14.05.2024, 12:56 37961

Алматыда туристер үшін жаңа ақпараттық орталық ашылады

Алматыда туристер үшін жаңа ақпараттық орталық ашылады
Сурет: gov.kz
Биыл 15 мамырда Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысында (Терренкурдың соңғы нүктесі) туристер үшін жаңа ақпараттық орталық ашылады. Жұмыс уақыты 10:00-ден 20:00-ге дейін, демалыссыз жұмыс істейді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бұл Алматыдғаы 9-шы жаңа туристік ақпараттық орталық болмақ. Визит нүктенің ерекшелігі, граффити элементтерін қолданатын заманауи дизайнда.

Ақпараттық орталықта қаланың көрікті жерлері туралы кәсіби кеңестер беріледі, саяхатшыларға карталар, нұсқаулықтар, маршруттар атластары мен өзге де қажетті материалдар беріледі.

Былтыр ақпараттық нүктелерге бару статистикасы шетелдік туристердің қалаға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Өткен жылы Алматының ақпараттық нүктелерінде 21 391 шетелдік турист кеңес алды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 80,3% артық. Ақпараттық нүктелердегі қызмет көрсету бойынша үздік 5 елге Германия, Үндістан, ҚХР, Ресей және Оңтүстік Корея азаматтары кіреді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны