20.03.2025, 16:25 8911

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы 1 тамыздан бастап өтеді

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы 1 тамыздан бастап өтеді
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге дайындық барысы жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің баспасөз қызметінен.

Санақтың басты мақсаты ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу болып табылады. Бұл осы саладағы әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу мен іске асырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шауенованың айтуынша, санақ бүкіл ел бойынша 20 мың ауылшаруашылық кәсіпорындарын, 300 мың шаруа және фермер қожалықтарын, сондай-ақ 1,9 миллионнан астам жеке қосалқы шаруашылықтарды қамтиды.

Санақтың негізгі бөлімдері жер ресурстары және оларды пайдалану, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы, техникалық құралдар, өндірістік үй-жайлар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу, инфрақұрылымның қолжетімділігі, еңбек ресурстары, шаруашылық жүргізу шарттары, цифрлық технологияларды пайдалану және т.б. туралы ақпаратты қамтиды.

Жұмыс жоспары бойынша 1 тамызда sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама басталады, ол 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін онлайн сауалнамадан өтпеген адамдар үшін жеке сұхбат арқылы санақ кезеңі өткізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны