28.09.2022, 15:53 23031

"Алматыэлектротранс" бас директоры Антикордың тергеуіне байланысты қызметінен шеттетілді

"Алматыэлектротранс" бас директоры Антикордың тергеуіне байланысты қызметінен шеттетілді
Сурет: dev.astana.gov.kz
АЛМАТЫ. 28 ҚЫРКҮЙЕК - "Алматыэлектротранс" ЖШС бас директоры Бекмырза Игенбердиев қызметінен босатылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
 
Қалалық ведомство бұған тергеу шараларының жүргізілуі себеп болғанын атап өтті.
 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатқандықтан, Бекмырза Игенбердиев "Алматыэлектротранс" ЖШС бас директоры қызметінен босатылды", - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 
Қазнетте 27 қыркүйекте Алматының Антикор қызметкерлері Бекмырза Игенбердиновті 160 мың доллар пара алып жатқан жерінде ұстағаны туралы ақпарат тараған еді.
 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны