12.03.2025, 10:15 5296
Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа стадион салынады
Достарға айту
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым салу жобаларын жүзеге асыруда. Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадион 1936 жылы салынған. Қазіргі таңда ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Спорт нысаны қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды қоса алғанда, 3598 орынға есептелген. Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана қаласы әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру жоспарланып отыр.
Жаңа стадион оқу-жаттығу жиындары үшін қолданысқа беріледі. Оны пайдалануға берілуі оқу-жаттығу үдерісін жақсартуға, спортшыларды дайындауға оңтайлы жағдай жасауға және олардың нәтиже көрсету мүмкіндігін арттыруға септігін тигізеді.
Бүгінде түрлі өңірлерде әлеуметтік маңызы бар 16 нысан салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 82 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Атап айтқанда, 1 музыкалық мектепті қоса алғанда 7 мектеп, 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, облыстық жедел жәрдем стансасы, Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, жатақхана және 2 балабақша бар. Сонымен қатар қаражат Қызылорда облысындағы Арал ауданында сумен жабдықтау жүйелерін салуға және жаңғырту жұмыстарына бағытталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.03.2025, 15:38 4626
Қазақстан әлемдік энергетика көшбасшыларымен стратегиялық келіссөздер жүргізді
Достарға айту
Хьюстон (АҚШ), 2025 жылғы 12 наурыз - Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің қатысуымен қазақстандық делегация Chevron, ExxonMobil, Shell, Eni және Honeywell сияқты әлемдегі ірі энергетикалық компаниялардың басшылығымен бірқатар стратегиялық маңызды кездесулер өткізді, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы - Қазақстандағы ағымдағы жобалар және ұзақ мерзімді әріптестіктің перспективалары. Басым мәселелер қатарында көмірсутектер өндіру көлемін өзектендіру, газ өңдеу қуаттарын дамыту қарқынын жеделдету, геологиялық барлауға инвестиция тарту, озық технологияларды енгізу және жаңартылатын энергия көздерін дамыту болды.
Chevron Corporation директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен және Exxon Mobil Corporation аға вице-президенті Джон Уиланмен кездесуде Теңіз және Қашаған жобаларының негізгі аспектілері, оның ішінде болашақ кеңейту жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мұнай өндіру көлемін реттеу жоспарлары, нарықты тұрақтандыруға бағытталған жаһандық күш-жігер және Қазақстанның халықаралық міндеттемелері қаралды. Министр жобаларды белгіленген мерзімде аяқтау мен шығындарды оңтайландыру қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, компаниялардың жаңа геологиялық барлау бастамаларына қатысу перспективалары талқыланды.
Shell бас атқарушы директоры Уаэль Сауанмен және Eni S.p.A бас операциялық директоры Гвидо Брускоменөткен кездесулерде газ стратегиясы басты назарда болды. Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз ету және сұйытылған көмірсутек газын өндіру мақсатында жылдық қуаты 4 млрд текше метрге дейін жететін жаңа газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу жобасы қарастырылды.
Shell компаниясымен геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері мен жаңартылатын энергетика жобаларын іске асыру талқыланды. Ал EniМаңғыстау облысында қуаты 120 МВт болатын гибридті жел-күн электр станциясын салу барысын таныстырды.
Сапар аясында Қазақстан делегациясы Хьюстон қаласындағы Honeywell технологиялық орталығына барып, компания басшылығымен келіссөздер жүргізді. Тараптар ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.
Қазақстан энергетика секторына озық технологиялар мен инвестиция тарту үшін барлық жағдайды жасап отыр. Біз саладағы әлемдік көшбасшылармен ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестік орнатуға мүдделіміз және еліміздің тұрақты дамуы мен жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін ауқымды жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз", - деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев кездесулер қорытындысы бойынша.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2025, 15:07 4871
Еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде антибуллингтік бағдарлама енгізілмек
Достарға айту
Еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде антибуллингтік бағдарлама, деп хабарлайды оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Қазақстанда буллингпен күрес шеңберінде 110 мектепте "KiVa" бағдарламасы пилоттық түрде жүзеге асырылуда, сондай-ақ "ДОСБОЛLiKe" отандық буллингке қарсы бағдарлама әзірленді. Пилоттық жоба 50 мектепте ұйымдастырылуда.
2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "ДОСБОЛLiKe" антибуллингтік бағдарламасын барлық мектептер мен колледждерде енгізу жоспарланып отыр", - деді ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Спикер мектептердегі балалардың буллинг әрекеттері үшін олардың ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік күшейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ мектептердегі психологиялық қызметтер мен мектепішілік есепке алудың бірыңғай қағидалары қабылданды.
Бүгінгі таңда 82% есепке алынған балалар проактивті түрде қосымша біліммен қамтылған. Зардап шеккен балаларға жедел көмек көрсетуге мүмкіндік беретін ведомствоаралық жедел әрекет ету алгоритмдері қолданысқа енгізілді", - деді оқу-ағарту вице-министрі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2025, 10:23 5291
ТЖ бастамасы бойынша теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді
Достарға айту
ТЖ бастамасы бойынша теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді, деп хабарлайды КТЖ-ның баспасөз қызметінен.
✍2025 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Президенті ӘҚБтК-ге өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. ҚТЖ және құқық қорғау органдары бастамашы болған түзетулер темір жол қауіпсіздігін күшейтеді.
Негізгі өзгерістер:
- 559-бап: Мал айдау, темір жол бойында жаю - 5 АЕК (қайталанса - 10 АЕК). Белгіленбеген жерден өту - 3 АЕК, қайталанса - 5 АЕК. Ескерту жазасы алынып тасталды.
- 607-бап: Өткел ережелерін бұзғаны үшін айыппұл 20 АЕК-ке дейін екі есеге артты. Көлікке немесе мүлікке зақым келтірсе, жүргізуші куәлігінен 9 айға дейін айыру жазасы енгізілді.
Түзетулер қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 15:19 34401
Президентке Абай облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берілді
Достарға айту
Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған даму жоспары таныстырылды.
Облыс әкімі жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін жеткізді. Соның нәтижесінде қаржыландырудың басым бағыттары анықталды. Ал үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталғаны туралы баяндалды. Жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын бұл бастамалар 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде алты жоба биыл іске қосылады.
Берік Уәли облыстағы әлеуметтік нысандардың және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, тұрғындардың сұранысына сай мектептер мен балабақшалар салу, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, коммуналдық шаруашылық саласындағы қордаланған проблемаларды, әсіресе Семей қаласының осы бағыттағы мәселелерін шешу өте өзекті.
Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 5 нысанның және оқушылар сарайының құрылысы қолға алынды. Облыс орталығындағы аспалы көпірді реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынып жатыр. Осы ретте аспалы көпірдің жүктемесін азайтып, көлік нөпірін реттеу мақсатында Семей қаласында айналма жол салу мәселесі пысықталуда.
Мемлекет басшысы аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуі тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін өркендету, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу, облыс орталығын абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды. Сонымен қатар Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды лайықты деңгейде ұйымдастырудың маңызына назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 15:15 34666
Үкіметте ғылымды дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды
Бектенов министрліктер мен тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді
Достарға айту
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ғылымды дамыту және цифрландыру шаралары қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, сондай-ақ Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Сәуле Рахметуллина, Астана IT-университетінің қауымдастырылған профессоры Бейбіт Әбдікенов, Қазатомөнеркәсіптің жоғары технологиялар институты бас директорының орынбасары Александр Авдеев, VR Uniblock стартапы жетекшісі Абылай Сарғасқаев пен Derekne стартапының жетекшісі Саламат Қабдулов баяндама жасады.
Қазақстанда ғылым саласында 25 473 ғалым еңбек етеді, 425 ғылыми ұйым жұмыс істейді. 2094 ғылыми жоба, 241 ғылыми-техникалық бағдарлама, 208 коммерцияландыру жобасы іске асырылуда. Ғылымды цифрландыру шеңберінде ғылыми ұйымдар, ғалымдар, жобалар мен бағдарламалар бойынша модульдер интеграцияланған. "Бір терезе" ұлттық инновациялық жүйенің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциясы аяқталды.
Премьер-министр Мемлекет басшысының ғылым саласындағы реформалардың қарқыны мен сапасын сақтау жөніндегі тапсырмалары шеңберінде бұл үшін оңтайлы жағдай жасалып жатқанын ерекше атап өтті. 6 жыл ішінде оны республикалық бюджет есебінен қаржыландыру көлемі 6 есеге ұлғайып, биыл 252,5 млрд теңгені құрады. Ғылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, саланы қаржыландыру ЖІӨ-нің 1%-на дейін артады (2014 жылы - 0,14%). Бизнестің ғылымға инвестиция салуын ынталандыру үшін 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық жеңілдіктері енгізілді.
Ғалымдарды әлеуметтік қолдау бойынша нақты шаралар қабылданды. Ғылымның басым бағыттары бойынша іргелі зерттеулермен айналысатын ғалымдар тікелей қаржыландыруға ие болады.
Жыл сайын 250-ден астам жас ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Докторантура бағдарламалары бойынша оқуға мүмкіндік беретін білім беру гранттарының саны артып келеді. Жастардың ғылымдағы үлесі айтарлықтай өсіп, бүгінде ол 46%-ды құрап отыр. Жастарды одан әрі ғылымға тарту үшін университеттердегі ғылыми зерттеулерді белсенді дамыту қажет.
Олжас Бектенов Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік университеттер филиалдары ғылымды дамыту, елімізді жаһандық академиялық қоғамдастыққа интеграциялау ісінде маңызды рөл атқаруға тиіс екенін атап өтті. Ғылым және жоғары білім министрлігіне Қазақстанға шетелдік үздік жоғары оқу орындарын тарту жұмысын жандандыру тапсырылды.
Сондай-ақ ғылымға негізделген аумақтардың - ғылыми қалашықтардың құрылуы ғылымның, технологиялар мен инновацияның дамуына серпін беретініне баса назар аударылды.
Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелері маңызды болып қала бермек. Әрбір институттың немесе жоғары оқу орнының ірі кәсіпорындардан өз серіктесі болуға тиіс. Олар оқу орнына мақсатты тапсырыстар беріп, шығыстарды бірлесіп қаржыландыруы керек. Бүгінде ғылыми әзірлемелердің мұндай сәтті мысалдары бар, бұл - Металлургия және кен байыту институтының "Қазақмыс" корпорациясымен бірлесе отырып әзірлеген тазартылған селен алу технологиясы, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің тиімділігін арттыруға бағытталған жобалар.
Премьер-министр отандық ғылымның тиімділігін арттырып, инвестициялық тартымдылығын, барлық процестің ашық әрі бүкпесіз болуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті.
Осыған байланысты Олжас Бектенов министрліктер мен тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.
Ғылым және жоғары білім министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ғылыми институттар мен инновациялық өндірісттердің аумақтық шоғырлануын ескере отырып, Ғылыми қалашықтар құру тұжырымдамасын әзірлеу тапсырылды.
Әкімдіктер Ұлттық экономика, Ғылым және жоғары білім, Қаржы министрліктерімен бірлесіп, өңірлер бөлінісінде ғылымды дамыту жөніндегі көрсеткіштер мен іс-шаралардың декомпозициялау жұмысын жүргізуі қажет. Әрбір әкімдік ғылыми-технологиялық сессиялар өткізіп, өңірлік ғылымды дамыту жөнінде кешенді шаралар қабылдауы тиіс.
Ғылым және жоғары білім, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері осы жылдың соңына дейін барлық ғылыми жобалардың, гранттардың, зерттеу нәтижелері мен жарияланымдар дерекқорларын интеграциялау үшін Цифрлық ғылым порталын іске қоссын.
Сондай-ақ инновациялық жобаларды, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жеделдетіп енгізу үшін жасанды интеллект технологияларын пайдалану қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 15:12 34881
СҚО-да бірнеше шенеунік құмар ойындар ойнағаны үшін қызметінен айырылды
Достарға айту
СҚО-да бірнеше шенеунік құмар ойындар ойнағаны үшін қызметінен айырылды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Өткен жылғы шілдеде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) толықтырулар енгізілді, соған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынады, әйтпесе олар теріс себептермен жұмыстан шығарылуға жатады.
Талдау шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері анықталды.
Мәселен, Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы Заң талаптарын бұза отырып, "1XBET" букмекерлік кеңсесінде жүйелі негізде "ставкалар" қоюды жүзеге асырған.
Осындай бұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандарына қатысты анықталды.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған лауазымды адамдар жұмыстан босатылды, барлық мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына қатаң көрсетілді.
Қадағалау органы мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жауаптылық туралы еске салады және қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 15:06 35146
Елімізде мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылымның болуы тексеріледі
Достарға айту
2025 жылдың екі айында әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау мақсатында 87 тексеру жүргізді, оның 62-сі жоспардан тыс, 5-еуі профилактикалық бақылау шеңберінде, 20-сы прокуратураның талабы бойынша болды. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 34 ұйғарым берілді, шамамен 11,4 млн теңгеге 44 айыппұл салынды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мемлекеттік бақылаумен: әкімдік - 1, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары - 15, мемлекеттік мекеме - 1, ауруханалар, емханалар - 5, балабақшалар - 4, мектептер - 9, колледждер, лицейлер - 5, ДК - 10, дүкендер - 12, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер - 8, сауда үйлері - 3, полиция пункті - 1, стомалогия - 3, автобус парктері, авто/теміржол вокзалдары, әуежайлар - 6, кітапхана - 1 және басқалар қамтылды.
Мәселен, Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігінің өтініші негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауы фактісі бойынша жергілікті дүкенге жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша субъект айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.
Бұл ретте әлеуметтік инспекторлар барлық өңірлерде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістер орын алып жатқанын айтуда. Мұны ерекше қажеттіліктері бар адамдар да растайды.
"Соңғы уақытта Қарағанды қаласында, оның ішінде Әлихан Бөкейхан ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеуде алға жылжу байқалады. Қала біртіндеп мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімді бола бастады: инфрақұрылым жақсаруда, көптеген ғимараттар пандустармен және бейімделген кіреберістермен жабдықталған. Оған мысал ретінде Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін айтуға болады, онда кіреберіс жабдықталған, лифт орнатылған, соның нәтижесінде мүгедектігі бар азаматтарға спортпен шұғылдануға көбірек орын бөлінді. Әрине, әлі де бірқатар жұмыстар жасау қажет, бірақ оң өзгерістер қазірдің өзінде байқалады әрі алдағы уақытта қол жетімді орта қалыпты жағдайға айналатынына сенемін", - деп атап өтті Қарағанды қаласының тұрғыны, екінші топ мүгедектігі бар азамат Сергей Харченко.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 10:03 32406
Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің жалақысы бойынша 329 млн теңгеге берешекті анықтады
Достарға айту
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 19 кәсіпорны 1,2 мыңнан астам жұмыскерге 328,9 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 995 фактісі анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 579 ұйғарым берілді және 69,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 900 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 135,8 млн теңге төленді.
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
2025 жылғы 1 наурыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 896 тексеру жүргізді, оның барысында 995 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында - 904; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша - 85; халықты жұмыспен қамту бойынша - 6.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6,3 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.03.2025, 10:15Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа стадион салынады 12.03.2025, 10:23 4481ТЖ бастамасы бойынша теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді12.03.2025, 15:07 4061Еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде антибуллингтік бағдарлама енгізілмек12.03.2025, 15:38 3816Қазақстан әлемдік энергетика көшбасшыларымен стратегиялық келіссөздер жүргізді12.03.2025, 10:25 1946Жетісу облысында табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы пара алды деп күдіктелуде
07.03.2025, 16:20 133096Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда06.03.2025, 17:04 130301Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді06.03.2025, 17:02 130261Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді07.03.2025, 16:15 116641Жалпы құны 918,3 млрд теңгені құрайтын 392 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны бәсекелестік ортаға берілді07.03.2025, 09:29 106526Әйелдер Skills Enbek платформасында кәсіби онлайн-оқытудан белсенді өтуде - Еңбек министрлігі
13.02.2025, 08:03 270066ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 261181Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 207771Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді10.02.2025, 10:34 176291"Zhastarmen" жобасы есірткіге қарсы күресті белсенді жүргізуде17.02.2025, 14:04 169271Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді