01.12.2022, 09:26 41501

Қазақстан мен Францияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Тараптар сыбайлас жемқорлықты жою мәселелерінде тәжірибе алмасатын болады

Париж. 1 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Францияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің директоры Шарль Дюшенмен кездесті. Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және онымен күресу саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
 

Осы құжат шеңберінде екі тарап арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның алғышарттары мен салдарын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты стратегиялық жоспарлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы кәсіби білім мен зерттеулер мәселелерінде тәжірибе алмасуды жүзеге асыру жоспарлануда", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.

 
Бұдан басқа, екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін бірлескен оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруға ниет білдірді.
 
Бұған дейін Қазақстан Президентінің Францияға сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны