30.04.2024, 16:31 55416

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Сурет: gov.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Данияр Қырықбаев Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Данияр Қырықбаев 1986 жылы 29 сәуірде дүниеге келген. Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Жергілікті басқару магистрі.

Еңбек жолын 2007 жылы банк саласында бастаған. 2007-2009 жылдары "Жолаушылар тасымалы" АҚ - да жұмыс істеді, содан кейін - "Kazsatnet" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі. Әр жылдары ҚР Бас прокуратурасында, ҚР Парламенті Сенатының аппаратында жұмыс істеді.

2016 жылдан 2019 жылға дейін Алматы қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы болып жұмыс істеді. Екі жыл бойы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры болды.

2021 жылдан 2022 жылға дейін Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы болды.

Қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны