28.04.2025, 11:12 39606
Қазақстанда 610 млрд теңгеге жуық активтер қайтарылды
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Іс-шараға облыс әкімі және прокуроры, Бас прокуратура өкілі, ауылдың ақсақалдары мен құрметті тұрғындары қатысты.
Аталған мектептің құрылысы - Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған капиталды халық игілігі үшін тиімді пайдалану аясында Үкіметпен мақұлданған алғашқы әлеуметтік жобалардың бірі.
Салтанатты рәсім барысында қатысушылар жергілікті тұрғындарды құрылыс жұмыстарының басталуымен құттықтап, бұл мектептің іске қосылуы елде жүргізіліп жатқан активтерді қайтару жұмыстарының нақты нәтижесін халық өз көзімен көруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Жергілікті ақсақалдың батасынан кейін қатысушылар болашақ ұрпаққа арналған уақыт капсуласын салды.
Айта кетейік, бұған дейін ауылда 1974 жылы салынған, қазіргі таңда апатты жағдайда тұрған музыкалық мектеп жұмыс істеп келген болатын.
Құны 890 млн теңге тұратын 300 оқушыға арналған жаңа мектеп көршілес ауылдардың оқушыларын да қабылдай алатын болады.
Бүгінге мемлекет пайдасына жалпы сомасы шамамен 610 млрд теңге көлемінде активтер қайтарылды, оның ішінде 506 млрд теңге - ақшалай қаражат, 103 млрд теңге - мүлік.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет арнайы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту салаларында 280 әлеуметтік нысанның құрылысын қаржыландыру үшін қаражат бөлді.
Аталған жобалар елді мекендерді дамытуға бағытталған кешенді тәсілдің бір бөлігі болып табылады және өмір сүру үшін қолайлы жағдайларға тікелей әсер ететін маңызды инфрақұрылымды ілгерілетуге серпін беруге арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.06.2025, 18:05 15036
Минскідегі ЖЕЭК отырысы: Мемлекет басшылары экономикалық интеграцияны дамыту перспективаларын талқылады
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттер басшылары Тәуелсіздік сарайында шағын құрамда бас қосып, экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту перспективасын талқылады.
Жиынға Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.06.2025, 17:56 15576
Үйлер, пәтерлер, қымбат автокөліктер мен ақша: Қазақстанға 1,15 трлн теңгеден астам активтер қайтарылды
Қоғамда "Заң мен тәртіп" идеологиясын насихаттау аясында 2025 жылы 27 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен оның аумақтық департаменттері арнайы баспасөз-турларын ұйымдастырды. Аталған іс-шара барысында мемлекет меншігіне қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылған әлеуметтік маңызыбар нысандар таныстырылды, деп хабарлайды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Баспасөз-турларының негізгі мақсаты- халықты жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен салынған жаңа әлеуметтік нысандардың (мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар орталықтары, мектептер және т.б.) қызметімен таныстыру.
Бұл азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға және бюджеттік қаражаттың ашық пайдаланылуын арттыруға септігін тигізеді.
Іс-шараға журналистер, қоғамдық белсенділер, блогерлер, азаматтық қоғам өкілдері және басқа да қатысушылар қатысты.
Пресс-тур барысында қатысушылар жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен салынған нысандармен танысты.
Қайтарылған мемлекеттік активтердің қоғам игілігіне қызмет етіп, елдің дамуына үлес қосатыны көзбе-көз көрсетілді.
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысы Агенттіктің маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекетке жалпы сомасы 1,15 трлн теңгеден астам көлемде мүлік активтері мен қаржыны қайтаруды қамтамасыз етті.
Қайтарылған активтер қатарына бизнес-орталықтар, әкімшілік ғимараттар, сауда орындары, тұрғын үйлер, пәтерлер, құрылысы толық аяқталмаған нысандар, жер учаскелері, люкс санатындағы автокөліктер және қаржылық қаражаттар кіреді.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арқылы қайтарылатын барлық активтер тек мемлекет мүддесіне ғана бағытталатынын атап өткен жөн.
Мысалы, Алматы қаласында: "Maisat" бизнес-орталығы Қазақстан Республикасының "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ меншігіне берілді; құны 7,9 млрд теңгеден асатын "KaisarTower" бизнес-орталығы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің иелігіне тапсырылды; құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының балансына берілді; ал Нұр-Сұлтан қаласында құны 5 млрд теңгеден асатын үш жеке үй Астана қаласы әкімдігінің мүгедектігі бар балаларға арналған "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ-не берілді.
Сонымен қатар, Білім инфрақұрылымын қолдау қорының жұмысы бақылауда тұр, оның арнайы шотына 153,3 млрд теңге (немесе 329 млн доллар) аударылған. Қордың қаражаты есебінен барлығы 100 мың оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылған.
Оның ішінде 61 мектеп пайдалануға берілген, ал 2025 жылы тағы 28 жаңа мектеп салыну көзделген.
Қаржыландырудың тағы бір көзі - "Арнайы мемлекеттік қор" болып табылады, ол мемлекет меншігіне қайтарылған мүліктің сатылымынан түскен қаражаттар мен басқа түсімдер есебінен толтырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.06.2025, 17:51 15831
Зерендіде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды
Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Ақмола облысының Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Нысан елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен салынған. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 2,1 млрд теңге бөлді.
Ауданы 6 мың шаршы метрден асатын спорт мектебі ауысымда 90-ға дейін балалар мен жасөспірімдерді қабылдай алады.
Мекеме аумағында шаңғы жарысы, күрес және бокс секциялары ашылды, бұл жастарға өздерін қызықтыратын спорт түрін таңдауға және өз дағдыларын дамытуға қосымша мүмкіндіктер туғызады. Заманауи жабдықтар мен кең залдар жаттығу жасауға ыңғайлы жағдай жасайды.
Спорт мектебінің салтанатты ашылуына ҚР Бас прокуроры Берік Асылов пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.
Айта кетейік, бұған дейін өңірде қайтарылған активтер қаражатына Алтынды, Арнасай, Жаңаесіл және Шалқар ауылдарында 4 медициналық мекеме салынып, пайдалануға берілген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.06.2025, 11:50 27111
Мария Мудряк Қытайда өнер көрсетеді
Қазақстандық опера әншісі Мария Мудряк Қытайда В. Моцарттың "Фигароның үйленуі" операсындағы графиня Альмавива партиясын алғаш рет орындайды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Қойылымдар 15, 17 және 19 шілде күндері Бейжіңдегі Ұлттық орындаушылық өнер орталығында өтеді. Ал 8-10 тамыз аралығында әнші Сиань қаласындағы Grand Opera House сахнасында өнер көрсетеді.
Бұл - Мария Мудряктың Қытайға бесінші гастрольдік сапары. Бұған дейін осы операда Сюзаннаның партиясын орындаған әнші биыл алғаш рет графиня Альмавиваның рөлін сомдайды. Бұл кейіпкердің терең әрі қарама-қайшы сезімдері туындыға ерекше драмалық әсер мен эмоциялық тереңдік береді.
Айта кетейік, Мария Мудряк Қазақстанда дүниеге келген. Ол бала кезінен-ақ ән айтуға қызығып, 10 жасынан бастап Италияда вокалдан дәріс алған. Сол жерде Ла Скала театрының балалар хорында шығармашылық жолын бастап, кейін Миландағы Дж. Верди атындағы консерваторияны тәмамдады. Қазір ол әлемнің жетекші опера сахналарында өнер көрсетіп жүр және әлемдегі ең үздік он сопраноның бірі саналады.
Әншінің Қытайға сапары - оның халықаралық мансабындағы тағы бір маңызды қадам. Бұл гатрольдік сапарда қытайлық көрермен өнерпаздың қайталанбас зор дауысы мен актерлік шеберлігін тамашалай алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.06.2025, 11:48 27376
Алматы әкімі Hyundai Trans Auto зауытының жұмысымен танысты
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында "Астана Моторс" компаниясының Hyundai Trans Auto зауытына барды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Аумағы 10 гектар болатын кәсіпорын Hyundai, Foton және Golden Dragon маркалы жүк және жолаушылар техникасын шығаруға маманданған. Өндіріс дәнекерлеу, бояу, құрастыру цехтары сынды заманауи өндірістік инфрақұрылым жабдықталған, сондай-ақ, үстіңгі құрылымдар мен құрамдас бөлшектер шығаратын жеке өндірісі бар. Зауыт жылына 1 200 автобус пен 10 000 жүк көлігін шығара алады.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында "Астана Моторс" компаниясының Hyundai Trans Auto зауытына барды.
Аумағы 10 гектар болатын кәсіпорын Hyundai, Foton және Golden Dragon маркалы жүк және жолаушылар техникасын шығаруға маманданған. Өндіріс дәнекерлеу, бояу, құрастыру цехтары сынды заманауи өндірістік инфрақұрылым жабдықталған, сондай-ақ, үстіңгі құрылымдар мен құрамдас бөлшектер шығаратын жеке өндірісі бар. Зауыт жылына 1 200 автобус пен 10 000 жүк көлігін шығара алады.
2011 жылы негізі қаланған күннен бастап кәсіпорын отандық автокөлік өндірісінің өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. 2024 жылдың өзінде зауыттың салық төлемі 1,9 млрд теңге болды. Мұнда 400-ден астам білікті маман жұмыс істейді.
Сапар барысында қала әкімі өнеркәсіп секторы дамытудың стратегиялық маңызы мен экспортқа бағдарланған әрі инновациялық өндіріске қолдау қажеттігін атады.
Зауыт басшылығымен өткен кездесу кезінде өндіріс ауқымын кеңейту, қазақстандық құрам үлесін арттыру және отандық техниканың ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.06.2025, 11:45 27806
Қаржы министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейтеді
Қаржы министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы құқықтық базаны жетілдіруде. Мәселен, 2025 жылғы 24 маусымдағы № 321 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер енгізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Негізгі өзгерістер қазақстандық тауар өндірушілерді:
шарт бойынша тауарларды жеткізу мерзімдерін 15-тен 60 күнтізбелік күнге дейін ұлғайту. Бұл міндеттемелерді орындау мерзімінің бұзылуын болдырмайды;
тауарларды жеткізгені үшін төлем мерзімдерін 30 күнтізбелік күннен 10 жұмыс күніне дейін қысқарту. Бұл шара өндірушілердің қаржылық жүктемелерін азайтуға мүмкіндік береді;
аванстық төлем мөлшерін 30 %-дан 50 %-ға дейін ұлғайту бөлігінде қолдауға бағытталған.
Жалпы, аталған өзгерістер жергілікті өндірістің өсуін ынталандыруға және отандық бизнесті дамытуға бағытталған.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.06.2025, 09:32 28891
Қостанай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар үшін 1 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстар салу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қостанай облысының Қарасу ауданында су бұру арнасы құрылысына Үкімет резервінен 1 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
2024 жылғы көктемгі су тасқыны салдарынан Қарасу ауданында бес көл: Тімтуір, Қойбағар, Алабота, Биесойған және Жаншора көлдері қосылып, жалпы ауданы 621 км2 болатын су басу аймағының қалыптасуына әкелді. Ұзындығы 38 шақырымды құрайтын электр желілерінің 234 тірегі су астында қалды, бұл ауданның ЭБЖ жалпы ұзындығының 15,5%-ын құрайды. Тіректер құлаған жағдайда 2 426 абонент (10 мыңға жуық тұрғын) және 114 ауыл шаруашылығы құрылымы электр қуатынсыз қалуы мүмкін.
Сонымен қатар бұл аймақта инфрақұрылымдық маңызды нысандар, оның ішінде, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар, байланыс желілері, егіс алқаптары мен жайылымдар орналасқан.
Жағдайды ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігі Қарасу ауданында ұзындығы 14,2 шақырым су бұру арнасын салу жобасын әзірледі.
Жобаның жалпы құны 1,9 млрд теңгені құрайды, оның бір бөлігі облыстық бюджеттен бөлінген.
Үкімет резервінен бөлінген қаражат жұмыстарды мерзімінде аяқтауға мүмкіндік береді, бұл жалпы топырақ дренажын жақсартуға және су тасқынының қайталануына жол бермеуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.06.2025, 19:36 48546
Қырғыз авиакомпаниясы Алматы - Ыстықкөл рейстерін іске қосады
2025 жылғы 27 маусымнан бастап Қазақстанның авиациялық нарығына Қырғызстанның әуе компаниясы - "Asman Airlines" кіреді. Компания Алматы - Ыстықкөл бағыты бойынша аптасына екі рет (дүйсенбі және жұма күндері) тұрақты тікелей жолаушы рейстерін орындай бастайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, 3 шілдеден бастап қазақстандық "Fly Arystan" әуе тасымалдаушысы да Алматы - Ыстықкөл бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосады. Рейстер аптасына екі рет - бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Осылайша, жазғы кезеңде көрсетілген бағыт бойынша аптасына 4 тұрақты жолаушы рейсі орындалатын болады.
Әуеқатынастың ашылуы екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.06.2025, 09:32Қостанай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар үшін 1 млрд теңге бөлінді 27.06.2025, 11:45 26706Қаржы министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейтеді27.06.2025, 11:48 26276Алматы әкімі Hyundai Trans Auto зауытының жұмысымен танысты27.06.2025, 11:50 26011Мария Мудряк Қытайда өнер көрсетеді27.06.2025, 17:51 14731Зерендіде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды
24.06.2025, 14:21 60656Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті24.06.2025, 14:12 60561Астанада Қазақстанда сутекті энергетиканы дамытудың перспективалары талқыланды23.06.2025, 18:23 53811МКК және Қытайдың Polyking компаниясы инвестициялар мен цифрлық логистиканы дамыту мәселелерін талқылады25.06.2025, 19:21 51056Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті23.06.2025, 18:17 50941Ақтөбе - Ұлғайсын жол учаскесін қайта жаңарту: " Қазавтожол " және ЕҚДБ келісімге қол қойды
02.06.2025, 17:03 155381Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі04.06.2025, 14:09 150011Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды05.06.2025, 17:53 134801Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті03.06.2025, 14:47 134576Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды05.06.2025, 17:14 133971Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты