Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда Желтоқсан көшесіндегі BRT желісін салу кезінде қайта пайдалануға жатпайтын бүлінген жиектер ғана ауыстырылады
тақырып бойынша жаңалықтар
Астанада Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет меншігіне 100 миллион теңгеге жер қайтарылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тоқаевқа Астананың энергетикалық инфрақұрылымының даму барысы туралы баяндалды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тоқаев: су қауіпсіздігі мәселесі Қазақстанның тұрақты дамуының негізгі шарты болмақ
Біздің кең байтақ жеріміз бар. Алайда ел аумағының жартысынан көбі шөл және шөлейт жерлер. Сондықтан Қазақстан үшін су мәселесі ұлттық қауіпсіздік мәселесі десек, артық болмайды. Бұл сала әрдайым мемлекеттің айрықша назарында. 2023 жылы халыққа Жолдауымда мен суды тиімді пайдалану жайына ерекше тоқталдым. Елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Нақты міндеттер айқындалып, ауқымды реформалар қолға алынды. Жаңа Су кодексі қабылданды. Ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Су нысандарын салуға және қалпына келтіруге қомақты қаражат бөлінді. Шетелден инвестиция тартылуда. Қазір осы салада 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Олар қала мен ауылды, өндірістер мен егіс алқаптарын сумен қамтамасыз етуде", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Былтыр Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылды. Осы мамандыққа бөлінетін грант саны екі есе артты. 500-ден астам студент бюджет қаржысына білім алып жатыр. Олар оқуын аяқтаған соң "Дипломмен - ауылға" бағдарламасы аясында жұмыс істей алады. Сондай-ақ 120 қызметкер Қытайда тәжірибе алмасып, қосымша білім алуда. Су шаруашылығы мамандарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән берілуде. Былтыр олардың жалақысы 25 пайызға өсті. Биыл да көбейеді. Бір сөзбен айтсақ, жүйелі жұмыс істеліп жатыр", - деді Мемлекет басшысы.
Қала халқының және ауыл тұрғындарының көпшілігі таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Енді алдымызда тұрған шұғыл міндет - 500-ге жуық ауылға су беру жұмысы. Әсіресе, ауыз суды тазалау мәселесін шешу қажет. Халқымыз "Судың да сұрауы бар" деп тегін айтпаған, әр тамшы судың қадірін білген. Суды тиімді пайдалану - өте өзекті мәселе. Заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың "Шыңырау" повесінде судың қасиеті, құдықшының еңбегі туралы терең ойлар айтылады. Қазір елімізде суды үнемдеу тарифі іске қосылды, яғни "аз пайдалансаң, аз төлейсің" деген қағида енгізілді. Сонымен қатар мемлекет су үнемдеу технологиясын қолданатын шаруаларға белсенді қолдау көрсетуде, атап айтқанда, жұмсаған қаржысының 80 пайызына дейін өтейтін болды. Бүгінде 470 мың гектар жерде осындай озық технология іске қосылды. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады. Себебі, су үнемдеу - алдымызда тұрған аса маңызды стратегиялық міндет. Бұл мәселеге қатысты цифрландыру жұмысын жүргізу өте өзекті. Оны қарқынды түрде жүзеге асыру керек. Шындығын айтсақ, қазіргі жағдай жалпы мәз емес. "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында суды үнемдеу мәдениеті жан-жақты дәріптеліп жатыр. Еліміздегі 2 миллионнан астам оқушы "Суды үнемде - болашақты сақта!" атты ауқымды жобаға қатысты. Өскелең ұрпақ судың құндылығын білуі керек, оны ысырап етпеу туралы жастайынан түсініп өсуі қажет", - деді Президент.
Біз осы себепті су дипломатиясын күшейтуді қолға алуымыз керек. Аталған аса маңызды іске кадрларды даярлап, іріктеуіміз қажет. Ең алдымен, трансшекаралық өзендер бассейніндегі суды тиімді пайдалану жүйесін жолға қою үшін көршілес мемлекеттермен ықпалдастыққа мән берген жөн. Қазақстан су ресурстарын рационалды, әділ әрі тең құқылы негізде пайдалану қажет деген ұстанымды жақтайды. Сондай-ақ су қауіпсіздігі мен тұтас аймақтың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында өзара міндеттемелерді сақтаған дұрыс. Көршілес елдермен конструктивті диалог және тараптардың мүддесіне сай ынтымақтастық жалғасады деп үміттенеміз. Қазақстан Орталық Азия елдерінің су-энергетика консорциумын құру бастамасын дәйекті түрде ілгерілетіп келеді. Өңір елдерімен тығыз ықпалдастықтың арқасында былтыр диқандарымызға қажетті су толық жеткізілді. Биыл да осындай жұмыс атқарылуға тиіс. Әлемде суға сұраныс деңгейі 2040 жылға қарай 40 пайызға артуы мүмкін. Мұндай жағдайда бүкіл халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру маңызды. Сондықтан Қазақстан су дағдарысын еңсеруді көздейтін көпжақты бастамаларға белсенді қатысады. Былтыр Сауд Арабиясында өткен арнаулы саммитте су проблематикасын шешудің негізгі тәсілдерімен бөлістім. Келесі жылы елімізде БҰҰ аясындағы Өңірлік экология саммитін өткізу жоспарланып отыр. Осы тектес қадамдар еліміздің су қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізеді", - деді Мемлекет басшысы.
Су экономикаға, экологияға, халықтың денсаулығына, жалпы, барлық салаға ерекше ықпал етеді. Сондықтан судың таза әрі қолжетімді болуы өте маңызды. Елімізде Кіші Аралды құтқару үшін жылдар бойы ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Соның арқасында қашқан теңіз қайта оралып, айдыны суға толып жатыр. Каспий теңізін, Балқаш көлін, басқа да су көздерін сақтап қалу үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Су, дұрыс пайдалана білсең - құт, ысырап етсең - жұт. Былтыр Қазақстанның бірнеше аймағы қарғын судан қатты зардап шекті. Мұндай жойқын табиғи апат елімізде бұрын-соңды болмаған. Күрделі кезеңде сіздер қайсарлық пен кәсібиліктің озық үлгісін көрсеттіңіздер. Әр қызметкер күні-түні еңбек етіп, апат салдарын жоюға белсене атсалысты. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Су шаруашылығының сарапшылары климаттың өзгеруінің су шаруашылығы саласына әсерін талқылады
Мемлекет басшысы климаттың өзгеруіне бейімделуге арналған кешенді шаралар әзірлеудің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Осыған орай жаңа Су кодексі қабылданып, нормативтік-құқықтық база жаңартылды. Бұл құжатта климаттың өзгеруінің салдарын азайтуға бағытталған нормалар қарастырылған. Бұдан бөлек, су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы аясында су инфрақұрылымын салу және реконструкциялау, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Салаға жауапты министрлік құрылған сәттен бастап, Қазақстанда су ресурстары саласындағы басым міндеттер мен қажеттіліктер жүйеленіп, нақты бағыттар айқындалды. Біз осы үдерістің бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. БҰҰДБ су үнемдеуді ынталандыру тетіктерін енгізу, су секторын ел ауқымындағы және су шаруашылығы бассейндеріндегі климаттың өзгеруіне бейімдеу жоспарларын әзірлеу, сондай-ақ экологиялық ағын принциптерін сақтау сияқты инновациялық тәсілдермен жаңа Су кодексі бойынша жұмысты қолдады",- деді Сухроб Ходжиматов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директорын тағайындады
Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", деп көрсетілген өкім мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда коммуналдық тарифтердің өсуі кейінге қалдырылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Түркістан облысында жаңадан 72 тік дренажды ұңғыма қолданысқа берілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз алғаш рет Астана су қоймасында ауқымды тазалау жұмыстарын бастадық. Келесі кезекте Шардара су қоймасының түбін тазалау үшін жерснарядтар сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сол секілді Бөген қоймасын да тазарту мәселесін пысықтау керек. Бұл қоймаға жиналатын су көлемін арттыруға мүмкіндік береді", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.07.2025, 09:58Су шаруашылығының сарапшылары климаттың өзгеруінің су шаруашылығы саласына әсерін талқылады 09.07.2025, 11:05 4696Тоқаев: су қауіпсіздігі мәселесі Қазақстанның тұрақты дамуының негізгі шарты болмақ09.07.2025, 17:18 4186Тоқаевқа Астананың энергетикалық инфрақұрылымының даму барысы туралы баяндалды09.07.2025, 17:22 3946Мемлекет меншігіне 100 миллион теңгеге жер қайтарылды09.07.2025, 18:26 3611Астанада Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды
03.07.2025, 13:43 135066"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды04.07.2025, 19:14 134001Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 133826Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 18:14 128086Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды03.07.2025, 18:11 125876Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді
03.07.2025, 13:43 135066"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды04.07.2025, 19:14 134001Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 133826Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 18:14 128086Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды13.06.2025, 15:35 1279862025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды