10.05.2024, 11:21 71836

Алдағы жылыту маусымына дайындық қарқынды жүргізілуде

Алдағы жылыту маусымына дайындық қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Биыл республиканың электр стансаларында 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланған. Электр желілері жалпы ұзындығы 20,9 мың км электр желілерін, сондай-ақ 423 жоғары вольтты қосалқы стансаларды жөндеуді көздейді. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп келеді, кешігулер жоқ.

Энергетика саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар 2024 жылы салаға шамамен 327 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді, бұл өткен жылғы деңгейден 44%-ға артық.

Сонымен қатар энергия көздерін дайындауға ҚР Үкіметінің резервінен алдын ала 17 млрд теңге бөлінді. Қалған өтінімдер бойынша жұмыс жақын арада аяқталады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны