07.12.2021, 20:22 49598

Қазақстан Президенті рақымшылық жасау туралы Заңға қол қойды

Қазақстан Президенті рақымшылық жасау туралы Заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. 7 ЖЕЛТОҚСАН - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Заң жобасы мемлекеттің және азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарды, оның ішінде азаматтардың әлеуметтік қауқарсыз санаттарын жазадан босатуға мүмкіндік береді", - деп хабарлайды Ақорда.

 
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жазасы жеңілдеп, қамаудан босайтын адамдардың нақты санын атады.
 

Жоба бойынша, біріншіден, 2 236 сотталушыға, 11 310 пробацияда тұрған адамға рақымшылық жасалады. Нәтижесінде 1 000 адам қамаудан бостандыққа шығады. 3 818 адам пробациялық бақылаудан босатылады", - деді министр. 

 
Сондай-ақ, ол заң бойынша аса ауыр қылмыс жасаған азаматтарға рақымшылық жасауға тыйым салынғанын атап өтті. 
 

Екіншіден, 1 294 сотталушыға, 7 294 пробацияда тұрған адамдарға жаза мерзімі қысқартылады. Үшіншіден, сотқа дейінгі өндірістегі 5 000 мың қылмыстық іс қысқартылады. Оның ішінде 1 674 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 1 471 адамға сот органдары жаза мерзімін қысқарту немесе босату ережелері қолданылады", - деп қосты министр.

 
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны