19.04.2021, 20:31 11970

Қазақстан бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялады

Мемлекет басшысы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңына және "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңына қол қойды.

НҰР-СҰЛТАН. 19 СӘУІР - Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңына және "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісім бір жағынан қазақстандық нарықты сапасыз зергерлік шикізатты әкелуден қорғауға мүмкіндік береді, ал екінші жағынан - аффинаж алтынын өндіруді ұлғайтуға және ЕАЭО кедендік аумағында бағалы металдар мен тастардың еркін айналымы үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау мемлекетаралық стандарттауды жетілдіруге, сондай-ақ ТМД Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес қабылдайтын құжаттарды тарату және пайдалану қағидаттарының бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын беру туралы конвенциясын ратификациялау сотталғандардың өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттерде жазасын өтеуі үшін жағдай жасауға көмектеседі. Бұл дегеніміз, егер адам ТМД елдерінің аумағында сотталған болса және жаза бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса, онда ол өз отанына оралып, жазасын өтей алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны