09.04.2024, 12:32 47206

Алматыда нөсер жаңбыр кезінде су басуды болдырмау үшін шаралар қабылдануда

9 сәуірде сағат 14.00-ден кейін Алматы қаласында жаңбыр жауады деп күтілуде
Алматыда нөсер жаңбыр кезінде су басуды болдырмау үшін шаралар қабылдануда
Сурет: gov.kz
Алматыда нөсер жаңбыр кезінде су басуды болдырмау үшін 465 бірлік арнайы техника мен 820 жұмысшы жұмылдырылады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

9 сәуірде сағат 14.00-ден кейін Алматы қаласында жаңбыр жауады деп күтілуде, сағат 16.00-ден 20:00-ге дейін жауын-шашын болжанып отыр. Биіктігі 15 мм-ге дейін жетеді.

320 жұмысшы мен 96 бірлік арнайы техниканың күшімен судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында арық желілерін, арық өткелдерін және қоқысқа арналған "ойық жерге" тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу және проблемалық учаскелерде судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін шанц құралымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылатын болады. 2 мыңнан астам қап құм дайындалды. Күндіз 465 бірлік арнайы техника, 29 мотопомпалар және 820 жол жұмысшылары жұмылдырылады.

Ауа-райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау және электр желілерінің үзілу қаупіне байланысты автокөлікті жол жиегіне қоймауға кеңес береміз. Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауды сұраймыз. Қандай да бір аумақты су басса, жедел шара қолдану үшін аудан әкімдіктеріне жүгінуге немесе +7 706 689 8898 What’s app нөміріне хабарлама жазуға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны