28.04.2025, 18:23 31681
Алматы облысының әкімі Тоқаевқа Қонаев және Алатау қалаларының дамуы туралы баяндады
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысының 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.
Марат Сұлтанғазиев экономиканың негізгі секторларында өсім байқалатынын баяндады. Атап айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 миллиард теңгені, ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 миллиард теңгені құраған. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқан.
Президентке жыл басынан бері 12 жаңа өнеркәсіп жобасының іске қосылғаны туралы мәлімет берілді. Оның ішінде "GALANZ bottlers" өндіріс алаңының кеңеюі, "Бартоғай ГЭС-28" және Шарын өзеніндегі шағын ГЭС каскадының құрылыстары сияқты ауқымды жобалар бар. Жалпы, өңірде құны 2,4 триллион теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 36 776 жұмыс орны ашылады.
Мемлекет басшысына Қонаев және Алатау қалаларын дамыту барысы жөнінде айтылды. Жаңа бас жоспарға сәйкес, облыс орталығында "Smart Qonaev" қаланы басқарудың бірыңғай жүйесі енгізілуде. Алатау қаласының бас жоспарына түзетулер жасау және көлік-инженерлік инфрақұрылымды жобалау жұмыстары басталды.
Облыс әкімінің айтуынша, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 17 білім ордасының құрылысы қолға алынған. Бұдан бөлек, өңірдегі үш ауысымды оқу мәселесін шешу үшін мемлекет-жекеменшік әріптестік негізінде 19 мектеп салу жоспарланған. 2025-2027 жылдары 91 оқу ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекет басшысы Қонаев және Алатау қалаларын, жалпы Алматы агломерациясын дамытуға қатысты барлық белгіленген мақсаттарды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызын атап өтті. Президент индустриалды аймақтар мен Аlatau АЭА-ның әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ коммуналдық және елді мекендердегі жолдардың құрылысына баса мән беруді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.05.2025, 14:34 10986
Жазда теміржол көлігімен 7 млн жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр
Жазда теміржол көлігімен 7 млн жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында теміржол және су көлігі комитеті төрағасы Жәнібек Тайжанов мәлім етті.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен 20,8 миллион жолаушы тасымалданды (өсім 6 пайызды құрады). Биыл 22 миллион жолаушы, оның ішінде жазғы кезеңде 7 миллион жолаушы тасымалданады деп күтілуде.
Биыл Алакөлге, Балқашқа, Шымкентке, Алматы мен Астана қалалары арасында қатынайтын 12 қосымша бағыт қамтамасыз етіледі.
Олардың қатарында:
№ 253/254 "Астана - Достық" (Тальго);
№ 207/208 "Алматы - Достық" (Тальго);
№ 211/212 "Алматы - Достық" (Тальго);
№ 221/222 "Алматы - Достық";
№ 457/458 "Семей - Достық";
№ 459/460 "Өскемен - Достық";
Алматы - Достық";
Қызылорда - Достық";
Павлодар - Достық";
№ 201/202 "Астана - Алматы";
№ 203/204 "Астана - Шымкент";
№ 219/220 "Қарағанды - Балқаш".
Бұл шаралар қосымша 300 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
Жолаушылар ағыны артқан сайын қолданыстағы пойыздардың құрамы кезең-кезеңімен ұзартылады (қосымша вагондар жалғанады). Бұл шамамен 1 миллион қосымша орынды қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 14:28 11226
Алматы әкімі жылыту маусымына инженерлік инфрақұрылымды дайындау барысымен танысты
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды алдағы жылыту маусымына дайындық жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Жиын барысында қала басқармалары, коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдардың басшылары атқарылған жұмыстар мен инженерлік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту және салу жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Биыл 39 шақырым жылу желілерін, 238 шақырым электр желілерін, 260 шақырым су құбырын және 34,7 шақырым газ желісін қайта жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар, 2025 жылы 347 шақырым су және кәріз желілерін салу және жаңғырту, сондай-ақ, 69 қазандықты жөндеу және 16 қазандықты жаңғырту жоспарланған. Бұл жұмыстар аясында 12 қазан, 47 механизм, 11 сыйымдылық және газ жабдықтары ауыстырылады.
Кеңесте инженерлік желілердің қазіргі жағдайына қатысты деректер ұсынылды: тозу деңгейі - жылу желілерінде 56,1%, электрмен жабдықтауда 64,5%, сумен жабдықтауда 51,73%, газда 36%. Қала әкімі инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды алдағы жылыту маусымына дайындық жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Жиын барысында қала басқармалары, коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдардың басшылары атқарылған жұмыстар мен инженерлік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту және салу жөнінде есеп берді.
Биыл 39 шақырым жылу желілерін, 238 шақырым электр желілерін, 260 шақырым су құбырын және 34,7 шақырым газ желісін қайта жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар, 2025 жылы 347 шақырым су және кәріз желілерін салу және жаңғырту, сондай-ақ, 69 қазандықты жөндеу және 16 қазандықты жаңғырту жоспарланған. Бұл жұмыстар аясында 12 қазан, 47 механизм, 11 сыйымдылық және газ жабдықтары ауыстырылады.
Кеңесте инженерлік желілердің қазіргі жағдайына қатысты деректер ұсынылды: тозу деңгейі - жылу желілерінде 56,1%, электрмен жабдықтауда 64,5%, сумен жабдықтауда 51,73%, газда 36%. Қала әкімі инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Мен күн сайын жылыту маусымына дайындық барысы туралы мәлімет алып отырамын. Егер қандай да бір кешеуілдеу болса, дереу шара қолданамыз. Магистралдық желілер мен энергетикалық жобаларды жаңғырту бойынша келісімшарттар жасалған, қаржыландыру қамтамасыз етілген, жұмыс жүргізіліп жатыр. Бақылауды босаңсытуға болмайды, әсіресе, тұрғын сектор мен әлеуметтік нысандардың дайындығына ерекше назар аудару қажет", - деді Дархан Сатыбалды.
Кеңестен кейін Дархан Сатыбалды қаланың бірқатар маңызды инфрақұрылымдық нысанын аралады. Қаланың негізгі энергия көздерінің бірі - ЖЭО-2-де ол энергетикалық және қосалқы жабдықтарға жүргізіліп жатқан ауқымды жөндеу жұмыстарымен танысты. Жаңғырту жобасы экологиялық және энергетикалық тұрақтылықты арттыруға бағытталған. Электр қуатын 557 МВт-қа, жылу қуатын 952 Гкал/сағ дейін арттырып, зиянды заттар шығарындыларын 93%-ға, ал көміртек ізі 38%-ға төмендету көзделуде.
ЖЭО-2-ні жаңғырту - ең маңызды міндеттердің бірі. Бұл қаланың экологиялық тұрақтылығы мен жайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ететін стратегиялық жоба. Экологиялық көрсеткіштерді жақсарту Алматының дамуына қосылған маңызды үлес", - деді Дархан Сатыбалды.
Қала әкіміне қада қағу жұмыстарының 47%-ы орындалғаны, іргетас құю мен құрылымдарды орнату жұмыстары жалғасып жатқаны, негізгі жабдық жеткізіліп жатқандығы туралы баяндалды. Сонымен қатар, қысқы маусымға дайындық аясында жөндеу жұмыстары жүргізілуде: 56-сын жөндеу жоспарда болса, соның 36%-ы біткен.
Қала әкімі "Орбита" аудандық қазандығын да барып көрді. Бұл қазандық оңтүстік аудандарды - Орбита 1-4, Алмагүл шағын аудандарын және Асқаров көшесін жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Мұнда көлемі 2000 м³ үш аккумуляторлық бак орнатылуда. Екі бак пайдалануға берілді, үшіншісі орнатылып жатыр. Жоба ең жоғары тұтыну кезінде де жылу жүктемесін теңестіруге және жылумен қамтудың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 14:22 11666
Қазақстанда егіс науқаны жалғасуда - ауыл шаруашылығы жерлерінің 72,4%-ы егілді
Бүгінгі таңда 15,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері егілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ең көп егіс көлемі Ақмола облысына тиесілі - 3 706 мың гектар, Қостанайда - 3 292 мың гектар, Солтүстік Қазақстанда - 2 566 мың гектар, Павлодарда - 1 081 мың гектар, Қарағанды облысында - 1 032 мың гектар.
Егіс құрылымында ең көп үлесті дәнді дақылдар алып отыр - 10,9 млн гектар.
Жемшөп дақылдар - 782,7 мың гектар, көкөністер - 116,2 мың гектар, картоп - 108,1 мың гектар, бақша дақылдары - 84,1 мың гектар, майлы дақылдар - 2 747 мың гектар, мақта - 141,6 мың гектар, дәндік жүгері - 153,9 мың гектар, қант қызылшасы - 17,8 мың гектар, күріш - 87 мың гектар.
1 119,8 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алу бойынша келісімшарттар жасалды, оның ішінде 976,9 мың тоннасы шаруаларға жөнелтілді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 368,8 мың тонна дизель отыны бөлінді, оның 290,1 мың тоннасы өңірлерге жеткізілді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс науқанын үйлестіруді жалғастырып, көктемгі дала жұмыстарын сәтті аяқтау үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 13:19 12846
Жаһандық қауіпсіздікке төнген қатерге тек геосаяси сипат тұрғысынан қарамау керек
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық форумының пленарлық сессиясында жаһандық қауіпсіздікке төнетін қауіп тек геосаяси емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Әлемдегі қазіргі ахуал өзгеріп жатыр. Мультилатерализмнің үні құмыққанда, протекционизм өршиді. Осынау бей-берекет кезеңдегі біздің міндетіміз - ынтымақты қатаң сақтау, ыдыраған тұсын қайта қалпына келтіру.
Қазақстан қазіргідей алмағайып заманды сындарлы ықпалдастық тұрғысынан қарастырады. Сыртқы саясатта жікке бөлінбей диалогқа келуді, кез келген елдің егемендігін құрметтеуді басшылыққа аламыз. Әсіреұлтшылдық танытып, өзге халықтардың тарихы мен мәдени дәстүрлерін менсінбеуге жол берілмейді. Аз халықтардың ана тілінде сөйлеп, төл мәдениетін дәріптеуіне құрметпен қарау қажет. Сондықтан Қазақстанда "Бірлігіміз - әралуандықта" қағидатын қатаң ұстанамыз".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 09:35 10741
Алакөлге кезекті субсидияланатын әуе рейсі ашылады
2025 жылғы 1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Алакөлге жақын орналасқан Үшарал қаласына субсидияланатын рейстерді орындай бастайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елорда мен Үшарал, сондай-ақ Алматы мен Үшарал арасында аптасына 7 рейс орындалады. Бір бағыттағы билет құны - 20 мың теңге.
Сонымен қатар осыған дейін мәлім етілгендей, 2025 жылғы 1 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы елорда мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 7 рейс орындайды. Бұл әуе рейстері де субсидияланады, билеттер қолжетімді бағамен онлайн сатылымда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2025, 17:30 32216
Жергілікті полиция қызметі таратылады
Жергілікті полиция қызметі таратылады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен.
Мәжіліс ішкі істер органдарының қызметі саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады. Заң "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Президент Жарлығын іске асыру мақсатымен әзірленген.
Түзетулерге сәйкес "жергілікті полиция қызметі" ұғымы алынып тасталады. Бұған 2016 жылы құрылған Жергілікті полиция қызметі өз тиімділігін іс жүзінде дәлелдей алмағаны себеп болды. Жергілікті полиция қызметі құрамында учаскелік инспекторлар, патрульдік, ювеналды, табиғатты қорғау полициясы және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері болған. Алайда түзету авторларының айтуынша, бұл қызмет өзіне жүктелген негізгі міндеттерді, яғни, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің орнына, абаттандыру ережелерінің бұзылуын анықтау, құрылыс қалдықтарын шығару сынды екінші кезектегі жұмыстармен айналыса бастаған.
Ішкі істер министрлігі Жергілікті полиция қызметі мен Әкімшілік полиция басқармасын қайта ұйымдастырып, олардың базасында екі жаңа басқарма құрылады. Олар: құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармалары. Әр қызмет өзінің тікелей міндеттерімен айналысады.
Сондай-ақ көлік полициясы бөлімшелерін ретке келтіру мақсатымен "желілік" деген термин "көлікте" деп өзгертіледі. Ал әскери-тергеу органдары ішкі істер органдарының аумақтық құрылымынан алынып тасталады, себебі олар ІІМ құрамындағы дербес бөлімше ретінде бөлінген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2025, 16:11 33641
Алматы тағы да әлемдегі ең лас қалалардың қатарына енді
Алматы тағы да ауасы ең лас қалалар тізіміне енді деп хабарлайды energyprom.kz.
IQAir халықаралық компаниясы жасайтын рейтингке әлемнің 125 ірі қаласы енді. Биыл мамыр айының екінші жартысында Қазақстанның Оңтүстік астанасы бұл рейтингте 42-ші орынға тұрақтады. Алматыда ластану деңгейі - орташа, ауа сапасының индексі - 61.
Өткен жылғы деректерді талдасақ, мамыр айы бұл көрсеткіштер бойынша ең нашар ай болмағанын атап өтуге болады. Қаладағы ең күрделі жағдай желтоқсаннан наурызға дейін, ең суық уақытта. Өткен жылдың қаңтар айының ортасында нақты уақыт режиміндегі рейтинг бойынша Алматы тіпті әлемдегі ең лас қалалардың көшін бастады, ол кезде индекс 250-ден асып кеткен болатын. Тіпті суық күндер аяқталғаннан кейін де Оңтүстік астананың нәтижелері, ең болмағанда, орташа көрсеткіштерден алыс, ал онсыз да пессимистік көрсеткіштердің қыста нашарлауы жыл сайынғы проблема болып табылады.
Қазгидромет" РМК мамандары Алматыны Қазақстандағы атмосфераның ластану деңгейі жоғары және өте жоғары қалалардың қатарына жатқызады. Мұндай қорытынды екі экологиялық индикатор - ластанудың стандартты индексі (СИ) және ең көп қайталану (КҚ) индикаторы бойынша жасалды. Соңғы бірнеше жылда Оңтүстік астанадағы СИ үнемі жоғары ластану санатына жатқызылды (5-тен 10-ға дейін), ал 2023 жылы өте жоғары болды (15,6-ға дейін).
КҚ индикаторы бойынша да ұқсас жағдай: Алматыда көп қайталанатын ластану деңгейінің жоғары (20%-дан бастап) және өте жоғары (50%-дан астам) көрсеткіштері байқалады. Яғни, қаланың ауасы өте лас және бұл жағдай үнемі қайталанып отырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2025, 10:51 33876
Ақылы жолдардың жөнделіп жатқан учаскелері үшін төлем алынбайды
Ақылы жолдардың жөнделіп жатқан учаскелері үшін төлем алынбайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанда республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда қауіпсіздік пен көлік қозғалысының үздіксіз іске асырылуына кері әсер ететін ақаулар анықталған жағдайда, жол пайдаланушылары мұндай жол учаскелерімен жүріп өткені үшін жол ақысын төлеуден босатылады. Бұл норма төлем алу қағидаларына енгізілетін өзгерістер жобасында қарастырылды.
Егер ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.
Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді.
Бұл өзгеріс биылғы маусым айынан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.05.2025, 13:19Жаһандық қауіпсіздікке төнген қатерге тек геосаяси сипат тұрғысынан қарамау керек 29.05.2025, 14:22 11331Қазақстанда егіс науқаны жалғасуда - ауыл шаруашылығы жерлерінің 72,4%-ы егілді29.05.2025, 14:28 10891Алматы әкімі жылыту маусымына инженерлік инфрақұрылымды дайындау барысымен танысты29.05.2025, 14:34 10651Жазда теміржол көлігімен 7 млн жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр29.05.2025, 09:35 10406Алакөлге кезекті субсидияланатын әуе рейсі ашылады
23.05.2025, 13:56 122406Таразда 4000-нан астам бала спортпен шұғылдану мүмкіндігінен заңсыз айырылған23.05.2025, 18:22 120956Алматыда мәслихат депутаттары қала әкімін тағайындау үшін шақырылады23.05.2025, 16:29 119371Қазақстанда жыл басынан бері 40-тан астам адам терроризмге қатысқаны үшін сотталды - ҰҚК23.05.2025, 15:49 118316Алматы қаласының 2025 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары23.05.2025, 15:26 116531Қазақстанда жыл басынан бері балалардың құқықтарын бұзудың 171 жағдайы анықталды
08.05.2025, 14:24 149696Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 18:58 148176"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті08.05.2025, 14:09 146371Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады08.05.2025, 17:45 137986Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады08.05.2025, 18:01 136871Қазақстан мен Ұлыбритания аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда