29.05.2024, 14:07 103886

Алакөладегі үш арал туристер үшін жабылады

Алакөладегі үш арал туристер үшін жабылады, деп хабарлайды Алакөл мемлекеттік табиғи қорығынан.

Алакөл көлінің Үлкен, Орта және Кіші Аралтөбе аралдары Алакөл көлінің солтүстік-шығысында орналасқан. Олар бір-біріне жақын, ұзындығы 17 шақырымға созылған аралдар тобын құрайды. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да аралдарды нағыз "құс базары" деп атауға болады. Орта Аралтөбе аралы өгізшағала, қарабас өгізшағала, үлкен суқұзғыны, көне дәуір шағаласы, үлкен қарқылдақ, татрең қарақасы, бұйра бірқазан сияқты ерекше отарлық суда және су маңын мекендейтін құстардың ұя салу орны болып табылады.

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы ескертеді: Алакөл көліндегі ҮЛКЕН, ОРТА, КІШІ АРАЛТӨБЕ АРАЛДАРЫ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жататынын ескертеді. Аралдарда мамыр-қыркүйек айлары аралықтарында құстар ұя салып, балапан басуға отырады. Олардың ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар көптеп кездеседі. Сол себепті жеке адамдардың аралдардағы құстарды мазалау факторы болмауы тиіс. Аралдарға суда жүзетін, әуеде ұшатын көліктердің қандай да бір түрлерімен қатынауға қатаң тыйым салынады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны