17.02.2023, 20:56 52866
Скляр Қазақстандағы түрік құрылыс салушыларын тексеруді жоспарлап отыр ма, жоқ па айтты
Достарға айту
Түркиядағы жойқын жер сілкіністерінен кейін қазақстандықтар түрік құрылыс салушыларының жұмысының сапасына алаңдады
Астана. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Түркиядағы ғимараттың жер асты дүмпулерінің салдарынан қирап жатқан видеолардан кейін қазақстандықтар түрік құрылыс салушыларының жұмысының сапасына алаңдады. Сенат кулуарында вице-премьер-министр Роман Склярдан билік Қазақстандағы түрік құрылыс салушыларын тексеруді жоспарлап отыр ма деп сұрады.
Менің білуімше, қазір мұндай тексеру жүргізіліп жатқан жоқ және әлі жоспарланбаған", - деп жауап берді Роман Скляр.
Естеріңізге сала кетейік, 17 ақпанда Түркияның Хатай провинциясында 5,1 баллдық жер сілкінісі болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
31.01.2025, 12:42 1281
Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды
Достарға айту
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасын аяқтады, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасын аяқтады. Нысан 2022 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Алайда, пандемия мен қаржылық қиындықтарға байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап қалған болатын.
Министрлік құрылғаннан кейін Қызылорда су торабының құрылысы қайта жанданды. Нысанның сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында гидравликалық тораптың бұзылған бөлшектері қайта жөнделіп, басқа да ақаулары дұрысталды.
Айта кету керек, су торабы Сырдария өзенінің сол және оң жағалауындағы 120 мың гектарға жуық жерді суаруға және шамамен 2 млн гектарға жуық шөлді аймақты ылғалдандыруға арналған.
Құрылысы тоқтап қалған немесе созылып кеткен жобаларды аяқтау мәселесі министрліктің жіті бақылауында. Мәселен, Ақтөбе су қоймасына 36 жылда алғаш рет кешенді реконструкция жасалды. Ал, Батыс Қазақстан облысында соңғы 58 жылда бірінші рет Киров су қоймасы жөнделді. Бүгінгі таңда Есқұла, Талап, Пресновский және Соколовский таптық су құбырларының құрылысын аяқтау бойынша да белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бұл жобалар халықты сапалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Сол себепті аталған жобаларды іске асырып, межесіне жеткізу өте маңызды", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2025, 11:41 2061
"Игі істі бөліс" республикалық флешмобы басталды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігі Ұлттық волонтерлер фронт-офисімен бірлесіп, "Игі істі бөліс" республикалық флешмобы басталғанын хабарлайды.
Бастама мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы қайырымдылық пен волонтерлік қызметті дамытуды көздейді.
Флешмоб азаматтар арасында мейірімділік, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік идеяларын насихаттауға бағытталған.
Қатысу үшін игі іс жасау сәтін фото немесе видеоға түсіріп, #ИгіІстіБөліс және #ПоделисьДобром хэштегтерімен әлеуметтік желілерде бөлісу жеткілікті.
Флешмоб шарттары туралы толық ақпаратпен Qazvolunteer.kz сайтынан танысуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2025, 11:27 3246
Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады
Достарға айту
Career Enbek сайтында жұмыссыз азаматтардан кәсіптік біліктілігін тану үшін ваучерлер алуға өтінімдер қабылдау басталды. Бұл бастама жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, азаматтардың кәсіби дамуын қолдауға және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өтінімдерді өңдеуді және консультациялық қолдауды барлық кезеңдерде еңбек мобильділігі орталықтары жүргізетін болады.
Бір реттік ваучер кәсіби біліктілікті тану рәсімінен өтуге және азаматтың тиісті дағдылары мен тәжірибесінің болуын растауға мүмкіндік береді, бұл жұмысқа орналасуды жеңілдетуге көмектеседі.
Ваучерлерді кәсіптік біліктілікті тану орталықтары қабылдайды, бұл жұмыссыз тұлғаларға рәсімнен тегін өтуге мүмкіндік береді.
Ваучер алу үшін азаматтың ресми "Жұмыссыз" мәртебесі болуы, Career Enbek платформасында тіркелуі және жеке кабинет арқылы онлайн өтініш беруі қажет.
Өтінімдер осы жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2025, 11:21 3676
"Ұлттық қор-балаларға": жас қазақстандықтардың шоттарында қанша қаражат бар
Достарға айту
2024 жылдың қорытындысы бойынша "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде 18 жасқа дейінгі (қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін барлық балаларға кезекті нысаналы талаптар есептелді. 2025 жылы 18 жасқа толатын жасөспірімдердің нысаналы жинақтау шоттарына (бұдан әрі - НЖШ) нысаналы жинақтар есепке алынды, деп хабарлайды БжЗҚ баспасөз қызметінен.
Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 921 035 бала. Оның ішінде 324 430 қатысушы 2025 жылы 18 жасқа толады. 2025 жылы есептелген бір балаға арналған нысаналы талаптардың сомасы 2024 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматы болып есептелетін балалардың саны туралы деректерге және балаларға Ұлттық қордан есептелген нысаналы талаптардың 888 794 506 АҚШ доллары мөлшеріндегі жалпы сомасы туралы ҚР Ұлттық Банкінен алынған ақпаратқа сүйене отырып есептелді.
Есепті жыл үшін барлық балаларға бірдей сома есептелді, оның мөлшері бір балаға 129 АҚШ доллары 38 центіне тең.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Бағдарламаға қатысушылардың санын және оларға есептелген нысаналы талаптар/жинақтар сомасын айқындау кезінде қандай да бір себептермен 2023 жылдың қорытындысы бойынша қаражатты есептеу кезінде нысаналы талаптарға қатысушылар/нысаналы жинақтарды алушылар тізіміне енгізілмеген балалардың саны да ескерілді. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алғаннан кейін нысаналы талаптарға қатысушыларға қаражат өткізіп алған кезеңдегі нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс сомасын қоса есептелді.
Бағдарламаға қатысушылардың санын және оларға есептелген 2024 жылғы нысаналы талаптар/жинақтар сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығын 2024 жылы алған балалар, сондай-ақ 2024 жыл ішінде қайтыс болған балалар да ескерілді. Қайтыс болған балалардың нысаналы талаптары мен нысаналы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Бұл ретте 2024 жылы қайтыс болған балалардың нысаналы талаптары БЖЗҚ-дағы НЖШ-ға есепке алынды.
Сонымен қатар, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Бағдарламаға қатысушылардың санын айқындау кезінде нысаналы талаптарды/жинақтарды алу құқығынан Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты айырылған балалар немесе бұрын есепке алынған, бірақ қатысушы/алушы болуға құқығы жоқ балалар есепке алынбады. Бұл ретте осындай қатысушылардың нысаналы талаптары/ жинақтары белгіленген тәртіппен бағдарламаның басқа қатысушылары арасында бөлінді.
Осылайша, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына қатысушылардың санын анықтап, балаларға 2025 жылы қаражат есептеу кезінде жоғарыда аталған барлық факторлар ескерілді.
Сонымен қатар, 2006 жылы туған балаларды қоспағанда, 2024 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді.
Нәтижесінде бағдарламаға 2 (екі) жыл қатарынан қатысқан баланың нысаналы талаптары/нысаналы жинақтары 232 доллар 94 цент болды.
Сонымен қатар, 2006 жылы туған және 2024 жылы 18 жасқа толған балалардың бағдарламаға қатысу уақыты аяқталды. 2024 жылы мұндай балалардың саны 304 815 болды. Олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, БЖЗҚ-да 2024 жылы автоматты түрде ашылған НЖШ-ға түскен өздерінің нысаналы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану құқығына ие болды. 01.01.2025ж. жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ шамамен 5,32 млн АҚШ долларына 53 001 өтініш орындады (18 жасқа толған ҚР азаматтары қатарындағы өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударды). Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтар АҚШ долларымен аударылады және БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында 10 жыл бойы сақталады. Егер осы мерзім ішінде азамат қаражатты пайдаланбаса, онда бұл қаржы БЖЗҚ-да оның атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады. Тек АҚШ долларында емес, ҚР Ұлттық Банкінің аударым жасалған күнгі ресми бағамына сай теңгемен аударылады. Жинақты ерікті зейнетақы шотынан алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
БЖЗҚ бағдарлама шеңберінде барлық нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды, сондай-ақ АҚШ долларында жинақталған инвестициялық кірісті есепке алып, Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпарат береді.
Баланың бағдарламаға қатысу дерегі және оған есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата анасы немесе басқа заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтынан тексере (баланың ЖСН бойынша) алады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысуға, нұсқаулықтар, қызықтырған сұрақтарға жауап алуға болады. Сонымен қатар, сайтта балалардың туған жылдары бойынша нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды қалыптастыру тарихы ұсынылған. Онда есептелген сомалар, инвестициялық кіріс, сондай-ақ БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына нысаналы жинақтардың (НЖ) есептелген жылы көрсетіледі.
Ата-аналар 18 жасқа толмаған баласы бойынша жасалған есептеулер туралы деректерді eGov mobile электрондық үкіметі мен екінші деңгейдегі банктердің ұялы қосымшаларында тексере алады.
Нысаналы жинақтарды кәмелетке толған азамат enpf.kz сайтындағы, БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы, eGov mobile электрондық үкіметінің ұялы қосымшасындағы өзінің жеке кабинетінде өз бетінше тексере алады.
Нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылар, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану бойынша өңірлер бөлінісіндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.
Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы жас қазақстандықтарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе білім алу мақсатында қолдау көрсетуге бағытталған, бұл ересек өмірге қадам басуға көмек болады. Жыл сайын балаларға бағдарламаға қатысқан әрбір жылы үшін есепті жылдан кейінгі жылдың басында Ұлттық қордан нысаналы талаптар/жинақтар түріндегі қаражат, сондай-ақ 18 жасқа толғанға дейінгі инвестициялық кіріс есептеледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2025, 18:56 24771
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2025, 17:52 24986
Әсет Нүсіпов ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсет Ілиясұлы Нүсіпов сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Иллинойс технологиялық институтын (АҚШ) бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында "Ұлттық инновациялық қор" АҚ менеджері болып бастаған.
2006 жылдан 2008 жылға дейін "Flagship Ventures" венчурлық капитал фирмасының Венчурлық жобаларды қаржыландыру департаментінде (АҚШ), Вашингтон қ. (АҚШ) "Small Enterprise Assistance Funds" халықаралық инвестициялық фирмасында тағылымдамадан өтті.
2008 жылдан 2010 жылға дейін "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ жобалық менеджері, Дүниежүзілік банкіндегі Орталық Азиядағы өкілдігінің консультанты, Қазақстан Республикасындағы Азия даму банкі өкілдігінің консультанты, "Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы" ЖМ директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2010-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының инспекторы, сектор меңгерушісі, Астана қ.
2015-2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қ.
2021-2023 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Астана қ.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің өзекті қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Астана қ.
Соңғы жаңалықтар
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2025, 16:48 23256
Қазақстан метан шығарындыларын реттеуді нығайтуда: алғашқы консультациялық семинар басталды
Достарға айту
Қазақстан метан шығарындыларын реттеуді нығайтуда: алғашқы консультациялық семинар басталды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елордада ең қуатты парниктік газдардың бірі - метан шығарындыларын реттеу бойынша алғашқы екі күндік консультациялық семинар өтуде.
Президент Кеңесшісі-Қазақстан Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Зульфия Сүлейменованың басшылығымен іс-шараны Энергетика министрлігі, Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар Министрлігі және халықаралық энергетикалық агенттіктің (IEA), Clean Action Task Force (CATF) және басқа серіктестердің қолдауымен ұйымдастырды. Үкімет, бизнес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Президенттің кеңесшісі-Қазақстан Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Зульфия Сүлейменова:
2012 жылы енгізілген газды күнделікті алау жағуға тыйым салудың арқасында Қазақстан газды жағуды 70% - дан астамға қысқартты. Енді біз метанның ағып кетуін және желдетілуін жоюға дайынбыз. Бұл жай экология емес-бұл тұрақты даму. Біз пайда әкелетін құнды ресурсты жоғалтып жатырмыз: электр энергиясын өндіру, газ импортына тәуелділікті азайту және тіпті экспорттық әлеуетті арттыру".
Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов:
Газ ресурстарын ұтымды пайдалану және экологиялық жүктемені азайту мақсатында заңнамалық базаны жетілдіру және әзірлеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды, бұл жер қойнауын пайдаланушылардың шикі газды кәдеге жарату мәселелерін шешудегі жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді".
Семинардың басты нәтижесі - мұнай-газ және көмір секторларында метан шығарындыларын реттеу бойынша "Жол картасын" әзірлеу. 2023 жылы метан бойынша Жаһандық уәдеге (GMP) қосылған Қазақстан ойын ережелерін өзгертуге дайын: шығарындыларды азайту, инвестициялар тарту және энергия секторының тиімділігін арттыру.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2025, 16:43 23611
Техникалық реттеу талаптарын бұзған субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Достарға айту
Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау тұтынушылар үшін маңызды тетіктердің бірі болып табылады. 2024 жылы жергілікті департаменттер 8 мыңнан астам бақылау іс-шарасын жүргізді. 6152 жағдайда бұзушылықтар анықталды, бұл тексерулердің жалпы санының 74%-н пайызын құрайды. Бұл туралы ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Оның хабарлауынша, бақылаудың 64%-ы профилактикалық сипатта жүргізілді. Бұл ретте бақылау субъектісіне барудың қажеті болмады. Тексеру қорытындысы бойынша 411 млн теңгеден астам сомаға 790 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
2024 жылы барлық облыстарда прокуратура органдарымен бірлесе отырып, құзырымызға кіретін 2528 субъектіге қатысты тексеру шаралары жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша өлшеу құралдарын салыстырып, тексеру мерзімдерін сақтамау фактілері анықталды. Тексерілмеген құралдардың жалпы саны 13 595 бірлікті құрайды. Денсаулықтың маңызды көрсеткіштерін өлшеудің дұрыс емес нәтижелері қате диагнозға әкелуі мүмкін. Нәтижесінде 68 тексеру субъектілері жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 275 млн теңгені құрады", - деді спикер.
2024 жылы делдалдардың тауарларға сертификаттар алу сайттарына ауқымды тексеру жүргізілді. Сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік декларациясы тауардың қауіпсіздігін және оның сынақтардан сәтті өтуін растайтын ресми құжаттар болып табылады. Сәйкестікті бағалауға құқығы жоқ аккредиттелмеген тұлғалардың "жылдам" сертификаттар жарнамасын таратуы тұтынушыларды жаңылыстырады, заңнаманы бұзады және бұл жағдайлар, көбіне, "сұр сертификаттар" деп аталатын құжаттарды берумен байланысты болып шықты. Осылайша, сұр сертификаттарды аккредиттеусіз сатуды насихаттайтын 76 платформа анықталды. Оның ішінде Satu.kz және OLX сайттарына сәйкестікті бағалау құжаттарын сату бойынша жарнамаларды бұғаттау және жою қажеттілігі туралы ескертілді.
Сонымен қатар департаменттер сатылатын өнімнің бірқатар үлгісін бақылау үшін сатып алды, олардың 90%-ына қатысты бұзушылықтар анықталды.
Мемлекеттік бақылау нәтижесінде барлығы 55 жедел ден қою шарасы қолданылды, оның ішінде 48 тауарды сатуға тыйым салынды және 5 млн теңгеден астам сомаға 7 өнім тәркіленді. Мысалы, Ақтөбе қаласында 3,4 мың метр электр кабелі өнімдерін алуға тыйым салуға қаулы берілді. Заңды бұзғандарға айыппұл салынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.01.2025, 11:21"Ұлттық қор-балаларға": жас қазақстандықтардың шоттарында қанша қаражат бар 31.01.2025, 11:27 3161Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады31.01.2025, 11:41 1976"Игі істі бөліс" республикалық флешмобы басталды31.01.2025, 11:30 1581Қазақстанда 78 лауазымды тұлға тексерістен кейін жауапкершілікке тартылды31.01.2025, 12:42 1196Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды
24.01.2025, 16:38 131711Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 128981Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 128671Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті24.01.2025, 15:14 117721Қазпошта алғаш рет әлемнің ТОП-50 пошта операторларынң қатарына кірді24.01.2025, 15:11 1082311 тамыздан бастап Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады
24.01.2025, 16:38 131711Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 128981Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 128671Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 125951Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда09.01.2025, 17:13 1214562024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді