02.06.2021, 20:53 14453

Қазақстан мен Ресей құрылыс нормалары мен ережелерін біріздендіруге ниетті

Бұл құрылыстағы жобалық шешімдердің экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
НҰР-СҰЛТАН. 2 МАУСЫМ - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр бастаған Қазақстан Республикасы Үкіметінің делегациясы Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Марат Хуснуллинмен кездесу барысында жол салу саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, шекара арқылы өткізу пункттерін қайта құру мәселелері талқыланды. 
 

Тараптар сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің құрылыс нормалары мен ережелерін біріздендіру туралы мәселелерді пысықтау туралы шешім қабылдады, бұл құрылыстағы жобалық шешімдердің экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ресурсы.

 
Кездесуге қатысушылар өнеркәсіптік, сауда-экономикалық, инвестициялық салаларда тығыз жұмыс істеу мақсатында қосымша мүмкіндіктер жасау бойынша бірлескен шараларды іске асыру, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық қағидаттарына өзара бейілділікті атап өтті. 
 
Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық диалогтың тиімділігі мен қажеттілігі атап өтілді және өзара байланыстардың жоғары қарқынына қолдау көрсету негізінде уағдаластыққа қол жеткізілді. 
 
Сапар аясында Роман Скляр Ресей Машина жасаушылар одағы съезінің пленарлық сессиясында да сөз сөйледі. Өз баяндамасында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан-Ресей өнеркәсіптік кооперациясының нығаюы машина жасау саласының дамуына оң ықпал ететініне сенім білдірді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны