03.06.2022, 15:00 26301

Мемлекеттік тапсырыс алу үшін балабақшаларға қандай талаптар қойылады

Мемлекеттік тапсырыс алу үшін балабақшаларға қандай талаптар қойылады
НҰР-СҰЛТАН. 3 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік тапсырысты алу үшін балабақшаларға қойылатын талаптар туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Министр жаңа бұйрықта мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талаптар күшейтілетінін айтты.
 
Негізгі тармақтар:
 
1. Тәрбиешілер мен басқа да педагогтердің біліктілігі мен біліміне қатысты талаптар енгізілді.
 
2. Жұмыс істейтін тәрбиешілер бойынша үлгілік штат нормативін сақтау талабы енгізілді. 
 

Яғни, мысалы, бір мұғалім күні бойы 50 баламен жұмыс істей алатын тәжірибеден бас тарту. Саны 25 аспауы тиіс", - деп түсіндірді Аймағамбетов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

 
3. Міндетті түрде бейнекамералар орнату.
 
4. Балабақша ғимараттары мен үй-жайларының санитарлық нормаларға толық сәйкестігі.
 
5. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі.
 
6. Сонымен қатар білім басқармаларына мемлекеттік тапсырыс орналастырылғанға дейін балабақшалардың жұмысымен және онда жасалған жағдайлармен танысу құқығы беріледі. 
 

Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында мұндай мониторинг балабақшалар қауымдастығы мен қоғам өкілдерінің қатысуымен ғана жүргізіледі", - деп атап өтті БҒМ басшысы.

 
7. Сондай-ақ білім басқармалары балабақшаларға мемлекеттік тапсырыстарды бөлу мүмкіндігінен айырылады.
 

Енді жалпы талаптарға сай келетін балабақшалардың тізімі әзірленеді. Ал ата-аналар жасалған тізімнен балабақшаны өздері таңдай алады. Демек мемлекеттік тапсырыс ата-аналар таңдаған балабақшаларға жіберіледі. Follow the quality (сапаны бақылау. - Ескерт. ред.). Болжам бойынша, бұл бәсекелестікті арттырып, балабақшалардың сапасын жақсартады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады", - деп түсіндірді ол.

 
Аймағамбетов жоғарыда айтылғандардан бөлек, БҒМ төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істеп жатқанын еске салды:
 
1. Лицензиялауды қайтару.
 
2. Жұмыс жағдайы мен сапасы тексеріп, барлық балабақшаны аттестациядан өткізу.
 
3. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін арттыру. Колледждер мен ЖОО-ларда мамандарды даярлау сапасын арттыру.
 
4. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі бойынша бағдарламалардың мазмұнын жаңарту.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны