29.03.2023, 10:46 20616
Президент электр энергетикасы мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістерді жедел қабылдауды тапсырды
Сурет: Depositphotos
Электр энергетикасы нарығын дамытудың жаңа моделі әзірленуде
Астана. 29 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Әбден тозған энергетика инфрақұрылымы әрең жұмыс істеп тұр. Инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұстанымдарды қайта қарау қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.
Ол биылғы қыстың көзі қырауда бірқатар аймақта қалалар мен елді мекендер жылусыз қалғанын еске салды.
Менің тапсырмаммен электр энергетикасы нарығын дамытудың жаңа үлгісі дайындалып жатыр. Сол арқылы осы салаға қосымша инвестиция тарту көзделіп отыр. Сондай-ақ бұл құжат осы саланың барынша ашық болуын қамтамасыз етпек. Мәжілісте электр энергетикасына қатысты үш заң жобасы бар. Депутаттық корпустан оларды жедел қарауды және тиісті заңнамалық өзгерістерді қабылдауды сұраймын", - деп тапсырды Президент.
Ол коммуналдық желілердің жоғары тозуына байланысты барлық дерлік аймақтарда ауыр апаттар үнемі болып тұратынын атап өтті. Көптеген қалаларда негізгі инфрақұрылымның жетіспеушілігі байқалады: жолдар, электр желілері, газ құбырлары және т.б.
Біз еліміздің инфрақұрылымдық қуатын қалыптастыруымыз қажет. Сондықтан мен Ұлттық инфрақұрылым жоспарын қабылдауды ұсынамын. Құжатта осы саладағы басты мәселелер ашық көрсетілуге тиіс. Сонымен бірге 2029 жылға дейін іске асырылатын негізгі жобалар қамтылуы қажет", - деді Тоқаев.
Бұған дейін хабарланғандай, Екібастұз, Рудный және Риддер қалаларында ағымдағы жылыту маусымында болған бірқатар апаттар суық мезгілде қала тұрғындарын жылусыз қалдырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдар мен энергетика объектілерінің иелерін жылыту маусымына дайындық бойынша талапқа сай жұмыс жүргізбегені үшін сынға алды.
Энергетика министрі Болат Ақшолақов 2023 жылдың бірінші тоқсанында еліміздің барлық ЖЭО және электр желілерінің аудиті аяқталатынын хабарлады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
28.03.2025, 19:49 42531
Банкроттықтың қазақстандық моделі халықаралық сарапшылардың назарына ұсынылды
Банкроттықтың қазақстандық моделі халықаралық сарапшылардың назарына ұсынылды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 28 наурызда Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметовтің төрағалығымен "Парад Ассамблеясы" халықаралық дағдарысқа қарсы конгресінің өкілдерімен кездесу өткізілді.
Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және "Қазақстандық оңалту және банкроттық рәсімдеріндегі басқарушылар одағы" Өзін-өзі реттейтін ұйымның өкілдері қатысты.
Кездесу барысында банкроттықтың қазақстандық моделі таныстырылып, халықаралық сарапшылардың оң бағасын алды. Басты жетістіктер арасынан мына реформалар атап өтілді:
-оңалту және банкроттық рәсімдерінің әкімшісін дербес кәсіп ретінде анықтау;
-Қазақстанның банкроттық саласындағы халықаралық реттеушілер қауымдастығының мүшелігіне кіруі;
-банкроттық рәсімдерін цифрландыру, оның ішінде әкімші үшін жұмыс орнын құру;
-жеке тұлғалардың банкроттық институтын, сондай-ақ соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану мақсатында борышкер туралы ақпарат өңделетін 24 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың базаларымен интеграцияланған "Qoldau" ақпараттық жүйесін енгізу.
Кездесу, ағымдағы жылдың 16-18 қыркүйегінде Алматы қаласында жоспарланған "Дағдарысқа қарсы басқару - шекарасыз" атты ұранымен өтетін "Парад Ассамблеясы" халықаралық дағдарысқа қарсы конгресіне дайындықтың басты кезеңі болды.
Конгрес шеңберінде ТМД елдерінің банкроттық жөніндегі сарапшылары дағдарысқа қарсы реттеу саласындағы үздік тәжірибені талқылайды. Қазақстандық тарап бұл диалог алаңын озық халықаралық тәжірибені және банкроттық саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдірудің маңызды мүмкіндігі ретінде қарастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2025, 17:41 42851
Тоқаев Досаевқа экология мәселесіне ден қоюды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысына Алматының биылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары және қаланы өркендетудің перспективасы баяндалды. Ерболат Досаевтың айтуынша, аталған кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 7 пайызға дейін артқан, жыл қорытындысы бойынша өңірлік жалпы өнім 6,4 пайызға өседі деп болжанып отыр.
Президент тапсырмасына сәйкес, Алматыда экономиканы әртараптандыру және инвестиция тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қала әкімінің айтуынша, жыл соңына дейін құны 450 миллиард теңгеден астам қаражатқа 33 жаңа инвестициялық жоба іске асырылады. Биыл жалпы инвестиция көлемі 2,2 триллион теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артады.
Алматы әкімі Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыратын "Таза Қазақстан" бағдарламасының орындалуы жайында мәлімет берді. Аулалар, көше-жол желілері мен жасыл аймақтарды кешенді түрде күтіп, баптау үшін үш жылдық келісімшарт тәсілі енгізілді.
Президент бұған дейін шаһардың экологиялық жағдайын жақсарту, жыл соңына дейін қаладағы қоғамдық көліктерді экологиялық талапқа толық сай ету, сондай-ақ Алматының көлік құрылымын қалыптастыру бойынша тапсырма берген болатын. Кездесуде осы жұмыстардың нәтижелері баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевқа экология мәселесіне ден қойып, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, жыл соңына дейін сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету міндетін жүктеді. Сондай-ақ Алматының орнықты дамуына қатысты берген тапсырмаларын мұқият орындау қажет екенін айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2025, 16:36 43096
Қырғызстанға жаңа әуе бағыты ашылуда
Рейстер аптасына 4 рет орындалады
Қырғызстанға жаңа әуе бағыты ашылуда, деп хабарлайды Азаматтық авиацияның баспасөз қызметінен.
ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде қолданыстағы бағыттар бойынша рейстердің ұшу географиясын кеңейту және олардың санын көбейту бойынша жұмыс жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап "Эйр Астана" қазақстандық әуе компаниясы Қырғызстанға Алматы-Ош бағытымен жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр.
Рейстер аптасына 4 рет орындалады (сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі).
Осылайша, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 7-ден 11-ге дейін артады. Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастық дамуына ықпал етеді деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2025, 09:47 46551
Зайсан әуежайында негізгі құрылыс жұмыстары басталды
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Зайсан, Қатон-Қарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу тапсырмасы аясында жүргізілуде. Көлік министрі Марат Қарабаев Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы жаңа әуежай алаңында негізгі құрылыс жұмыстарының басталу барысымен танысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жобаға сәйкес әуежай Зайсан қаласынан шамамен 25 шақырым жерде орналасқан Сәтбай ауылының маңындағы бұрынғы әскери әуеайлақ базасында салынады. 184,5 гектар жерді алып жатқан учаске географиялық және метеолорогиялық жағдайды, сондай-ақ логистикалық қолжетімділікті ескере отырып таңдалды.
Әуежайда алдағы уақытта кеңейту мүмкіндігімен ұзындығы 2200 метр болатын ұшу-қону жолағы салынады. Бұл әуежай аймағында Bombardier Q400, ATR-72 және басқа да ұқсас типтегі заманауи әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. Қазір отандық әуе компания ATR-72 ұшақтарын сатып алу мәселесін пысықтауда. Жоба аясында 4 әуе кемесіне арналған перрон, сағатына 150 жолаушыға дейін өткізу қабілеті бар 4000 шаршы метрлік заманауи аэровокзал, командалық-диспетчерлік пункт, авариялық-құтқару қызметі, метеостанция және радионавигациялық жабдықтар қарастырылған.
Әуежай құрылысы аяқталып, нысан қолданысқа берілген соң Қытайдың Үрімші, Алтай және Қанас қалаларына халықаралық бағыттар ашу жоспарланған. Астана, Алматы және Өскеменге қатынайтын ішкі бағыттар тұрақты әуе байланысын қамтамасыз етіп, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, ел тұрғындарының жүріп-тұруын жақсарта түспек", - деді көлік ведомствосының басшысы Марат Қарабаев.
Қазір Зайсанға жыл сайын шамамен 23 мың турист келеді. Әуежай іске қосылып, инфрақұрылым дами түскенде бұл көрсеткіш 136 мың туристке дейін өседі деп күтілуде.
Марат Қарабаев әуежай құрылысы Қазақстанның логистикалық әлеуетін дамытуға қосымша мүмкіндік ашатынын атап өтті. Сәтбай ауылы маңында жаңа әуежай салу және "Қалбатау-Майқапшағай" күре жолының реконструкциясын аяқтау жұмыстары Зайсан қаласында арнайы ірі логистикалық хаб ашуға мүмкіндік береді. Көлік министрі қазір бұл мәселені Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасындағы әріптестермен пысықталып жатқанын атап өтті.
Бұл ретте Тұғыл ауылында өзен порты салынады. Бастапқы кезеңде жүктер Тұғыл портына автокөлікпен тасымалданады. Одан әрі Ресей Федерациясына қарай өзен арқылы кеме қатынасы орнатылады. Жүктердің бастапқы көлемі 2 млн тонна болса, уақыт өте келе бұл көрсеткіш 10 млн тоннаға дейін артады деп күтілуде. Қытайдағы әріптестермен қазір "Тұғыл" портын теміржолмен байланыстыратын және Ресейдегі Обь өзеніне, одан әрі Солтүстік теңізге шығатын "Қытай-Қазақстан-Ресей" мультимодальды логистикалық маршрутын құруға бағытталған төртінші теміржол өткелі пунктін салу пысықталуда.
Сондай-ақ биыл мамандар Шығыс Қазақстан өңіріндегі барлық бес теміржол вокзалын (Өскемен-1, Алтай, Күмістау, Риддер, Шемонаиха) жөндейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2025, 16:34 64486
Қазақстанда электр станцияларындағы жабдықтардың тозуы 56% жетеді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен энергетиканы дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте саланың негізгі бағыттары, оның ішінде жаңа қуат көздерін іске қосу, инфрақұрылымды жаңғырту, Батыс аймақтың электр желілерін еліміздің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіру, энергия тиімділігін арттыру және басқа да мәселелер қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, "Самұрық-Энерго" АҚ және "KEGOC" АҚ компаниялары басшылығы, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстанда 227 электр стансасы жұмыс істейді. Станса жабдықтарының орташа тозу деңгейі 56%-ға жетеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 4%-ға өсті. Жаңа қуат көздерін іске қосу қолданыстағы стансаларды жаңғырту және жаңа генерациялайтын қондырғылар салу есебінен болжануда. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов өткен жылы 771 МВт жаңа қуат көзі, оның ішінде Екібастұз ГРЭС-1-дегі №1 блок қалпына келтірілгенін, Атырау ЖЭО-дағы №6 турбина, Жезқазған қаласындағы ЖЭО-да №8 қазандық ауыстырылғанын, сондай-ақ жалпы қуаты 163 МВт баламалы энергетика жобалары іске қосылғанын айтты. Генерациялайтын қондырғыларды жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңарту бойынша жалпы қуаты шамамен 2 ГВт болатын 14 инвестициялық келісім жасалды. Биыл 621 МВт, 2026 жылы - 2,6 ГВт іске қосу жоспарланған. Экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін өтеу үшін 2029 жылға дейін 68 жоба жүзеге асырылады. Жалпы, 2035 жылға дейін жалпы қуаты 4,2 ГВт қолданыстағы стансаларды жаңғырту, реконструкциялау және кеңейту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Ақтөбе, Батыс, Сарыбай жүйеаралық электр желілері KEGOC филиалдарының 220-500 кВ әуе желісін реконструкциялау жобасы аяқталды, оның шеңберінде нормативтік пайдалану мерзіміне жеткен жалпы ұзындығы 2 мың шақырымды құрайтын қолданыстағы 24 электр беру желісіне жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ті жаңғырту жұмыстарының барысы туралы айтылды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев еліміздің ірі кәсіпорындарымен экономиканың энергия сыйымдылығын және энергия тұтынуды төмендету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Іске асырылған бірқатар жоба аталды. "КарЦемент" кәсіпорнындағы сорғы жабдықтарын жаңғырту электр энергиясының үлестік шығынын 15,4%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Қазақстан электролиз зауыты электролизерлер мен оқшауланған электр қазандықтарын күрделі жөндеуден өткізіп, электр энергиясын тұтынуды 4,5%-ға азайтты. Ақтөбе мыс компаниясы газ поршенді қондырғылар жұмысын оңтайландыру және отын қоспасын беруді реттеу арқылы электр энергиясының шығынын 2%-ға қысқартты. Сондай-ақ бюджеттік сектордың энергия тұтынуына мониторинг жүргізілуде. Цифрландыру шеңберінде Мемлекеттік энергетикалық тізілім энергия үнемдеу саласындағы Бірыңғай ақпараттық жүйеге трансформациялануда.
Президент энергетиканы өзін-өзі қамтамасыз ететін әрі бәсекеге қабілетті ел құрудың негізгі бағыттарының бірі ретінде атады. Бұл табысты цифрландыру мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу - оған тікелей тәуелді болатын жаңа әлемдегі тұрақты ілгерілеудің негізгі факторы. Бұл жерде Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанда орасан зор мүмкіндіктер бар.
Сонымен қатар жоспарланған жобалардың уақтылы орындалмауы экономиканың дамуын тежейді. Мұндай жағдайға жол беруге болмайды. Біз белсенді түрде жұмыс істеуіміз керек. Бірқатар ірі жоба қазірдің өзінде электр қуатын қажет етіп отыр", - деді Олжас Бектенов. Маңызды жобалар қатарында Семей, Өскемен және Көкшетау қалаларында заманауи көмір станцияларын іске қосу, Екібастұз қаласындағы заманауи ГРЭС-3 станциясының құрылысы атап өтілді.
Кеңес соңында бірқатар тапсырма берілді. Биыл KEGOC Батыс аймақтың электр желілерін БЭЖ-бен біріктіру үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауы қажет, жұмыс 2027 жылы аяқталуы тиіс. Аталған жоба тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады. Премьер-министр көмір химиясын дамытуға баса назар аударып, жоғары өңделген өнім өндіру үшін көмірді өңдеудің инновациялық технологиясын белсенді пайдалануды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2025, 16:32 64711
ҚазАгроҚаржы лизингтің тағы бір жеңілдетілген бағдарламасын қайта іске қосты
ҚазАгроҚаржы лизингтің тағы бір жеңілдетілген бағдарламасын қайта іске қосты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстандық шаруалар үшін ауыл шаруашылығы техникасын тиімді шарттармен лизингке сатып алудың тағы бір мүмкіндігі туды.
ҚазАгроҚаржы" АҚ отандық өндіріс техникасы мен көлік құралдарын сатып алу үшін "Қазақстанда жасалған" жеңілдетілген бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды бастады.
2024 жылы "Қазақстанда жасалған" бағдарламасы бойынша шаруалар 10,5 млрд теңге сомасына 336 бірлік техника сатып алды. Әсіресе, тракторлар мен комбайндарға сұраныс көп түскен. Жалпы алғанда, бағдарлама іске қосылғаннан бастап агробизнесмендер а/ш техникасының екі мыңнан астам бірлігін сатып алған.
2025 жылы "ҚазАгроҚаржы" АҚ "Қазақстанда жасалған" бағдарламасының шарттарын өзгеріссіз қалдырып отыр.
Отандық өндірісті қолдау мақсатында фермерлерге отандық өндірілген/құрастырылған а/ш техникасы мен көлік құралдары мынадай жеңілдетілген шарттар бойынша қолжетімді: қаржыландыру мерзімі - 10 жылға дейін (басқа бағдарламаларда 7 жыл), жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемесі - 6%, аванс - 15% бастап. Сондай-ақ, бірінші лизингтік төлемді субсидиялар есебінен төлеуге болады.
Ағымдағы жылы "Жеңілдетілген лизинг" бағдарламасы да қолданыста екенін атап кетеміз. Шаруалар ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 5% мөлшерлемемен, 7 жылдан аспайтын мерзімге, бірінші лизингтік төлемді 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігімен сатып ала алады. Бұл бағдарламаға 200 млрд теңге бөлінген.
Қазақстанда жасалған" және "Жеңілдетілген лизинг" бағдарламалары бойынша өтінімдер қабылдау https://t.me/kaz_agro_finance_bot сілтемесі бойынша telegram-бот арқылы жүзеге асырылады.
Өтінім берген соң клиент 5 жұмыс күні ішінде құжаттардың толық пакетін "ҚазАгроҚаржы" АҚ филиалына тапсыруы тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2025, 13:22 66601
Су тасқынының мониторингі: министрлік су қоймаларынан су жіберуді жалғастыруда
Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
27 наурыз күнгі жағдай келесідей:
Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 1,5 текше метр, Сілеті су қоймасынан 150 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 8,3 текше метр су жіберілуде.
Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метрден су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 67%-ға толы.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 620 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су жіберілуде.
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 660 текше метр су жіберілуде.
Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 12,2 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 9,3 текше метр, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 2,2 текше метрден су жіберілуде.
Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 10 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 5 текше метр су жіберілуде.
Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 4,7 текше метр су жіберілуде.
Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде. Қазір екі нысан да белсенді су жинауда, орта есеппен 68%-ға толды.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 493,2 текше метр, Петропавл су қоймасынан 195 текше метр су жіберілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2025, 10:03 66971
Қазақстанда қанша шетелдік еңбек қызметін жүзеге асырады
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 584 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі - ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 569 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 514 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады - тиісінше олар 4 711 және 1 010 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 217 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 563 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 744 жұмыс беруші бар. Оларда 377,6 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,5% - ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында - 5 052 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы - 1 296 адам, өңдеу өнеркәсібі - 1 281 адам, тау - кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 1 263 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер - 975 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай - 4 945 адам, Үндістан - 1 169 адам, Түркия - 1 165 адам, Өзбекстан - 1 056 адам.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2%, 14,8 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.03.2025, 10:03Қазақстанда қанша шетелдік еңбек қызметін жүзеге асырады 27.03.2025, 13:22 66616Су тасқынының мониторингі: министрлік су қоймаларынан су жіберуді жалғастыруда24.03.2025, 12:47 66226Алматы тұрғындарына қатты нөсер мен найзағай болуына байланысты тауға шығуды тоқтату туралы хабарланды27.03.2025, 16:32 64726ҚазАгроҚаржы лизингтің тағы бір жеңілдетілген бағдарламасын қайта іске қосты26.03.2025, 18:03 64626Мемлекет басшысы Бангладеш Президентін құттықтады
07.03.2025, 16:20 138136Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда06.03.2025, 17:04 134726Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді06.03.2025, 17:02 133086Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді20.03.2025, 17:49 120776Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды20.03.2025, 17:38 119676Тоқаевқа Қазақстандағы су тасқыны жөнінде баяндалды