21.04.2025, 11:03 52591

Қазақстанда Алматыда болған қайғылы оқиғадан кейін марафондарды өткізуге қойылатын талаптар күшейтіледі

Қазақстанда Алматыда болған қайғылы оқиғадан кейін марафондарды өткізуге қойылатын талаптар күшейтіледі
Қазақстанда Алматыда болған қайғылы оқиғадан кейін марафондарды өткізуге қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлеуметтік желіде хабарлады.

Алматы қаласында өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қаза табуы - ауыр әрі ерекше назар аударуды қажет ететін жағдай.


Қазіргі уақытта оқиға бойынша толыққанды тексеріс жүргізіліп жатыр. Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен қауіпсіздік регламенті жан-жақты сарапталады.

Жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талапты күшейтеміз. Бұқаралық спорт қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы тиіс.

Туризм және спорт министрлігі бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеп, тиісті құрылымдарға жолдайды.

Қаза болған азаматтардың жақындарына көңіл айтамын!", - деген жазба қалдырды миинистр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны