19.03.2023, 08:47 25781
Сайлаудан кейін үкімет отставкаға кетеді
Жаңа үкімет құрылатын болады
Астана. 19 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Конституцияға сәйкес, сайлаудан кейін Үкімет жаңадан сайланған Мәжілістің алдында отставкаға кетеді. Бұл туралы журналистерге дауыс беруден кейін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.
Қазіргі Үкімет әзірге жұмысын жалғастыра бермек.
Конституцияға сәйкес, Парламент жаңадан айланғаннан Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Біз отставкаға кетеміз. Бірақ жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетімізді атқара береміз. Жаңа Премьер-Министр кім болатынын Президент пен жаңа Мәжіліс шешеді. Әрине, біз кез келген өзгерістерге және еліміз үшін жұмыс істеуге дайынбыз", - деді Әлихан Смайылов сайлауда дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалына бере тұрып.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтіп жатыр. Елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10146 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаске дауыс беруге кірісті.
Сайлаушылар тізіміне 12 млн 32 мың 550 азамат енгізілген.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
20.06.2025, 14:52 59561
Қазақстанда әйелдер кеңесі қайта пайда болады
Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде медициналық көмек көрсететін амбулаториялық қызметтердің бірыңғай блогына біріктіре отырып, "Әйелдер консультациясы" бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіреді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бастаманың мақсаты - еліміздің әйел халқына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.
Әйелдер консультацияларының жаңартылған құрылымында ашылады:
* Бір күндік клиникасы бар ұрықты сақтау орталықтары
* Отбасын жоспарлау орталықтары
* Жүктілікті көтере алмауға арналған кабинеттері
* Мультидисциплинарлық топтың қатысуымен жоғары қауіпті және экстрагениталдық аурулары (ЭГА) бар жүкті әйелдерді басқаруға арналған кабинеттер
* Репродуктолог және балалар гинекологының кабинеттері
Негізгі нәтижелер мен жетістіктер:
* Қазақстандағы жүкті әйелдердің 99%-ы босанғанға дейінгі бақылаумен қамтылған
* Үш жылдың ішінде пренаталдық скринингпен қамту 8%-ға өсті, бұл:
- ұрықтың дамуындағы 7000 нан астам бұзылуларды анықтау
- өмірге сәйкес келмейтін ақаулары бар 2000-нан астам баланың туылуына жол бермеу
Туа біткен кемістіктерді ерте анықтаудың қолжетімділігін арттыру үшін 16 перинаталдық орталықта бір күндік клиникалар ұйымдастырылды, онда 100 000-ға жуық жүкті әйел зерттеп-қараудан өтті, 500 000-нан астам медициналық қызмет көрсетілді.
2024 жылы алғаш рет "Феталдық медицина" жобасы басталды:
⠀- ұрыққа 55 жатырішілік операция жасалды
⠀- 86 болашақ жаңа туған нәрестенің өмірі сақталды
⠀-25 әйел егіздермен бірге қауіпсіз босанды
Ағзаны сақтау операцияларының саны 20%-ға артты- 2000-ға жуық әйелдің бала туу ағзасы сақталды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 18 Облыстық перинаталдық орталықты жаңарту бойынша мастер-жоспарларды бекітті:
- жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету үшін аудандарға бару үшін көпбейінді мобилдік топтар құрылды;
-телемедицина, онлайн-тексеру және қашықтықтан консультациялар дамуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2025, 14:44 59776
Үкіметте құны 24 млрд құрайтын қазақ-қытай келісімдерінің іске асырылуы талқыланды
Олжас Бектенов жоғары деңгейдегі келіссөздер қорытындысы бойынша қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес өткізді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің таяудағы сапары барысындағы келіссөздері аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Сыртқы істер министрлігі деректері бойынша, қазір Қазақстанда қытайлық инвесторлардың қатысуымен 50 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, жалпы құны $66,4 млрд болатын 224 индустриялық жоба жүзеге асырылуда. ҚХР Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвесторлардың бестігіне кіреді: 2005-2024 жылдар аралығында инвестиция көлемі $26,4 млрд-ты құрады.
Премьер-министр ҚХР Төрағасының таяуда Қазақстанға жасаған сапары ынтымақтастыққа елеулі серпін бергенін атап өтті. Сондай-ақ Астанада өткен "Орталық Азия - Қытай" индустриялық және инвестициялық ынтымақтастық форумының маңыздылығы атап өтілді. Форум аясында Қазақстан мен Қытай арасында жалпы құны $24 млрд-ты құрайтын 58 коммерциялық келісімге қол қойылды.
Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін кемінде $150 млрд көлемінде шетелдік инвестиция тарту міндетін қойды. Осы тұрғыда жетекші экономикалық державалардың бірі және біздің негізгі инвестициялық серіктесіміз Қытай елімен толыққанды кооперацияны одан әрі тереңдету - Қазақстанның аса маңызды басымдығы. Сондықтан инвестициялар көлемін арттыру, жаңа бірлескен жобаларды іске қосу, әсіресе шикізаттық емес әрі экспортқа бағдарланған өнімдерді өндіру бойынша жүйелі шаралар қажет. Мемлекет басшысының шақыруы бойынша ҚХР Төрағасының Қазақстанға жақында жасаған кезекті сапары екі ел арасындағы экономикалық әріптестіктің жоғары деңгейін дәлелдеп, одан әрі нығайта түсті", - деп тапсырды Олжас Бектенов.
Премьер-министр жаңа жобалары жоқ өңірлерде, оның ішінде Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жұмысты жандандыру қажеттігін баса айтты Олжас Бектенов аталған өңір басшылығына қысқа мерзімде серіктестермен өзара іс-қимыл орнатуды және нақты бастамалар ұсынуды тапсырды.
Ұзақмерзімді серіктестік орнату және инвестиция тарту мақсатында аймақтық делегациялардың Қытай провинцияларына сапарларын жандандыру жөніндегі тапсырманы іске асыруға назар аударылды. Олжас Бектенов ҚХР Төрағасының сапары аясында келісімдерге қол қойып, алдын ала уағдаластықтарды қамтамасыз еткен Астана қаласындағы және Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстары сияқты бірқатар өңірдегі оң динамиканы атап өтті. Қалған өңірлерге осы бағытта жұмыс істеу тапсырылды.
Сондай-ақ кеңес барысында "Орталық Азия - Қытай" форумы аясында өңірлердің қытайлық серіктестермен жасасқан жаңа келісімдерін жүзеге асыру мәселелері қаралды. Мәселен, Алматы облысында "жасыл" энергетика, логистика, АӨК және өнеркәсіп саласындағы жобаларды қоса алғанда, $6 млрд-тан астам соманы құрайтын 7 құжатқа қол қойды. Астана қаласы, Қызылорда және Түркістан облыстары инфрақұрылым, агроөнеркәсіп және өнеркәсіп салаларында бастамалар ұсынды.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қол қойылған келісімдерді іс жүзінде жүзеге асыруды, әрбір кезеңде барлық жобаны сүйемелдеуді, сондай-ақ бірыңғай мемлекеттік инвестициялық саясат шеңберінде іс-қимылдарды үйлестіруді қамтамасыз ету тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2025, 13:00 73541
Жасанды интеллект тергеушілерге көмектеседі: ІІМ пилоттық жобаны іске қосты
Жобаның басты мақсаты - қылмыстық істерді тергеу сапасы мен жеделдігін арттыру
Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні жедел дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тергеушінің интерактивті көмекшісі жобасын іске қосты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жобаның басты мақсаты - қылмыстық істерді тергеу сапасы мен жеделдігін арттыру. Жасанды интеллект "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесіне біріктірілген және тергеушінің күнделікті жұмысын автоматтандыруға көмектеседі.
Жүйенің мүмкіндіктері:
- дауысты мәтінге айналдыру;
- түрлі адамдардың жауаптарын салыстырып, қарама-қайшылықтарды анықтау;
- жауап алу үшін нақтылайтын сұрақтар ұсыну;
- процессуалдық құжаттарды автоматты түрде қалыптастыру.
Ол төрт негізгі модульден тұрады:
- тергеуді жоспарлау; жауаптарды өңдеу;
- құжаттарды дайындау;
- талдау және болжам жасау.
Бұл жоба тергеу уақытын қысқартып, тергеушілерді техникалық жүктемеден босатуға мүмкіндік береді. 19 маусымнан бастап жүйе пилоттық режимде Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы базасында іске қосылды. Келесі аптада Ақмола облысы Қосшы қалалық полиция бөлімінде іске қосу жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2025, 12:52 74071
Air Astana Атыраудан Дубайға қатынайтын рейстерді уақытша тоқтатты
Air Astana Атыраудан Дубайға қатынайтын рейстерді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды әуекомпаниясынң баспасөз қызметінен.
Air Astana 28 маусымнан бастап Атырау-Дубай бағыты бойынша ұшу уақытының едәуір ұзаруына байланысты уақытша орындалмайтынын хабарлайды. Дубайға Астана мен Алматыдан ұшатын рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігі тысында жалғасады.
Уақытша тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Алматы және Астана қалаларынан Дубайға немесе Атыраудан басқа бағыттарға тегін қайта брондау не билеттің толық құнын қайтару ұсынылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2025, 12:43 74681
Түркістан облысында суармалы судың тапшылығын шешу үшін жаңа су қоймалары салынуда
Түркістан облысында суармалы судың тапшылығын шешу үшін жаңа су қоймалары салынуда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңірде жаңа су құрылыстарын салу бойынша жобалар белсенді іске асырылуда. Қазірдің өзінде "Бәйдібек ата" су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ "Боралдай" жобасының жұмысы басталды. Осы жобалар аяқталғаннан кейін "Бөген" су қоймасына қосымша 113 млн м3 су жіберіледі деп күтілуде, бұл суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуді айтарлықтай арттырады.
Сонымен қатар өңірде Ордабасы мен Сауран аудандарында қосымша су қоймалары іске қосылады, бұл тәулігіне 194 м3 дейін су беруге мүмкіндік береді.
Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 890 мың гектарға, өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға артық егілді. Оның ішінде, суармалы алқап 552,0 мың гектарды құрайды. Егістікке қажетті ағын су көлемі фермерлердің сұранысына сәйкес бөлінеді. Вегетациялық маусым басталды және қалыпты деңгейде өтіп жатыр", - деп атап өтті Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2025, 10:47 74301
Премьер-министр вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құруды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов вегетациялық кезеңді өткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Онда еліміз бойынша, сондай-ақ су тұтынудың 97%-ын құрайтын оңтүстік өңірлердің ахуалы, сонымен қатар ауыл шаруашылығында егіс құрылымын қазіргі жағдайға бейімдеу және ылғалды аз қажет ететін дақылдарға көшу, су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша ауыл шаруашылығында қабылданып жатқан шаралар қаралды.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы және Жетісу облыстары әкімдерінің баяндамасы тыңдалды.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметі бойынша, "Қазсушар" РМК филиалдары ауыл шаруашылығы өндірушілеріне су беруді ұйымдастырды. Бүгінде 22,5 мың келісімшарт жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 3 мыңға артық.
Талқылау барысында Шу, Талас және Сырдария өзендеріндегі жағдай, суды бөлудегі ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды. Су үнемдеуді ынталандыру мақсатында елімізде егіндік суға арналған субсидиялардың сараланған мөлшері енгізілді: су үнемдеу технологияларын пайдаланатын шаруалар үшін мұндай технологияларды қолданбайтындарға қарағанда - субсидиялар мөлшері жоғары. Сонымен қатар суды заңсыз пайдаланумен күресу және су ұрлау фактілерінің алдын алу шаралары қабылдануда.
Премьер-министр шаруалардың қажеттіліктерін су ресурстарымен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығының сұраныстарын қанағаттандыру көбірек назар аударуды талап ететінін атап өтті.
Тиімділікке, үнемділікке және ведомствоаралық келісімділікке баса назар аудара отырып, су тәуекелдерін алдын ала басқаруға көшу қажет. Облыс әкімдері сумен жабдықтау ұйымдарының егіндік сумен шаруаларды қамтамасыз ету, суару технологияларын сақтау, суару реттілігі және коллекторлық-дренаждық суды қайта пайдалану жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз етуі тиіс. Су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын күшейту қажет. Мүдделі мемлекеттік органдар мен фермерлер бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құруды тапсырамын. Суды заңсыз пайдалануды бақылауды күшейту және бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жандандыру маңызды", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Су ресурстары және ирригация министрлігіне көршілес елдермен трансшекаралық өзендер бойынша ынтымақтастықты нығайту, су беру лимиттерін бақылауды күшейту және жедел әрекет ету, құрылыстарға жөндеу жүргізу тапсырылды.
Сондай-ақ спутник деректерін пайдалана отырып және интерактивті карталарда су тапшы аймақтарды көрсету арқылы суды пайдаланудың цифрлық мониторингін енгізуді қамтамасыз ету қажет.
Үкімет шаруаларды сумен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауда, вегетациялық кезеңнің өту барысы тұрақты бақылауда. Аталған жұмысты үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2025, 14:54 103031
Мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды
Елорда нысандарын аралау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Дәулет" МКҚК теннис орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.
Дәулет" орталығы - елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.
Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 - ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2025, 14:53 103331
Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен 19 ауыз сумен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау нысанының құрылысы қаржыландырылды, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Мәселен, 2025 жылғы 17 маусымда Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Қордай ауданы Үлкен-Сұлутөр ауылында бой көтерген жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысты.
Прокуратура органдары тарапынан заңсыз шығарылған активтерді қайтару бағытында жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар аясында біздің өңірде әлеуметтік маңызды инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қабылданды. Оның жарқын мысалы - медициналық көмекпен шалғай ауылдарды қамтамасыз ету болып табылады", - деп облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров атап өтті.
Бұл амбулатория ел бойынша бағдарлама аясында пайдалануға берілген алғашқы нысандардың бірі болып табылады. Оның ашылуына дейін ауыл тұрғындарына 1959 жылы салынған ескі ғимаратта қызмет көрсетілген.
Аудан орталығы мен Үлкен-Сұлутөр ауылы арасындағы үлкен қашықтықты ескере отырып, жаңа амбулатория 1500-ден астам тұрғынға қажетті медициналық қызметтерді ауылдан шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді.
Медициналық мекеме алғашқы дәрігерлік және дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін қажетті заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, физиотерапия, оңалту және ЭКГ кабинеттерімен жабдықталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.06.2025, 14:53Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылды 19.06.2025, 14:54 102621Мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды20.06.2025, 12:43 74271Түркістан облысында суармалы судың тапшылығын шешу үшін жаңа су қоймалары салынуда20.06.2025, 10:47 73891Премьер-министр вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құруды тапсырды20.06.2025, 12:52 73661Air Astana Атыраудан Дубайға қатынайтын рейстерді уақытша тоқтатты
02.06.2025, 17:03 145106Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі05.06.2025, 17:53 133451Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті03.06.2025, 14:47 133191Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды05.06.2025, 17:14 133171Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты04.06.2025, 14:09 128566Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды