. Осы орайда, мемлекеттер арасындағы туристік және мәдени алмасуды дамытуға зор үлес қосқан әріптесім - Сунь Ели мырзаға ерекше алғыс білдіремін", - деді ҚР Туризм және спорт министрі.
Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының туризм жылы аясында екі ел арасындағы туристік бастамаларды қолдау мақсатында бірқатар шараларды ұсынды.
Атап айтқанда, Қазақстанда Қытай туристеріне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін Welcome Chinese бағдарламасын енгізу. Бағдарлама қонақ үйлердің, туристік компаниялар мен нысандардың Қытайдан келетін қонақтардың қажеттілігіне бейімделуге көмектеседі. Бұдан бөлек, туризм, спорт және мәдениетті тоғыстыратын бірегей шекаралық марафон ұйымдастыру және туристік жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ұтқырлықты арттыру арқылы білім мен тәжірибе алмасу ұсынылды.
Айта кетейік, 2024 жыл Қазақстан мен Қытай үшін туризмді өзара дамытуда маңызды кезең болды. Былтыр "Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы" аясында Қытайдың ірі қалаларында 37 іс-шара ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде туристер ағыны бірнеше есе артты. Былтыр елімізге Қытайдан 655 мың турист келді. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 78% жоғары (2023 жылы - 367 мың адам).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2025, 17:55 37641
Шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 90%-дан асты
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Түркістан және Жамбыл облыстарында мароккалық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта 15 өңірде итальялық прусқа және 8 өңірде азиялық шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасуда.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, шекаралас аумақтардағы шегіртке ошақтары мен көршілес елдерден ұшып келу қаупіне байланысты тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Қытай мен Қырғызстан тарапынан қауіп жоқ. Ресей мен Өзбекстанмен шекаралас аймақтарда тексерулер жүргізіліп жатыр. Ошақтар анықталған жоқ. Көршілес елдердің мамандарымен бірлесіп зерттеу жұмыстары жалғасуда", - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Сонымен қатар штаб отырысында 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Жалпы егіс алаңы 23,7 млн гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар - 15,6 млн гектарға, майлы дақылдар - 3,4 млн гектарға, жүгері - 168 мың гектарға, картоп - 127,8 мың гектарға, қант қызылшасы - 17,7 мың гектарға егілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2025, 17:32 38146
Денсаулық сақтау министрлігі мен ІІМ медицина қызметкерлерін қорғау жөніндегі шаралар кешенін әзірлейді
Соңғы 5 жылдың ішінде медицина қызметкерлеріне күш қолдану арқылы жасалған 160-қа жуық шабуыл тіркеліп, олардың салдарынан дәрігерлер түрлі жарақаттар алған
Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірге медицина ұйымдарында қоғамдық тәртіпті сақтау, қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне күш көрсету мен агрессияны болдырмау үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ортақ тұжырымдаманы айқындайтын болады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Медицина мекемесінің қауіпсіздік талаптары көрсетілетін көмектің түрі мен деңгейіне, сондай-ақ пациенттер легінің тығыздығына байланысты белгіленетін болады.
Медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген әрбір адам заңға сәйкес қатаң жазалануы тиіс. Ешбір жағдай мұндай әрекетті ақтай алмайды. Әрбір дәрігер, фельдшер, мейіргер - біз үшін қымбат. Біз - бір командамыз. Әрбір маман өзін қауіпсіз сезінуі қажет", - деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қарағандыда пациенттің туысы тарапынан шабуылға ұшыраған балалар дәрігерлеріне барған сапарында.
Министрлік басшысының айтуынша, қазір пилоттық жоба ретінде Астана мен Алматы қалаларында жедел жәрдем қызметкерлеріне жетондар енгізіліп жатыр. Бұл да тәртіп бұзуға бейім адамдарға психологиялық тосқауыл болады. Сонымен қатар барлық ауруханалар мен емханаларда шұғыл оқиға кезінде жедел әрекет етуге арналған дабыл батырмалары жұмыс істеуі тиіс.
Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған кешенді шаралар Денсаулық сақтау министрлігінің өзінің, Ішкі істер министрлігінің, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен әзірленетін болады.
Соңғы 5 жылдың ішінде медицина қызметкерлеріне күш қолдану арқылы жасалған 160-қа жуық шабуыл тіркеліп, олардың салдарынан дәрігерлер түрлі жарақаттар алған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2025, 10:46 53096
Еркін Тұқымов ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі болып тағайындалды
Еркін Тукумов ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды", деп көрсетілген хабарламда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.06.2025, 10:25Министрлік қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді 17.06.2025, 10:29 22116Қазақстан мен Қытай сейсмикалық қауіпсіздік орталығын құрады17.06.2025, 10:35 21736Алматы қаласында SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды17.06.2025, 16:42 8021Энергетика министрлігі энергия объектілерін жаңғыртуға 210 млрд теңге инвестициялайды17.06.2025, 16:32 4541Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда рекордтық $44 млрд-қа дейін өскен
13.06.2025, 15:21 123921Ақмола облысы прокуратурасымен 1 топтағы мүгедектің құқықтары қорғалды13.06.2025, 15:35 1237662025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды12.06.2025, 19:43 118371Алматы қаласының прокуратурасымен таулы аймақтағы жерлер қайтарылды13.06.2025, 15:16 115061Тоқаев: медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және олардың мәртебесін көтеру - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі13.06.2025, 15:13 110036Қазақстан жолдарында автожолдар сапасы мен көліктердің шамадан тыс жүктелуін бақылау үшін 220 автожүйе орнатылады
21.05.2025, 12:03 154406Алматыда 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі жауапқа тартылды23.05.2025, 16:58 145976ҚТЖ балаларды пойызда тасымалдау ережелерін еске салды05.06.2025, 17:14 132391Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты05.06.2025, 17:53 132136Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті03.06.2025, 14:47 131871Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды