29.07.2022, 16:31 25041

Қазақстанда 31 шілдеде ауылдық округ әкімдерін сайлау өтеді

Қазақстанда 31 шілдеде ауылдық округ әкімдерін сайлау өтеді
НҰР-СҰЛТАН. 29 ШІЛДЕ - Қазақстанда 31 шілдеде 27 ауылдық округте әкімдерді сайлау өтеді. 
 
2021 жылдың шілде айынан бастап 1093 ауылдық елді мекеннің басшылары сайланған. Олардың ішінде 215-і өзін-өзі ұсынушылар, ал 116-сы қайта сайланған басшылар – әйелдер. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram каналында хабарлады.
 

Ауыл әкімдерінің корпусы 55,6%-ға жаңартылғанын айта кету керек. Бұл 608 жаңа ауыл басшысы деген сөз. Олардың басым бөлігі осыған дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Мұғалімдер, дәрігерлер, бизнесмендер, жергілікті кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары ауыл тұрғындарының қолдауына ие болды", - деп жазады Ерлан Тынымбайұлы.

 
Хабарламада көрсетілгендей, жаңа әкімдердің басым бөлігі Маңғыстау (77,8%), Қарағанды (77,2%) және Жамбыл (71%) облыстарында екен. 31 шілдеде 27 ауылдық округте сайлау өтпек. Жыл соңына дейін тағы 214 ауыл басшысы сайланады. Бұдан бөлек 2023 және 2024 жылдары 1037 ауылдық округтерде әкімдердің сайлауын өткізу жоспары бар.
 
Ерлан Қарин жақын арада аудан әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жоспарланғанын да атап өтті. 
 

Жаңа конституциялық реформаға сәйкес, бүгінде облыс әкімдері өңірлік мәслихаттар депутаттарының дауыс беру нәтижелері бойынша тағайындалады. Елдің саяси жүйесі біртіндеп өзгеріп, демократияның жаңа құралдары мемлекеттік басқаруға енгізіліп жатыр", - деп түсіндіреді Мемлекеттік кеңесші.

 
Ақпарат көзі: inbusiness.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны