06.05.2024, 12:11 110591

Алматы - Өскемен тас жолының бойынан ай сайын 100 тоннадан астам қоқыс жиналады

Күрежолмен күніне 4,5 мыңнан аса көлік жүреді
Жетісу облысында жол бойынан ай сайын 100 тонна қоқыс жиналады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Жетісу облысындағы жол саласының мекемелері де атсалысып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Сенбілікке шыққан 100-ге жуық адам «Алматы-Өскемен» автомагистралінің бойын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Күрежолмен күніне 4,5 мыңнан аса көлік жүреді. Жалпы тазалық акциясы басталғалы өңірдегі елді мекендерден 900 тонна қоқыс шығарылып, 20 мың жас көшет егілді.

Әр айда 100 тоннадан астам қоқыс шығарылады. Осыған байланысты жолды таза ұстасақ, жол бойына қоқыс тастамасақ, демалыс алаңшаларында арнайы жәшіктер бар. Сол жерлерге тастап, жол тазалығын сақтауды сұраймыз", деп мәлім етті жол пайдалану бөлімінің басшысы Серік Мұсаұлы.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны