29.11.2022, 12:19 14561

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан сарапшылары үштік газ одағын құруды талқылайды

Кремльде өткен келіссөз барысында Тоқаев пен Путин "үштік газ одағын" құру туралы сөз қозғады
Қазақстан, Ресей және Өзбекстан сарапшылары үштік газ одағын құруды талқылайды
Сурет: Depositphotos
Астана. 29 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Кремльде өткен келіссөз барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин "үштік газ одағын" құру туралы сөз қозғады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
 
Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылған.
 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүдделерін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды", - деп қосты Желдібай.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны