17.02.2023, 14:28 48281

Қазақстанда 32 мыңнан астам көлік заңдастырылды

Қазақстанда 32 мыңнан астам көлік заңдастырылды
Сурет: Depositphotos
73 748 азаматтың көліктері тексеруден сәтті өтіп, өтінімдері мақұлданды

Астана. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Бүгінгі таңда Қазақстанда шетелдік нөмірлері бар 32 мыңнан астам автомобиль заңдастырылды.

Бүгінгі таңда 73 748 азаматтың көліктері тексеруден сәтті өтіп, өтінімдері мақұлданды. 32 002 көлік заңдастырылды", - деп хабарлайды ІІМ ресми сайты.


Естеріңізге сала кетейік, шетелдік нөмірлері бар автомобильдерді заңдастыру 23 қаңтарда басталып, 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ЕРЕЖЕЛЕР 

  • Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;
  • Криминалдық есепте болмауы керек;
  • Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;
  • Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет.

Заңдастыру ережелерімен толығырақ бейнеден танысуға болады.


Қазақстанның өңірлерінде шетелдік нөмірлері бар көліктерді заңдастыру бойынша байланыс орталықтары құрылды.

gov.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны