23.01.2023, 14:58 21341
Энергетика министрлігі жүйелі бұзушылықтарға байланысты көмірсутектер саласындағы 12 келісімшартты бұзды
Сурет: gov.kz
9 келісімшарт бойынша 1,8 млрд теңге сомаға берешек өтелді
Астана. 23 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылар алған келісімшарттық міндеттемелерді орындамай ұзақ уақыт ұстайтын жер қойнауы учаскелеріне тұрақты негізде тексеру жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
2023 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша 12 келісімшарт бұзылды, 9 келісімшарт бойынша 1,8 млрд теңге сомаға берешек өтелді, 4 келісімшарт бойынша сот органдарына бар берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға талап-арыздар берілді, 10 келісімшарт бойынша - жұмыс заңнамаға сәйкес жалғасуда", - деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Жүйелі бұзушылықтары бар көмірсутектер саласындағы бұрын анықталған 27 келісімшартқа бүгінгі күні жер қойнауын пайдалануға арналған 8 келісімшарт қосымша енгізілді, олар бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалмауы анықталған.
Мемлекетке қайтарылған жер қойнауы учаскелері бұдан әрі инвестициялар тарту үшін аукционға шығарылады. 2022 жыл ішінде 2 электрондық аукцион өткізу кезінде жер қойнауын пайдалануға арналған бұрын бұзылған келісімшарттар бойынша 11 жер қойнауы учаскесі шығарылды.
Жалпы, 2022 жылғы аукциондардың қорытындысы бойынша ел бюджетіне шамамен 26,0 млрд теңге қол қою бонусы төленді (қол қою бонусын төлеудің соңғы мерзімі - 24.01.2023 жыл) және геологиялық барлауға 50,0 млрд теңгеден астам инвестициялар мәлімделді", - деп атап өтті министрлікте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
24.06.2025, 14:21 16036
Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылап, әлемдік экономиканың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Қаржы ұйымымен байланыс орнатқаннан бері еліміз шағын және орта бизнес, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты бірқатар стратегиялық секторда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген.
Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірлескен жобаларға, соның ішінде "жасыл экономика" бағдарламаларын жүзеге асыруға инвестиция құю ниетін құптады.
Одиль Рено-Бассо еліміздің инвестициялық әлеуетіне жоғары баға беріп, қаржы институты Қазақстанның инфрақұрылымдық тұрғыдан дамуын одан әрі қолдауға мүдделі екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жақында ұзындығы 234 шақырым болатын Ақтөбе - Ұлғайсын автожолын жаңғыртуды қаржыландыру туралы шешім қабылданған. Бұл бағыттың ішкі және халықаралық тасымалды дамытуда маңызы зор.
Одиль Рено-Бассо ЕҚДБ мен Қазақстан ынтымақтастығы табысты дамып келе жатқанын айтты. Ол 2024 жылы инвестиция көлемі 2023 жылмен салыстырғанда екі есе артқанын, соның нәтижесінде 1 миллиард еуроға жуықтағанын атап өтті. Бұдан бөлек, банк басшысы Қазақстанның көлік әлеуетін және энергетика секторын дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.06.2025, 14:12 16571
Астанада Қазақстанда сутекті энергетиканы дамытудың перспективалары талқыланды
Астанада Қазақстанда сутекті энергетиканы дамытудың перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
АСТАНА, 2025 жылғы 23 маусым - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында "Қазақстан Республикасында сутекті энергетиканы дамытудың перспективалары" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғат пайдалану мәселелері комитеті ұйымдастырды. Отырысқа негізгі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, сарапшылар мен бизнес-қауымдастық мүшелері қатысты.
Кіріспе сөзді Комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин сөйледі. Одан кейін ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ільяс сутекті энергетиканы дамытудың басымдықтары жөнінде баяндама жасады.
Ол сутекті энергетика жаһандық энергетикалық көшу аясындағы ең перспективалы бағыттардың бірі екенін атап өтті. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және қазба отын түрлерінен біртіндеп бас тарту қажеттілігі жағдайында сутек әмбебап, таза әрі кең көлемде қолдануға болатын энергетикалық ресурс ретінде танылуда. Бұл ретте, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы өндірілетін "жасыл сутектің" маңызы зор.
Халықаралық энергетикалық агенттіктің және Hydrogen Council-дың болжамы бойынша, 2050 жылға қарай сутек жаһандық энергия теңгерімінің 20%-ына дейінгі үлесін құрауы мүмкін. Вице-министр Қазақстанның осы қалыптасып жатқан жаһандық сутек архитектурасында лайықты орын алу үшін барлық алғышарттарға ие екенін атап өтті. Бұл - күн, жел және су энергиясының елеулі әлеуеті, Еуропа мен Азияның тоғысындағы стратегиялық орналасу, инфрақұрылымға қолжетімділік және халықаралық логистикалық тізбектерге ықпалдасу мүмкіндігі.
Министрлік халықаралық ынтымақтастықты да белсенді дамытып келеді. Германиямен Астанадағы Сутек дипломатиясы кеңсесінің қолдауымен бірлескен зерттеулер мен іс-шаралар жүргізілуде. Қытаймен "Бір белдеу - бір жол" бастамасы аясында өндірісті жергіліктендіру, зертханалар мен сутек кластерлерін құру бағыттары қарастырылуда. Бұл бағытта Ұлттық ядролық орталық, China Energy Overseas Investment және Шанхай Цзяотун университеті арасында меморандумға қол қойылды.
Ұлттық компаниялар да осы үдерісте белсенділік танытуда. "ҚазМұнайГаз" АҚ төмен көміртекті даму бағдарламасын жүзеге асырып, Атырауда сутек технологиялары зертханасын құруда. Сондай-ақ көк сутек пен төмен көміртекті аммиак өндіру жобалары қарастырылуда.
Саланың негізгі қиындықтары ретінде вице-министр жобалардың ауқымды капиталдық шығындарын, нормативтік-құқықтық сүйемелдеудің қажеттілігін, сондай-ақ электролиз әдісі арқылы сутек өндіру кезінде су ресурстарын ұтымды пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Сутекті энергетиканы дамыту тұжырымдамасында, әсіресе құрғақ аймақтар үшін, суды үнемдеуге бағытталған шаралар көзделген.
Сөз соңында Бақытжан Ільяс ведомствоаралық үйлестірудің, бизнес пен халықаралық ұйымдармен тұрақты әріптестіктің және дәйекті мемлекеттік саясаттың маңызын атап өтті. Қазақстан сутек жобаларын тұжырымдамалық жоспарлаудан нақты іске асыру кезеңіне көшуде. Бұл өз кезегінде тиімді реттеуші және инвестициялық ортаны қалыптастыруды талап етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.06.2025, 14:09 16781
Алматы қаласында қала прокуратурасының "Құқықтық дәріхана" жобасы ісе қосылды
Заң мен Тәртіп" идеологиялық тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматы қаласының прокуратурасы "Құқықтық дәріхана" жобасын іске қосты, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Жобаның мақсаты - халық арасында құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыру және құқықтық мәдениетті нығайту.
Прокуратура қызметкерлері қала тұрғындарына - "Dostyk Plaza", "Mega Alma-Ata" және "Grand Park" ірі сауда орталықтарында тегін заңгерлік кеңес береді.
Жоба 11 маусымнан бастап 11 шілдеге дейін әр сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Қала тұрғындары бұл бастаманы оң қабылдап, оның ыңғайлы форматын, бюрократияның жоқтығын және алдын ала жазылмай-ақ білікті көмек алу мүмкіндігін атап өтуде.
Жоба көптеген адамдар үшін күнделікті құқықтық мәселелерді шешуде нақты қолдау болды.
Құқықтық дәріхана" - халыққа жақын. Адамдардың құқықтық мәселелерін шешуге бір қадам жақын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.06.2025, 13:44 17546
Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне сәйкес қазақстандық әуе компаниялары рейстерді уақытша тоқтатуда
Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне сәйкес қазақстандық әуе компаниялары рейстерді уақытша тоқтатуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 24 маусым күнгі жағдай бойынша Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты бірқатар елде ресми түрде шектеулер енгізіліп, азаматтық авиацияға арналған әуе кеңістіктері жабылды. Мәжбүрлі шаралар қаруды қолдану қаупі, навигациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі, әуе қорғанысы жүйелерінің белсенділігі және азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін жоғары тәуекелдерге байланысты қабылданды.
Соңғы мәліметке сәйкес, шектеулер келесі елдерде қолданылады:
- Израиль әуе кеңістігі толық жабық;
- Иран әуе кеңістігі толық жабық (оның ішінде Парсы және Оман шығанақтары);
- Ирак, Иордания, Ливан - зымыран мен дрон шабуыл қаупіне сәйкес ұшуларды уақытша шектеу;
- Кувейт, Бахрейн, БАӘ - рейстерді шектеу және тоқтату, ішінара қақтығыс аймағына жақын маршруттарды бұғаттау.
Ірі халықаралық авиатасымалдаушылар да рейстерді уақытша тоқтатты. Олардың қатарында Air France-KLM, United, American Airlines, Japan Airlines, Air Canada
Дубай, Доха және Эр-Риядқа ұшуды тоқтатты. Qatar Airways ұшу кестесін реттейді. Etihad ресми ескерту жасады. Emirates қақтығыс аймағын айналып,
ұшуды жалғастыруда.
Осыған байланысты қазақстандық әуе компаниялары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Дубай мен Доха қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатты.
Демек, елімізден шетелге шықпақшы адам саны 683 болса, шетелден елге оралатын адам саны - 1051. Жалпы алғанда бұл жағдай 1 734 жолаушыға әсер етті.
Қазақстандық авиакомпаниялардың Парсы шығанағы елдеріне ұшуға бағытталған рейстерді тоқтата тұруы аймақтағы әскери-саяси жағдайдың күрт шиеленісуіне негізделген мәжбүрлі шара.
Әуе компаниялары қабылдаған шешім халықаралық тәжірибеге сәйкес қабылданды. Басты мақсат - жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушылар ыстық тамақпен, қонақ үй және трансфермен қамтамасыз етілді.
Тоқтатылған немесе кейінге шегерілген рейстер бойынша жолаушылар
тегін қайта бронь қоя алады немесе әуе билеттерінің құнын толық қайтарып ала алады.
Көлік министрлігі авиакомпаниялармен бірлесіп жағдайды жіті бақылауда, қажет болған жағдайда жедел шешім қабылдап, кестені қайта қарау жұмысы жүргізіледі. Рейстер жақын арада қайта жүзеге асырала бастайды деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.06.2025, 13:39 17846
Қазақстанда жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бақылау күшейтілді
Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің бастамасымен 2025 жылдың 20 маусымынан 20 шілде аралығында жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің сақталуын бақылау бойынша "Тахограф" акциясы өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Акцияның мақсаты - жолаушыларды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды күшейту.
Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк көліктері, оның ішінде:
- қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;
- жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
- жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық, қалааралық тұрақты тасымалдауды;
- жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық, қалааралық, ауданаралық тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын көліктер жатады.
Көлікті басқарудың күнделікті ұзақтығы қолданыстағы қағидаға сәйкес 9 сағаттан аспау керек. Төрт жарым сағат бойы үздіксіз басқарғаннан кейін, жүргізуші кемінде 45 минут үзіліс жасауға тиіс.
Қағида талаптары сақталмаған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 572-бабымен тасымалдаушыларға 5 АЕК-тен 50 АЕК аралығында, жүргізушілерге 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.06.2025, 09:20 19001
Жоғары және жауапты миссия -Тоқаев судьяларды кәсіби мерекелерімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Судья және сот қызметкері күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қуатты әрі тәуелсіз сот жүйесі құқық үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ "Заң және тәртіп" қағидатын орнықтыру ісінде шешуші рөл атқарады. Сондықтан біз осы стратегиялық маңызы бар салада жүйелі түрде реформа жүргізіп келеміз. Сот ісі жетілдіріліп, басқару үдерістері оңтайландырылып, осы салаға цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі үш дербес кассациялық сот жұмыс істей бастайды. Бұл қадам азаматтардың және бизнестің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған институционалдық мүмкіндігін едәуір аттырады. Жұртшылықтың әділдікке деген сенімі көбінесе судьялардың кәсіби біліктілігіне, кез келген істі қараған кезде ұстанымына берік болып, бейтараптық таныта алуына тікелей байланысты. Осы маңызды әрі жауапты миссия терең құқықтық білімді, заң үстемдігін үнемі бәрінен биік қоюды талап етеді", деп мәлім етті елбасы.
Ол сондай-ақ, сот қызметкерлері мен ардагерлеріне қажырлы еңбегі мен өз кәсібіне адалдығы үшін шынайы ризашылығын білдіретіндігін атап өтті.
Сіздер Әділетті Қазақстанды құру ісіне өлшеусіз үлес қоса бересіздер деп сенемін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін!", деген тілегін айтты президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2025, 18:23 36736
МКК және Қытайдың Polyking компаниясы инвестициялар мен цифрлық логистиканы дамыту мәселелерін талқылады
Астана қаласында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы мен "Digital Silk Road Company" ЖШС өкілдері Қытайдың Polyking New Horizons Technology Industry Co., Ltd. квазимемлекеттік компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екі тарап "Digital Silk Road Company" ЖШС мен Polyking New Horizons Technology Industry Co., Ltd. арасындағы ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын, сонымен қатар Қазақстанның шекаралас аймақтарына инвестиция тарту жөніндегі бірқатар жобаларды талқылады.
Кездесудің негізгі тақырыбы көлік-логистикалық әлеуетті дамыту және өзара сауданың тұрақты өсуін қамтамасыз ету мәселелері болды.
Қатысушылар логистикалық инфрақұрылымды цифрландырудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін талқылауды жалғастыруға деген қызығушылықтарын білдірді. Бұл қадам цифрлық Жібек жолын дамыту мен кеңейтуге бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2025, 18:17 37151
Ақтөбе - Ұлғайсын жол учаскесін қайта жаңарту: " Қазавтожол " және ЕҚДБ келісімге қол қойды
Жол 4 жолақты қозғалысы бар 1 техникалық санатта болады, жалпы ұзындығы - 262 шақырым
Премьер-министр Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысына қатысу үшін Астанаға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Онда көлік инфрақұрылымын, "жасыл" энергетиканы, ШОБ, ауыл шаруашылығын, ақпараттық технологияларды және басқа да салаларды дамыту жөніндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономиканы дамытуға және инфрақұрылымды жаңғыртуға белсенді қатысатын Еуропалық қайта құру және даму банкінің рөліне ерекше назар аударуда. Біз сіздермен көптеген бағыт бойынша тығыз ынтымақтастықтамыз және өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын жоғары бағалаймыз. Біздің назарымыз сапалы өсуді арттыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін экономикалық дамуды трансформациялауға бағытталған. Өткен жылдың өзінде біз Сіздермен келешегі зор салаларда рекордтық сомасы $935 млн болатын 25 жаңа жобаға қол қойдық. Қазақстан Үкіметі Еуропалық қайта құру және даму банкімен өзара мүдделі мәселелердің кең ауқымы бойынша әріптестікті тереңдетуге дайын екенін білдіреді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Өткен жылы ЕҚДБ Қазақстан экономикасына жылдық инвестиция көлемін 3 еседен астамға ұлғайтты. Тараптар 25 жобаға, оның ішінде Ақтөбеде жаңа тазарту құрылыстары мен ілеспе инфрақұрылым салу, Көкшетауда 630 төсек-орындық көпсалалы аурухана салу жөніндегі алғашқы ірі МЖӘ жобасы және басқа жобаларға қол қойды. Отандық қаржы институттары арқылы несие желілеріне кеңес беру және ұсыну арқылы шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аударылды. Жалпы алғанда, ағымдағы портфелде құны $3,2 млрд-тан асатын 129 белсенді жоба бар, оның 75%-ы орнықты инфрақұрылым секторына тиесілі. Бірлескен жұмыс кезеңінде пул $11,6 млрд сомасына 340 жобаны құрады.
Кездесу барысында электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру және елорданың электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз ету үшін Астана қаласында қосалқы станса салу жобасы қаралды. Сондай-ақ, әділ энергетикалық ауысу (Just Energy Transition Partnership) бойынша Қазақстанда елдік платформасын бірлесіп әзірлеуге назар аударылды. JETP платформасы энергетика саласына "жасыл" инвестицияларды тартудың маңызды құралы болады.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо өткен жылы инвестиция көлемінің рекордтық өскенін атап өтіп, Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және орнықты экономика саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті. ЕҚДБ 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылым жоспары шеңберінде жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетеді.
Кездесу шеңберінде "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мен ЕҚДБ арасында ұзындығы 234 шақырым "Ақтөбе - Ұлғайсын" автомобиль жолының учаскесін реконструкциялауды қаржыландыру бойынша келісімге қол қойылды. Жол 4 жолақты қозғалысы бар 1 техникалық санатта болады, жалпы ұзындығы - 262 шақырым. Жоба көлік байланысын дамыту және Қазақстан аумағы арқылы транзиттік ағынды қамтамасыз ету үшін маңызды саналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
24.06.2025, 09:20Жоғары және жауапты миссия -Тоқаев судьяларды кәсіби мерекелерімен құттықтады 24.06.2025, 13:39 17341Қазақстанда жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бақылау күшейтілді24.06.2025, 13:44 17041Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне сәйкес қазақстандық әуе компаниялары рейстерді уақытша тоқтатуда24.06.2025, 14:09 16276Алматы қаласында қала прокуратурасының "Құқықтық дәріхана" жобасы ісе қосылды24.06.2025, 14:12 16066Астанада Қазақстанда сутекті энергетиканы дамытудың перспективалары талқыланды
19.06.2025, 14:54 119896Мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды19.06.2025, 14:53 115776Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылды20.06.2025, 14:52 95936Қазақстанда әйелдер кеңесі қайта пайда болады20.06.2025, 12:43 92711Түркістан облысында суармалы судың тапшылығын шешу үшін жаңа су қоймалары салынуда20.06.2025, 12:52 92286Air Astana Атыраудан Дубайға қатынайтын рейстерді уақытша тоқтатты
02.06.2025, 17:03 154906Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі04.06.2025, 14:09 142136Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды05.06.2025, 17:53 133996Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті03.06.2025, 14:47 133751Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды05.06.2025, 17:14 133496Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты