19.03.2024, 19:02 27086

Қазақстан мен Өзбекстан судың нақты көлемін есептеуге мүмкіндік беретін су есептейтін қондырғыларды орнатады

Сондай-ақ тараптар өзара онлайн-режимде ақпарат алмасатын болады
Қазақстан мен Өзбекстан қос мемлекет тұтынатын судың нақты көлемін есептеуге мүмкіндік беретін су есептейтін қондырғыларды орнату жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігіның баспасөз қызметінен.

Бұл ретте Қазақстан Өзбекстан аумағында су есептейтін құрал орнатса, өзбек тарапы біздің елде өз қондырғыларын қояды. Сондай-ақ тараптар өзара онлайн-режимде ақпарат алмасатын болады. Қазақстан Өзбекстанның аумағында жиналған деректерге, ал өзбек жағы біздің елдегі деректерге қол жеткізе алады.

Бұл уағдаластық бірінші кезекте географиялық тұрғыдан өзендердің бастауынан тыс жатқан біздің еліміздің мүддесі үшін өте маңызды.

Қазір қос мемлекеттің сарапшылары су есептейтін қондырғылар орнатылатын орындарды келісіп жатыр. Сондай-ақ жобаға халықаралық ұйымдарды да тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Су есептейтін құралдарды орнату екі ел тұтынатын су көлемін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Сәуір айында біз басқа да көршілес мемлекеттермен осындай жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөз жүргізуді бастауға ниеттіміз", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны