17.03.2023, 10:28 22886
Қазақстан Президенті азаптаудың алдын алу мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды
Сурет: akorda.kz
Достарға айту
Азаптау үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді
Астана. 17 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы адам құқықтары, жазаны орындау, сондай-ақ азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Еске салайық, 9 наурызда Сенат Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгездіктің алдын алу саласындағы адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша түзетулерді қарап, қабылдаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.01.2025, 11:36 316
2025 жылғы 26 қаңтардан бастап "Қызылорда-Арал" жолы ақылы болады
Достарға айту
2025 жылғы 26 қаңтардан бастап "Қызылорда-Арал" жолы ақылы болады, деп мәлім етті ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Көлік Министрлігінің 2025 жылғы 9-қаңтардағы №6 Бұйрығына сәйкес, Қызылорда мен Арал қалаларын байланыстыратын автожол автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады. Дәлірек айтқанда, ІІ техникалық санаттағы ұзындығы 454 шақырым жол учаскесі ақы алу жүйесіне 2025 жылғы 26 қаңтардан бастап іске қосылады.
Республикалық маңызы бар "РФ шекарасы (Самара) - Шымкент" автожолының "Қызылорда-Арал" учаскесінде 6 бақылау арка және клиенттермен жұмыс істейтін орталық бар. Аркаларда орнатылған камералар ақылы учаскелерде автомобильдердің қозғалысын, олардың жылдамдығы мен қарқындылығын, жолдағы жағдайды және т. б. тіркейді. Сондай-ақ, учаскедегі жағдайды kaztoll.kz сайтындағы "Онлайн трансляция" бөлімінде көруге болады.
Автожолда төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы "ашық" төлем жүйесі қолданылады. Шлагбаумдар мен өткізу пункттері қойылмағандықтан кептелістер болмайды, бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сапар уақытын қысқартады.
Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Пайдаланушылардың қолайлығы үшін төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар: интернет-банкингтер, төлем терминалдары мен электрондық әмияндар, ұялы телефон балансынан, Е100 жанармай картасы арқылы, және заңды тұлғалармен келісім шарт жасау. Алдын-ала төлем әлдеқайда арзан болғандықтан, төлемақыны уақтылы жасауға кеңес береміз.
Бір бағыттағы (454 шақырым) төлем мөлшері:
- 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем - 2840 теңге, кейінгі төлем - 3330 теңге;
- 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем - 5750 теңге, кейінгі төлем - 6740 теңге;
- 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т. дейін автопоездар үшін алдын-ала төлем - 8570 теңге, кейінгі төлем - 10 100 теңге;
- жүк көтергіштігі 10 т. жоғары және 15 т. дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем - 11 470 теңге, кейінгі төлем - 13 470 теңге;
- жүк көтергіштігі 15 т. жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін алдын-ала төлем - 14 290 теңге, кейінгі төлем - 16 830 теңге.
Айта кету керек, жеңіл көлік иелері Қызылорда-Арал жолын тегін пайдаланады. Жергілікті тұрғындар үшін бір айлық және бір жылдық абонементтер қарастырылған.
Жиналған қаражат жолдың өзін-өзі қаржыландыруын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтуға септігін тигізеді. Жол қызметтері учаскені тәулік бойы патрульдеуді жүзеге асырады және жол жабынының, жарықтандырудың, жол белгілерінің ақауларын жедел жөндейтін болады.
Сонымен қатар, жол мен жол инфрақұрылымын қоқыстан және қардан тазартады, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа жүйелерін белсенді түрде енгізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2025, 10:46 111
ҚР Бас прокуратурасы "Семей орманы" өртіне қатысты барлық қылмыстық істің соңғы нүктесін қойды
Барлық кінәлі жазаның әртүрлі мерзімдеріне сотталды
Достарға айту
Бас прокуратураның арнайы прокурорлары "Семей орманы" өртіне қатысты барлық қылмыстықістің соңғы нүктесін қойды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы "Семей орманы" МОТР" РММ (бұдан әрі - Резерват) өрттің сөндіруін қамтамасыз етпеген уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Осылайша, Резерваттың Бас директорының міндетін атқарушы мен Новошулбинск филиалының директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберіліп, оның шешімімен фигуранттар 2024 жылғы мамырда абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 292-бабы
3-бөлігі), әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
2024 жылғы тамызда Абай облыстық апелляциялық соты үкімді өзгеріссіз, сондай-ақ сотталғандардың, адвокаттардың және қорғаушылардың шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырды.
2024 жылғы қазанда келесі қылмыстық іс бойынша Семей қаласының №2 соты Резерваттың ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің бастығын абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық фактісі (ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі) бойынша мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 3 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.
Сондай-ақ былтырғы жылғы қазанда Бородулиха аудандық сотының шешімімен "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" РМҚК бас директорының міндетін атқарушысына қатысты шешім шығарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 2 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігімен 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.
Осылайша, барлық кінәлі жазаның әртүрлі мерзімдеріне сотталды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ұсынуы бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері де түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қадағалау ведомствосы орман және қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2025, 10:30 456
Қазақстандағы картоптың бағасы: Сауда министрлігі сауда үстемесінің 15%-дан асып кетуі бойынша 49 фактісін анықтады
Достарға айту
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ҚР Сауда және интеграция министрлігі кешенді жұмыстар атқаруда. Жыл басынан сауда үстемесін 15%-дан асырмау бойынша 20 аймақтық комиссия өтіп, олардың барысында әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын картопқа қатысты 49 заң бұзушылық анықталды. Анықталған барлық фактілер бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданатын болады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Сауда министрлігінің ірі сауда желілерімен, атап айтқанда, Small және Magnum желілерімен өткізілген кездесулердің нәтижесінде, бүгінгі күні Астанадағы Small желісінде картоптың орташа бағасы 280 теңгеге, ал Magnum желісінде 185 теңгеге дейін төмендеді. Сауда комитетінің мониторингі бойынша, бүгінгі күні Қазақстан бойынша картоптың орташа бағасы 322 теңге. Әлеуметтік дүкендер мен ӘКК серіктестерінде - елдің барлық аймақтарында картоптың көлемі жеткілікті және нарықтағы бағадан төмен сатылуда.
Аймақтардың тұрақтандыру қорларында жинақталған картопты сату жалғасуда. 2024 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы 19 қаңтарға дейін жалпы көлемі 85,4 мың тоннаны құрайтын картоптың 23,6 мың тоннасы сатылды. Соңғы 3 күнде шамамен 3 мың тонна картоп сатылды, оның ішінде Алматы қаласында - 300 тонна, Шымкентте - 600 тонна, Түркістан облысында - 300 тонна және т.б. Бүгінгі күні тұрақтандыру қорларында 62 мың тонна картоп бар.
Аталған шаралар ішкі нарықтағы бағаның төмендеуіне ықпал етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 19:14 16176
Қазақстанда ауасы ең лас қалалар аталды
Достарға айту
Қазақстанда өзге ведомстволармен қатар санитариялық-эпидемиологиялық қызмет те елді мекендер атмосфералық ауасының сапасын жақсарту мәселесіне басымдық береді. Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ірі автомагистральдар әсер ететін аймақтағы тұрғын үй аумағындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейіне жүйелі түрде санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі.
2024 жылы атмосфералық ауаның 649 мыңнан астам сынамасы санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттелді, оның ішінде зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК) - 1,6% құрады. Орташа республикалық көрсеткіштерден жоғары Алматы (7,4%), Астана (3,4%) қалаларының және Абай облысының (2,1%) атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың ШРК-ның асып кетуі байқалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.
ШРК ластаушы заттардың барлық асып кетуі бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызмет халықтың денсаулығына, оның ішінде тыныс алу органдарына әсер ету тәуекелдерін бағалауды жүргізеді. Яғни, ластаушы заттар электр станцияларының, өнеркәсіптік зауыттардың және көлік құралдарының отынды жағуынан, сондай-ақ газдардың химиялық реакцияларынан туындайды. Сондай-ақ, атмосфералық ауаның ластануы белгілі бір метеорологиялық жағдайларды күшейтеді, мысалы, ұзақ уақыт бойы жел мен жауын-шашын болмайтын тұрақты антициклон және жел ағындары тоқтап тұрған ойпаттар мен аңғарлардағы елді мекендердің орналасуы.
Ауа сапасын жақсарту мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі ведомстволарға ұсынымдар мен ұсыныстар беріледі:
- кәріз-тазарту станциялары жүйесін жаңғырту;
- өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындыларын азайту жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
- ҚТҚ үшін полигондарды салу және жаңғырту;
- моральдық ескірген автокөлік құралдарын ауыстыру;
- көлікке арналғанын қоса алғанда экологиялық таза отын түрлеріне көшу;
- аумақтарды көгалдандыру.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 16:25 15706
Жамбыл облысында аудандық деңгейде балабақшаларға ваучерлер беру басталды
Достарға айту
Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру саласында ваучерлік қаржыландыруды енгізу процесі жаңа өңірлерді қамти отырып және мектеп жасына дейінгі балалар үшін қызметтердің қолжетімділігін жақсарту арқылы қарқын алуда. Жүйе Тараз, Шымкент, Түркістан, Астана және Орал қалаларында сәтті жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жамбыл облысы - ваучерлік қаржыландыруды аудандық деңгейде енгізген алғашқы өңір. Бағдарлама Байзақ ауданында пилоттық режимде іске қосылып, мұнда 650-ден астам ваучер берілді. Айдың соңына дейін жүйе барлық ауданды қамтиды.
Жобаның маңызды жетістіктерінің бірі - балабақша орындарына "кезекке тұру" мәселесінің жойылуы, себебі ваучер алу кезегі тек алға жылжиды, бұл барлық отбасына тең жағдай туғызады. Тараз бен Түркістанда 2 жастан асқан балаларға арналған кезек толығымен жойылды, ал Шымкент пен Оралда кезекті азайту бойынша оң динамика байқалды.
Тараздың сәтті тәжірибесі маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік берді - ваучерлерді 1,5 жастан бастап беру қарастырылды. Бұл қадам мектепке дейінгі ерте білім алу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді және ата-аналарға балаларын білім беру ұйымдарында ертерек оқытуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ваучерлік қаржыландырудың өңірлерде кеңеюі мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттырып, ата-аналар мен білім беру ұйымдары үшін ашық әрі ыңғайлы жүйе қалыптастырады. Жаңа жүйе ата-аналарға балабақшаны таңдау еркіндігін береді әрі мекемелер арасында ауысуды ваучерді сақтап қалу арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Бұл білім беру мекемелерін өз қызметтерінің сапасын арттыруға ынталандырады.
Бизнес-процесстерді автоматтандыру және қағазбастылықтан бас тарту бағдарламаны басқаруды айтарлықтай жеңілдетіп, жүйенің ашықтығын толық қамтамасыз етті. Әр баланың "цифрлық портретін" жүргізу арқылы ваучерлердің қозғалысын бақылау және мемлекеттік қаржының мақсатсыз жұмсалуының алдын алу мүмкіндігі пайда болды.
Шымкент пен Таразда пилоттық жобаның енгізілуі бұл бастаманы кеңейтуге бағытталған маңызды қадамға айналды. Қазір бұл қалалар табысты тәжірибелермен бөлісіп, бағдарламаны басқа өңірлерде жылдам енгізуге қолдау көрсетуде. Сонымен қатар жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, жүйені халықтың нақты қажеттіліктеріне бейімдеу маңызды болып отыр.
Қаржыландырудың бұл моделі денсаулық сақтау немесе әлеуметтік көмек сияқты басқа әлеуметтік қолдау салаларында да бағдарлама ретінде қабылданып, мемлекеттік қаржының ашықтығын, тиімділігін және нақты мақсатты пайдалануын қамтамасыз етуі мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 16:22 15931
Қазақстанда IT-қызметтер экспорты $470 млн-нан асты
Достарға айту
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында IT-қызметтер мен өнімдер экспортын дамыту мәселелері қаралды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, Қазақстанның IT-экспорты оң динамиканы көрсетіп отыр. 2024 жылдың 9 айы бойынша ол 471 млн долларды құрады. Бұл 2023 жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда 26% - ға көп. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мақсат - 2026 жылы $1 млрд-қа жеткізу.
Қазақстанның IT-экспортын ілгерілетуде Astana Hub басты рөл атқарады. Astana Hub резиденттерінің саны 1,5 мың компаниядан асты, оның ішінде 400-і халықаралық. Олардың жалпы кірісі 2024 жылы 620 млрд теңгені құрады. Бұл ретте экспорттан түскен табыс 227 млрд теңгені, яғни $479 млн-ды құрады.
Жаслан Мәдиев Astana Hub резиденттерінің экспорттық географиясы 90-нан астам елді қамтитынын хабарлады. Astana Hub резиденттерінен басқа "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның GovTech өнімдері алғаш рет экспортқа шықты. Мұндай шешімдердің қатарына Smart Data Ukimet, Smart Bridge жəне ИНБП веб-сайт құрастырушысы кіреді.
Министр бүгінде Қазақстанда ірі халықаралық IT-компаниялар мен шетелдік ITмамандарды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын жеткізді. Оның сөзінше, үздік 10 IT-экспорттаушының негізгі бөлігі - Қазақстанға көшу туралы шешім қабылдаған шетелдік компаниялар. Нəтижесінде еліміз тек ірі қалаларда ғана емес, елдің аймақтарында да жаңа жұмыс орындарын алуда. Сондай-ақ, экспорттық кіріс түрінде жаңа капитал ағынын алады.
Цифрлық көшпенділер" деп аталатын шетелдік IT-мамандарды тарту үшін жаңа Digital Nomad Visa жəне Digital Nomad Residency бағдарламалары іске қосылды. Бұл тұруға рұқсат алудың жеңілдетілген онлайн процедуралары. Бүгінде Қазақстанда 20 өңірлік IT-хаб жұмыс істейді. Astana Hub-тың барлық бастамалары қазір өңірлердегі ITкомпанияларға қолжетімді.
2021 жылдан бастап Қазақстан 114 мыңнан астам IT-маманды, оның ішінде тек 33 мыңнан астамын 2024 жылы оқытты. Жоғары оқу орындары мен колледждердегі IT-білімге қосымша TechOrda бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама қысқа мерзімде жəне сұранысқа ие бағыттар бойынша 20 мың IT-маман даярлауға мүмкіндік береді. TechOrda түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 90%-ға жуық екенін атап өткен жөн. Бұл ретте мемлекеттік инвестициялар, жеке табыс салығы арқылы бюджетке қаражатты қайтарудың арқасында, бір жылдан аз уақыт ішінде өтеледі.
Бұған қоса, халықаралық тəжірибені жеткізу мақсатында Министрлік стартаптар үшін кремний алқабынан жетекші даму бағдарламаларын тартты. Бұл Google for Startups, Plug & Play, Draper University жəне Alchemist сияқты үздік бағдарламалар. Осы бағдарламалар арқылы стартаптар инвестицияларға, білім мен мүмкіндіктерге қол жеткізе алады. 70-ке жуық стартап даму бағдарламалары бойынша қолдау алды. $30 млн-нан астам инвестиция тартылды.
Сонымен қатар Қазақстан IT-хабтардың халықаралық желісін құруда. АҚШ, Сауд Арабиясы, Сингапур жəне жақында Ұлыбританияда ITхабтар ашылды. Қазақстандық стартаптарға инвестициялар тарту жəне экспортқа шығу үшін шетелдік инфрақұрылым қолжетімді.
Отандық венчурлық индустрияны талдау нəтижесі көрсеткендей, венчурлық мəмілелердің 90%-ы қаржыландырудың алғашқы кезеңдерінде жүреді. Оған қоса, инвестициялардың мөлшері негізінен $1 млн-нан аз. Осыған байланысты венчурлық инвестициялау қорын құру қажеттілігі туындады.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Астана" Халықаралық қаржы орталығы" юрисдикциясында венчурлік инвестициялар қорларының қорын Astana Hub базасында іске қосуда. Қордың нысаналы көлемі $1 млрд-ты құрайды. Қазірдің өзінде инвесторлардан $130 млн-ға алдын-ала өтінімдер жиналды.
Жаслан Мәдиев аталған қордың ерекшелігі - ол негізінен жеке капитал есебінен қалыптасатынын мәлімдеді. Қор өңірден келген таланттар мен стартаптар үшін магнитке, шетелдік инвестицияларды тартудағы негізгі əріптеске жəне шетелдік жоғары технологиялық компанияларға инвестициялар арқылы Қазақстанға технологиялар трансфері үшін құралға айналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 16:07 16656
2024 жылы 1,1 млн тонна қалдық жиналып, 1,6 млнға жуық ағаш отырғызылды
Достарға айту
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының іске асырылу барысы туралы мәселе қаралды. Салалық министрліктер басшылары баяндама жасады.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев полигондарды жою және жасыл желектер санын көбейту жоспарының орындалу барысы туралы, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының акцияға қатысуы туралы, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бірқатар өңір әкімдері тыңдалды.
Таза Қазақстан" акциясы аясында 2024 жылы қатысушылардың жалпы саны 6,2 млн адамды құраған, 1,1 млн тонна қалдық жиналып, 1,6 млн ағаш отырғызылды. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мемлекет басшысының 2027 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға арналған жоспар бойынша 494 мың гектар алқапқа 336,5 млн көшет отырғызылғанын баяндады. Сонымен қатар 2021-2024 жылдары 1,1 млрд астам ағаш егілген.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау жоспарларын іске асыруға қатысу мәселесіне ерекше назар аударылды. Президент Жолдауында табиғатты қорғау ісіндегі бизнестің жоғары жауапкершілігінің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметі бойынша, 2025 жылы ERG компаниялар тобы шамамен 1,8 млн жасыл желек отырғызуды жоспарлаған. 2024 жылы Solidcore Resources Қостанай облысында аумақты 1,5 мың гектарға дейін ұлғайту перспективасымен 500 гектар алқапқа орман отырғызу бойынша пилоттық жобаға бастамашылық жасады.
Премьер-министр "Таза Қазақстан" акциясының азаматтардың мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, жалпыадамзаттық құндылықтарды қолдау және табиғатты қорғаудың жаңа идеологиясын қалыптастыру мәселесіндегі маңыздылығын атап өтті. Акция экологиялық ахуалды жақсарту бағытында кешенді іс-шаралар көзделген 2029 жылға дейінгі ұзақмерзімді тұжырымдама мәртебесіне ие болғаны атап өтілді.
Президенттің барлық бастамалары, оның ішінде экология мен қоршаған ортаны жақсарту, заңдылық пен тәртіпті сақтау қағидаты әр адамның ой-санасы мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және сол арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды қолдауға бағытталып отыр. Олар уақытша науқанға емес, табиғатты аялауға, айналаңа, тарих пен дәстүрге құрметпен қарауға үндейтін қоғамдық жаңа идеология ретінде орнығуы тиіс. Экологиялық мәдениет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Барлық мемлекеттік орган мен бизнес және бүкіл қоғам болып осы жұмыстарға белсенді атсалысуымыз қажет. "Таза Қазақстан" бастамасын іске асыру қызметіміздің барлық саласын қамтуға тиіс", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы Париж келісіміндегі міндеттемелерге сәйкес, ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту үшін тиімді шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді. Осыған байланысты Экология және табиғи ресурстар министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, қоршаған ортаға эмиссияларды бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізуді жедел аяқтау тапсырылды.
Премьер-министр қоршаған ортаға, әсіресе кәсіпорындар айналасында ауаға таралған зиянды газдарды азайтатын карбонды полигондар құру арқылы экожүйе қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды. Мұндай жобаларды іске асыру үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігіне заңнамалық түзетулер әзірлеу жөніндегі тапсырма берілді.
Әкімдіктерге тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін жаңа полигондар мен зауыттар ашып, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және алдын алу жұмыстарын уақтылы жүргізу міндеті қойылды. Сонымен қатар Жергілікті атқарушы органдар өз өңірлерінде орман тәлімбағын құрып, ағаш көшеттерінің жерсініп кетуін қамтамасыз ету тапсырылды.
Экология және табиғи ресурстар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктеріне стихиялық қоқыс орындарын анықтау үшін еліміздің аумақтарын ғарыштық бақылаумен қамтуды және мерзімді тексеруді ұлғайту тапсырылды.
Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері қоршаған ортаны сақтау және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру саласындағы тәрбиелік және түсіндіру жұмыстарын күшейтсін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 16:03 16901
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке сот жүйесі қызметінің былтырғы қорытындылары туралы мәлімет берілді. Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын, еркіндігін және заңды мүдделерін қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету сот жұмысының басымдығы саналады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаралған істер мен материалдар санының ұлғайғаны, сондай-ақ соңғы 5 жылда сот төрелігін жүзеге асыру сапасының ең жоғары көрсеткішіне (жергілікті соттардың сот актілерінің 98,9 пайызы заңды әрі негізі бар деп танылды) қол жеткізілгені жөнінде баяндалды.
Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотқа дейінгі татуласу рәсімдері көптеп қолданылып жатыр. Алқабилердің құзыреті кеңейіп, олар қарайтын істердің саны (147-ден 261-ге дейін) екі есеге өсті.
Жоғарғы Сот төрағасы салаға жасанды интеллект технологияларын енгізу жайында айтты. Бұл әдіс біркелкі сот практикасын қалыптастыруға, судьялардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге ықпал етеді (материалдар мен істердің үштен бір бөлігі, яғни 2 миллион істің 665 мыңы роботты техниканы қолдану арқылы қаралды).
Асламбек Мерғалиев судьялардың дербестігін нығайту мен әкімшілік әділет саласын кеңейтуге бағытталған заң шығару бастамалары, сондай-ақ кассациялық соттар құру туралы хабардар етті.
Мемлекет басшысы заң үстемдігін қамтамасыз етудің және қоғамның соттарға сенімін арттырудың маңызын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.01.2025, 11:51Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды 17.01.2025, 12:03 1005162024 жылы 13,5 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды16.01.2025, 11:53 939512024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 683 мыңнан аса адам қамтылды16.01.2025, 18:45 84966Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті16.01.2025, 18:57 84816Бектенов техникалық мамандарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын кеңейтуді тапсырды
30.12.2024, 17:17 153731Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 147861Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 147551Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 147061Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 136981Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті