17.03.2021, 22:40 11982

Қазақстан мен Қытай 2021 жылға арналған тасымалдау көлемін келісуге кірісті

Талқылау үшін басты тақырып ҚХР-мен шекарада жүктерді өткізу, тасымалдау процесіне қатысушылардың халықаралық келісімдер нормаларын орындауының мәселелері болады.
Нұр-Сұлтан. 17 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан мен ҚХР 2021 жылға арналған тасымалдау көлемін келісуге кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Кеше бейнеконференцбайланыс режимінде ТЖЫҰ Жүк тасымалы жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы басталды. Күн тәртібінде: өткен жылғы тасымалдау көлемін орындау қорытындыларын шығару және 2021 жылға арналған экспорттық, импорттық және транзиттік жүктерді тасымалдау көлемдерін тоқсан, жүк түрлері және әрбір шекара өткелі бойынша бөле отырып келісу. Пленарлық отырыстардың негізгі тақырыптары – жүк айналымының жоспарланған көлемін орындау бойынша техникалық және ұйымдастыру іс-шараларын әзірлеу", - деп хабарлайды"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС баспасөз қызметінде.

 
Кеңес жұмысына Қазақстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Корей Халық Демократиялық Республикасы және Моңғолия теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысуда.
 
Кеңестің бірінші күні 2020 жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-дан Қазақстанға теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2019 жылдың деңгейіне қарағанда 13% өскендігі және 7,6 млн.тоннаны құрағаны атап өтілді. Кері бағытта өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 30% артып, 14 млн.тоннаға жеткен.
 

ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов өзінің құттықтау сөзінде талқылау үшін басты тақырып ҚХР-мен шекарада жүктерді өткізу, тасымалдау процесіне қатысушылардың халықаралық келісімдер нормаларын орындауының мәселелері болатынын атап өтті.

 

Өткен жылдың қараша айынан бастап ҚХР тарапынан карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты Қытай соның ішінде дәнді дақылдар да бар жабық вагондарды қабылдамайды. Ресейде де осындай жағдай қалыптасты", - ескертті компанияда.

 
Комиссия өз жұмысын 19 наурызда аяқтайды. Келіссөздердің қорытындысы ТЖЫҰ комиссиясы кеңесінің хаттамасына қол қоюмен аяқталады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны