27.05.2024, 23:26 38241

Қазақстан мен Қытай ақпарат саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек

Қазақстан мен Қытай ақпарат саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек
ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов ҚХР Мемлекеттік хабар тарату және теледидар басқармасы басшысының орынбасары Ян Гожуймен кездесті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен. Кездесуде тараптар бірқатар бірлескен жобалардың іске асырылу барысын, сондай-ақ радиохабар тарату және теледидар саласындағы ынтымақтастықты күшету мәселелерін талқылады. Қанат Ысқақов жылдар бойы екі ел түрлі салада, соның ішінде мәдениет пен ақпарат салаларында серіктестікті белсенді дамытып келе жатқанын атап өтті. "Біз қазақстандық және қытайлық бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастық табысты дамып келе жатқанын мақтан тұтамыз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің осы жылдың сәуір айында Хэфэй қаласында өткен ШЫҰ-ға қатысушы елдердің қызметкерлеріне арналған семинарға қатысуын атап өту маңызды. Бұл Қазақстанның өңірлік бастамалар шеңберіндегі медиа-ынтымақтастықты дамытуда белсенді рөлін көрсетеді",- деді вице-министр. Өз кезегінде Ян Гожуй өзін жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, одан әрі ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны