29.04.2025, 10:04 40376
Қазақстан мен Франция Балқашты сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлейді
Қазақстан мен Франция Балқашты сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлейді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Алматыда "Балқаш көлі экожүйесін сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлеу" тақырыбында екі күндік семинар басталды. Жиында Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығы құжатты дайындауға арналған Жол картасын таныстырды.
Жол картасында Іле-Балқаш бассейнінің жер үсті және жер асты су ресурстарының жай-күйі мен сапасын кешенді түрде зерттеу, Балқаш көлінің деңгейін бақылауға арналған цифрлық платформа құру, су нысандарын автоматтандыру және цифрландыру, сондай-ақ басым гидротехникалық құрылыстарды дамыту шаралары қарастырылған.
Бұдан бөлек, Іле-Балқаш бассейнінің су ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану бойынша шаралар, сондай-ақ ҚХР-мен бірлесіп су қорғау және тұрақты пайдалану мәселелері бойынша іс-шаралар әзірленген.
Балқаш көлінің бассейні бойынша зерттеу жұмыстары Францияның Даму агенттігі (AFD), Францияның Геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросы (BRGM) және қазақстандық мамандармен бірлесіп жүргізіледі. Қазіргі уақытта француз тарапы қажетті мәліметтерді жинау үстінде. Атап айтқанда, BRGM сарапшылары Балқаш бассейніндегі ұңғымаларды, гидробекеттерді және суармалы жерлерді аралап, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Алматыда өтіп жатқан семинарды Су ресурстары және ирригация министрлігі "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараға министрлік пен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар мен Францияның Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар қатысып жатыр.
Балқаш көліне қатысты мәселелер ұзақ уақыт бойы жүйесіз, бөлек-бөлек шешіліп келді. Енді осы саладағы жұмыстарды жүйелі және келісілген деңгейге көшіру үшін Балқаш көлін сақтау мен қорғау жөніндегі мастер-жоспар әзірлеуді бастадық. Бұл құжат бассейннің су ресурстарын басқаруда табиғат, экономика және қоғам мүдделерінің тепе-теңдігіне негізделген тұтас, саларалық тәсілді қалыптастыруда маңызды кезең болады. Мастер-жоспарды әзірлеу үшін су, экология, энергетика, ауыл шаруашылығы және Іле-Балқаш өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы сынды барлық негізгі бағыт бойынша кешенді зерттеу мен талдау қажет. Бүгін ұсынылған Жол картасы осы мақсатта дайындалды", - деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.06.2025, 19:36 3496
Қырғыз авиакомпаниясы Алматы - Ыстықкөл рейстерін іске қосады
2025 жылғы 27 маусымнан бастап Қазақстанның авиациялық нарығына Қырғызстанның әуе компаниясы - "Asman Airlines" кіреді. Компания Алматы - Ыстықкөл бағыты бойынша аптасына екі рет (дүйсенбі және жұма күндері) тұрақты тікелей жолаушы рейстерін орындай бастайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, 3 шілдеден бастап қазақстандық "Fly Arystan" әуе тасымалдаушысы да Алматы - Ыстықкөл бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосады. Рейстер аптасына екі рет - бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Осылайша, жазғы кезеңде көрсетілген бағыт бойынша аптасына 4 тұрақты жолаушы рейсі орындалатын болады.
Әуеқатынастың ашылуы екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.06.2025, 19:32 3746
Жетісу облысында халықаралық әуежайы салынады
Премьер-министр Олжас Бектенов Skyhansa компаниясының тең құрылтайшысы және директорлар кеңесінің мүшесі, доктор Кристин Грётцбахпен кездесу өткізді. Онда Жетісу облысындағы "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы маңында жүк және жолаушылар әуежайын салу жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА-дағы халықаралық жүк және жолаушылар әуежайының жобасы ICAO халықаралық ұсынымдарына сәйкес авиациялық инфрақұрылым салудың үш кезеңді бағдарламасын көздейді. Бірінші кезең шеңберінде 2027 жылға дейін:
өткізу мүмкіндігі сағатына 50 адамға дейін жолаушылар терминалын (2032 жылға қарай - сағатына 500 адамға дейін);
JET A-1 авиаотыны жаңа түрінің заманауи отын қоймасының көлемі жылына 200 мың тоннаға дейін (2032 жылға қарай - 550 мың тоннаға дейін);
автотұрағы және жылына 50 мың тонна теміржол тұйығы бар жүк терминалын (2032 жылға қарай - жылына 250 мың тоннаға дейін) салу жоспарлануда.
Екінші және үшінші кезеңдер шеңберінде 2032 жылға дейін туристік және ойын-сауық инфрақұрылымы да құрылады. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 250 млрд теңгені құрайды.
Сондай-ақ жобада Air-Rail-Auto-Air жүк тасымалдарының мультимодалды сызбасын әзірлеу және Азия-Тынық мұхиты аймағы бағытындағы көлік және логистикалық маршруттардың түйіскен жерінде экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашу көзделген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру жөніндегі ауқымды жұмыс шеңберінде көлік-логистика саласын басым бағыттардың бірі ретінде атады. Жетісу облысында заманауи әуежай салу жобасын жүзеге асыру инфрақұрылымды дамытуға елеулі серпін береді және Қазақстанның Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайтады", - деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.
Өз кезегінде Skyhansa компаниясының тең құрылтайшысы, директорлар кеңесінің мүшесі, доктор Кристин Грётцбах жобаның авиациялық инфрақұрылымды дамытуға ғана емес, сонымен қатар өңірде заманауи логистикалық және іскерлік орталық қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
Біз жай ғана әуежай емес, халықаралық деңгейдегі дамыған инфрақұрылымы: жүк және жолаушылар терминалдары, жанармай құю кешені, әуе кемелеріне авиациялық-техникалық қызмет көрсету орталығы (MRO), бизнес орталығы, мультимодалды логистикалық мүмкіндіктерге арналған қонақ үйлері бар көпфункционалды өңірлік хаб құрып жатырмыз. Оның Қытаймен шекараға жақын орналасуы "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА шеңберінде халықаралық сауданы дамытуға қолайлы жағдай жасайды, ал оның теміржол және автожол желілеріне қосылуы жаңа Жібек жолындағы келешегі зор логистикалық тораптардың біріне айналдырады", - деп атап өтті доктор Кристин Грётцбах.
Кездесу соңында ҚР Көлік министрлігі мен Skyhansa арасында Инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа сәйкес, инвестор қажетті авиациялық инфрақұрылым құрылысын, негізінен отандық материалдар мен қызметтерді пайдалануды, сондай-ақ жобаны жүзеге асыруға қызметкерлердің кемінде 90%-ы Қазақстан азаматтары болуын қамтамасыз етуге міндеттеледі.
Қазақстандық тарап инженерлік және көлік инфрақұрылымын тартып, сондай-ақ арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға мақсатты жеңілдіктер береді.
Анықтама: Жоба Skyhansa бірлескен қазақстандық-германдық кәсіпорнының қатысуымен жүзеге асырылуда. Германия тарапынан серіктес ретінде авиациялық терминалдар мен инфрақұрылымды дамыту бойынша жоғары қызмет көрсететін The Hansa Consortium компаниясы, Қазақстан тарапынан - Қазақстан, Орталық Азия және Кавказ нарығындағы әуежайлар үшін кешенді қызметтер мен инжинирингтік шешімдер ұсынатын Skymax Technologies компаниялар тобы әрекет етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.06.2025, 19:15 4271
Тоқаев ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау туралы Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заңмен Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Еңбек және Бюджет кодекстеріне, сондай-ақ 9 заңға түзетулер енгізілді.
Түзетулердің бірінші блогы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заңмен ЕҚТА жерлерін өзге санаттағы жерлерге ауыстыру негіздері қайта қаралды.
Түзетулердің екінші блогы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЕҚТА аумақтарында қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алуға бағытталған.
Үшінші блок Астана қаласының "жасыл белдеуін" қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.
Түзетулердің төртінші блогы көміртекті офсеттердің мәселелерін реттейді.
Заң Орман кодексі ережелерінің қолданылуы жаңа орман екпелерін отырғызу, сондай-ақ тозған және бұзылған жерлерді қалпына келтіру арқылы парниктік газдарды сіңіруге бағытталған мемлекеттік орман қоры жерлерінде сатылатын көміртекті офсеттерді сату жөніндегі қызметке таратылды.
Түзетулердің бесінші блогы ЕҚТА саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Түзетулердің алтыншы блогы бизнес субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру жүйесін енгізуді көздейді. Кепілдік беру жүйесінің мақсаты - кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктерден кредиттер алу үшін олардың кепілмен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз болған кезде қажетті қаржыландыру көлемінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.06.2025, 14:38 10116
Қызылорда облысында газ әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды
2025 жылғы 25 маусымда ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Қызылорда облысындағы мұнай-газ өндіруші компаниялармен кеңес өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кеңес барысында Қызылорда облысының газ ресурстарын игеру мәселелері қаралды, олардың жалпы әлеуеті 22 млрд м3-тан асады. 2022 жылы "БК "ҚазГерМұнай" ЖШС Оңтүстік Ақсай газоконденсатты кен орнын игеруге енгізді. 2025 жылғы тамызға дейін "Kazpetrol Group" ЖШС және "Галаз и Компания" ЖШС-ның ілеспе мұнай газын "БК "ҚазГерМұнай" ЖШС-ның УКПГ - 1,2 қондырғысына жеткізуі жоспарлануда. Сонымен қатар, 2025 жылғы қыркүйекке дейін осы қондырғыға "ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг" ЖШС-ның шикі газын жеткізу күтілуде.
ПетроҚазақстан Венчерс Инк." АҚ газды игеруге тартудың әртүрлі тәсілдерін қарастыруда, оның ішінде "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ-мен бірлесіп Арысқұм кен орнының газ шапкасын игеру жобасы шеңберіндегі ынтымақтастық бар. Өз кезегінде, "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" бұл газ шапкасын өнеркәсіптік өндіру мүмкіндіктерін бағалау мақсатында жобалау жұмыстарына кірісті.
Торғай Петролеум" АҚ жыл сайын 50 млн м3 дейін газды қабылдап, оны пайдаға асыруға дайын екендігін білдірді. Сонымен қатар, вице-министр Қ. Арымбек бұл көлемді сұйытылған табиғи газ өндіруге әлеуетті инвесторларға беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Газ қоры бар кен орындарын игеру мәселелері бойынша Энергетика министрлігі мен "СНПС-Ай Дан Мунай" АҚ арасында қосымша келіссөздер өткізу жоспарланған.
БК "КуатАмлонМунай" ЖШС келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес 2026 жылдан бастап сынақ жүргізуге арналған ұңғымаларды іріктеуді бастамақ.
Вице-министр өңірдің газ әлеуетін дамытудың энергетикалық қауіпсіздікті арттыру, инфрақұрылымды кеңейту және жұмыс орындарын құру үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыс жер қойнауын пайдаланушылармен және мемлекеттік органдармен бірлесіп жалғастырылады.
Сондай-ақ кеңес барысында келесі компаниялардың: "КОР" Мұнай компаниясы" АҚ, "Кен-Ай-Ойл Қызылорда" ЖШС, "БК "КуатАмлонМунай" ЖШС, "Кұмкөл Транс Сервис" ЖШС, "D Oil" ЖШС, "Кристалл Менеджмент" АҚ, "Sozak Oil and Gas" АҚ, "Тұран-Барлау ЖШС, "СНПС-Ай Дан Мунай" АҚ, "Торғай Петролеум" АҚ-ның келісімшарттық міндеттемелерін орындауы, жобалық шешімдерді іске асыруы, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аударымдар жасауы бойынша қызметі тыңдалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.06.2025, 10:30 11471
Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінде
Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкімет Ұлытау облысы Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту жобасының үшінші іске қосу кешенінің екінші кезегін жүзеге асыру үшін резервтен 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Жезқазған қаласы жылу желілерінің ұзындығы 398 шақырымды құрайды. Нысан 1951 жылы пайдалануға берілген, тозуы - 56,6%. Жылу желілері цехында 1969 жылы іске қосылған 8 сорғы стансасы бар. Жылыту маусымында жылу желілерінің тозуы жылумен қамтуға кері әсерін тигізуде. Ресурстардың айтарлықтай шығыны орта есеппен 35-40%-ға жетеді, бұл қолданыстағы және салынып жатқан нысандарды жылу желілеріне қосуға мүмкіндік бермейді.
Қаланың кеңеюін және салынып жатқан жаңа Батыс ауданын жылумен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, бастапқы жоба түзетілді: құбырлардың диаметрі 800 мм-ден 1000 мм-ге дейін, ал реконструкциялауға жататын желілердің ұзындығы 11,4 шақырымнан 12,3 шақырымға дейін ұлғайтылды.
Үкімет резервінен бөлінген 2,8 млрд теңге жобаны аяқтауға және 98 мыңнан астам тұрғыны бар қаланың жылу желілерін сапалы дайындауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.06.2025, 10:16 10821
Блог жүргізу - бұл заңсыз әрекеттерді ақтау емес: ішкі істер министрлігі пранкерлерге жүгінді
Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Құрметті азаматтар! Соңғы уақытта интернетте пранк және экстремалды көріністер бейнеленген видеолар жиі таралуда. Мұндай ойындар мен қауіпті трюктер әлеуметтік желілерде "хайп" үшін жасалуда.
Өкінішке орай, "лайк пен қаралым үшін жарыс" әзіл-қалжың мен дұрыс көңіл көтерудің шеңберінен шығып кетуде. Авторлар ешкімге зиян келтірмейтін контенттің орнына агрессия, арандату, зорлық-зомбылық көрсетіп, өмірге қауіп төндіретін әрекеттерге барып жатыр. Мұндай әрекеттер жалпыға қауіпті және қоғамдық тәртіпті бұзады. Жыл басынан бері осындай деректер бойынша 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, Астанада блогерлер лифт ішінде "мәйіт" тасып және балтамен шабуыл жасап, видео түсірген. Бұл видео жолаушылардың үрейін ұшырып, қатты қорқыныш тудырды. Аталған қатыгез пранктің барлық қатысушылары 15-тен 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.
Алматы облысында экстремалды видео түсіру кезінде жас жігіт келе жатқан көліктің үстінен секірмек болды. Өкінішке орай, бұл әрекет қайғымен аяқталды - ол ауыр жарақат алып, көз жұмды. Мұндай әзілдер қауіпті ғана емес, сонымен қатар әдеп нормаларына сәйкес келмейді, қоғамдық тәртіпті бұзып, қауіпсіздікке қол сұғып, орны толмас салдарға әкелуі мүмкін. Бұл көріністердің куәгерлері көбіне шок алып, күйзеліске ұшырайды. Ал орындаушылар өз өмірлерін қатерге тігеді. Ішкі істер министрлігі ескертеді: қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын, дүрбелең туғызатын немесе зиян келтіретін, сондай-ақ адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Блогерлік пен камераға түсіру құқық бұзуға сылтау болмауы керек. Қатыгез пранктер мен қауіпті трюктер - бұл өнер емес, бұл - заң бұзушылық. Біз осындай контент авторларына үндеу жолдаймыз: Күмәнді көріністі түсірмес бұрын немесе оған қатыспас бұрын салдарын ой елегінен өткізіңіз; Өмірде де, интернетте де өзгелердің сезімін, қауіпсіздігін және жеке шекарасын құрметтеңіз. Заңды сақтаңыздар және құқықтық жауапкершілікке әкелетін әрекеттерге бармаңыздар", - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.06.2025, 19:21 32546
Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған "Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп..." атты халықаралық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Түркия, Мажарстаннан белгілі ғалымдар мен сарапшылар және ТМД елдерінен кітапхана саласының өкілдері қатысты.
Жиын барысында Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли Абайдың 180 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы баяндап берді.
Іс-шара барысында ұлы ақынның әдеби мұрасы мен философиялық көзқарасының қазіргі қоғамдағы маңызы, ағартушылық идеяларының рухани жаңғыру үдерісіндегі рөлі талқыланды. Сонымен қатар Абайдың ЮНЕСКО деңгейінде мойындалып, әлемнің көптеген тілдеріне аударылған шығармашылығы туралы айтылды.
Айта кетейік, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өту бойынша 305 іс-шара жоспарланған. Соның ішінде 7 халықаралық, 44 республикалық, 254 өңірлік деңгейде іс-шара ұйымдастырылады, Ұлттық кітапханалар аясында 22 іс-шара өткізу көзделіп отыр.
Жыл соңына дейін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында "Абай.Стихи и поэмы" (орыс тіліне аударған - О. Жанайдаров), "Абай жолы" кейіпкерлері және Абай" (авторы - А. Мұхаметқалиқызы), "Абайтанудың кейбір мәселелері" (авторы - З.Тайшыбай) атты кітаптары басылып шығып, барлық өңірдегі кітапханаларға таратылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.06.2025, 17:05 32926
Елімізде 2025-2026 жылғы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті 2025-2026 жылғы алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелері бойынша салалық селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кеңеске әкімдіктердің, сондай-ақ "KEGOC" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ұлттық компанияларының өкілдері мен энергия кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Кеңес барысында электр энергетикасы нысандарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, жеткізілген отын үшін берешекті өтеу және энергия көздерінде отынның нормативтік қорын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен энергия кәсіпорындарына келесі міндеттер жүктелді:
•электр станцияларында және электр желілерінде барлық жөндеу жұмыстарын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
•жөндеуден кейін негізгі жабдықтарды іске қосудың мерзімдерін сақтау бойынша бақылауды күшейту;
•жеткізілген отын үшін берешекті өтеу жұмыстарын ұйымдастыру;
•коммуналдық қызмет тұтынушыларының дебиторлық берешегін және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың кредиторлық берешегін азайту бойынша шаралар қабылдау;
•электр энергиясын өндіру және тұтыну режимін сақтау;
•жылыту маусымының басына дейін энергия көздерінің қоймаларында отынның нормативтік қорын қалыптастыру;
•өндірістік қауіпсіздік шараларын күшейту.
Аталған комитет күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысына тұрақты мониторинг жүргізіп, ықтимал тәуекелдердің алдын алу үшін уақтылы әрекет етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.06.2025, 10:30Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінде 26.06.2025, 10:16 10821Блог жүргізу - бұл заңсыз әрекеттерді ақтау емес: ішкі істер министрлігі пранкерлерге жүгінді26.06.2025, 14:38 10116Қызылорда облысында газ әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды26.06.2025, 19:15 4271Тоқаев ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау туралы Заңға қол қойды26.06.2025, 19:32 3746Жетісу облысында халықаралық әуежайы салынады
20.06.2025, 14:52 97401Қазақстанда әйелдер кеңесі қайта пайда болады20.06.2025, 12:43 94196Түркістан облысында суармалы судың тапшылығын шешу үшін жаңа су қоймалары салынуда20.06.2025, 12:52 93626Air Astana Атыраудан Дубайға қатынайтын рейстерді уақытша тоқтатты20.06.2025, 13:00 93261Жасанды интеллект тергеушілерге көмектеседі: ІІМ пилоттық жобаны іске қосты20.06.2025, 10:47 92456Премьер-министр вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құруды тапсырды
02.06.2025, 17:03 155176Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі04.06.2025, 14:09 149811Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды05.06.2025, 17:53 134416Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті03.06.2025, 14:47 134191Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды05.06.2025, 17:14 133766Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты