07.04.2023, 09:20 46601

Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері Астанада келіссөз жүргізеді

10 сәуірде Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен Қазақстанға келеді
Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері Астанада келіссөз жүргізеді
Сурет: akorda.kz
Астана. 7 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы 10 сәуірде Қазақстанға Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 

Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны