20.11.2022, 21:26 6336
Қазақстанда барлық сайлау учаскелері жабылды
Астана. 20 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда барлық сайлау учаскелері жабылды. ҚР ОСК сайлауға қатысудың алдын ала нәтижелерін 22:05-те жариялайды.
Дауыстарды санау басталды.
Еске салайық, сайлаушылар тізіміне 11 950 485 адам енгізілген. Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша, дауыс беруге 8 282 607 азамат қатысты, бұл дауыс беру тізімдеріне енгізілгендердің 69,31 пайызын құрайды.
Дауыс беру ел бойынша 10 033 учаскеде өтті. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске бар.
10 халықаралық ұйым мен 35 шет мемлекеттен сайлауға аккредиттелген шетелдік бақылаушылардың жалпы саны 641 адамды құрады.
Сайлауға алты кандидат тіркелген:
- Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - "AMANAT" партиясы, "Қазақстан Халық партиясы", "Ақ жол" ҚДП, сондай-ақ бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынды.
- Қажыкен Мейрам Зекешұлы - "Аманат" Қазақстан республикалық кәсіподақтар достастығы" ұсынды. Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы - "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынды.
- Әбден Қарақат Жақсылыққызы - "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.
- Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы - "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.
- Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы - "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.03.2025, 18:03 11171
Мемлекет басшысы Бангладеш Президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен Бангладеш халқын осы елдің ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қазақстан Президенті жеделхатында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ынтымақтастық болашақта да қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне табыс, ал Бангладеш халқына құт-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.03.2025, 15:56 14276
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ТМҚ өңдеуге жеңілдетілген лицензияны енгізу мәселесін қарастырады
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында Қазақстанда жинақталған техногендік-минералдық қалдықтармен (ТМҚ) проблеманы шешу бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ерсайын Нағаспаевтың сөзінше елімізде жалпы массасы 55 млрд тоннаны құрайтын 1700-ден астам техногендік-минералдық қалдықтар тіркелген. Олардың негізгі бөлігі - Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарында орналасқан. Сондай-ақ 67%-дан астамы бөлу балансын жүргізуді талап етеді.
Бүгінде сирек металдар және сирек жер металдары саласын дамытудың кешенді жоспары аясында жол картасы әзірленіп, инвентаризациялау жұмыстары басталды. Осы жұмыстар техногендік-минералдық қалдықтарды бағалауға, өңдеуге және экологиялық жобаларға инвестиция тартуға мүмкіндік береді", - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.
Қазақстанда техногендік-минералдық қалдықтарды өңдеу деңгейі шамамен 11%-ды құрайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 70-80%-ға жетеді. Қазірдің өзінде мыс, алтын, темір және басқа да шикізатты өндіру кезіндегі қалдықтар қайта өңделіп жатыр.
Мысалы, Ұлытау облысындағы Коунрад компаниясы өз кен орнының техногендік қалдықтарын пайдаланып, жылына 12 мың тонна мыс өндіреді - бұл еліміздің бүкіл мыс өнеркәсібінің шамамен 3%-ын құрайды. Соңғы екі жылда қалдықтарды қайта өңдеуге арналған жалпы сомасы 48 млрд теңге болатын 3 жоба іске қосылды. Алдағы екі жылда құны 37 млрд теңге болатын 4 жоба іске асырылады.
Сонымен қатар қазіргі таңда өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеуге арналған 330 млрд теңге болатын 25 жоба іске асырылуда. Оның ішінде бүгінгі күні 133 млрд теңге болатын 8 жоба іске қосылды. Осы жылы 110 млрд теңге болатын 7 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
Жүзеге асырылып жатқан жобалар экологиялық жағдайды жақсартуға және саланың экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Техногендік-минералдық қалдықтар мәселесін шешу және арнайы өндеу орындарына жеткізу үшін заңнамалық нормалар әзірленіп жатыр. Бұл әсіресе экологиялық проблемасы бар моноқалалар үшін өте маңызды. Бүгінде Министрлік техногендік-минералдық қалдықтарды өңдеуге арналған арнайы лицензия енгізу мәселесін қарастыруда. Осы ұсынылған шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ өндірісте жаңа шикізат көздерін пайдалануға мүмкіндік береді", - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.03.2025, 14:47 13281
Қазақстанның 10 өңірінде ГТҚ басқару жөніндегі ұйымдар құрылған
Еліміздің 10 облысында коммуналдық гидротехникалық құрылыстарды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдар құрылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда олардың балансына 809 нысан қабылданды, 203 бірлік арнайы техника беріліп, 932 маман жұмысқа орналастырылды.
Жаңа мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында ашылды. Осылайша, еліміздегі коммуналдық гидротехникалық құрылыстарды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың жалпы саны 16-ға жетті.
Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңадан құрылған мекемелердің функциялары, міндеттері мен өкілеттіктерін реттеу үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру үстінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.03.2025, 14:45 11581
Наурыздағы ҰБТ-ны 88 мыңға жуық талапкер тапсырды
Наурыз айындағы ҰБТ-ның үш аптасында 88 мыңға жуық адам тест тапсырды, деп хабарлайды ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметінен.
Шекті балды 72%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 65 балды (бес пән бойынша) құрады. Ең жоғары балл - 139, оны Алматы қ. және Шығыс Қазақстан облысында оқитын 2 талапкер жинады.
Тестке қатысушылардың 70,7%-ы қазақ тілінде, 29,2%-ы орыс тілінде, 100 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
Талапкерлердің басым бөлігі, атап айтқанда, 18,1%-ы "Математика-Физика" пәндер комбинациясын тапсырды. 14,8%-ы "Биология-Химия", 12,6% "Шығармашылық емтихан" комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация - "Химия-Физика", оны 105 адам тапсырған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында наурыз ҰБТ-сына 232 талапкер қатысты.
Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Қазіргі таңда 121 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 43 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 55 адам шығарылды, ал 23 адамның сертификаты тестілеу бейнежазбасын тексеру нәтижесінде жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.
Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.
Естеріңізге сала кетсек, наурыз ҰБТ-сы 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 163 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.03.2025, 12:02 15626
Қазақстанда қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасы әзірленеді
Қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасы 1 қыркүйекке дейін әзірленеді. Қалдықтар өңдейтін кәсіпорындарды қолдау шаралары қарастырылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Экология және табиғи ресурстар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін қалдықтарды басқару процестерін орталықтандыруға, барлық мүдделі тараптарды тартуға, циклдік экономика моделін құруға бағытталған қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.
Өнеркәсіп және Энергетика министрліктеріне өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындарды қолдау мен ынталандырудың нақты шараларын әзірлеу тапсырылды. Бұл көмір химиясы, құрылыс материалдарын жасау, жерде сирек кездесетін металдарды алу салаларында жаңа өндірістер құруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Экология, Энергетика министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, екі апта мерзімде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату саласындағы жобалар тізбесін анықтауы қажет. Әлеуетті инвесторлар тарту үшін сәуір айында аукцион ұйымдастыруы керек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.03.2025, 09:41 15346
ҚР Су ресурстары департаментінде су қоймаларындағы жағдай туралы айтылды
Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
26 наурыз күнгі жағдай келесідей:
Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 1,5 текше метр, Сілеті су қоймасынан 150 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 8,3 текше метр су жіберілуде.
Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метрден су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 67%-ға толы.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 620 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су жіберілуде.
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 679 текше метр су жіберілуде.
Батыс Қазақстан облысында Киров және Бітік су қоймаларынан секундына 12,1 текше метрден, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 9,8 текше метрден су жіберілуде.
Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 10 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 5 текше метр су жіберілуде.
Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 34 текше метр су жіберілуде.
Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 493,2 текше метр, Петропавл су қоймасынан 139 текше метр су жіберілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.03.2025, 17:41 106351
Алматы облысында 600 млн теңгеге алаяқтық жасаған дропперлер тобы ұсталды
Алматы облысында 600 млн теңгеге жуық сомаға алаяқтық жасаған дропперлер тобы ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес департаментінің үйлестіруімен Telegram мессенджері арқылы алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен оның төрт сыбайласын қолға түсірді.
Тергеу барысында анықталғандай, ұсталған күдікті - қылмыстық схеманың кураторы 2024 жылдың маусым айынан бастап 50-ден астам "дроптарды" басқарған. Олар - өз атына немесе үшінші тұлғалардың атына банктік карталар рәсімдеген адамдар. Қылмыстық топтың шоттары арқылы мыңнан астам қаржылық операция жүргізіліп, жалпы айналым сомасы 580 миллион теңгеден асқан. Әрбір транзакциядан куратор 6 пайыз көлемінде комиссия алып отырған, оның заңсыз табысы 35 миллион теңгеден асқаны белгілі болды.
Полиция мәліметінше, "Антифрод орталығы" базасы арқылы жүргізілген тексеру барысында дроптарға қатысты қылмыстық істер еліміздің бірнеше өңірінде - Алматы облысының Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарында, Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында және Маңғыстау облысында тергеліп жатыр.
Белгілі болғандай, қылмыстық топтың басшысы Telegram арқылы "оңай ақша табу" туралы жалған хабарландырулар таратып, дроптар қатарын толықтырған. Куратор адамдарды банктік карталарды өз атына немесе бөтен тұлғалардың атына рәсімдеуге көндірген. Қылмыскерлер бұл карталарды жәбірленушілерден түрлі сылтаумен, яғни инвестиция салу немесе тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеу түріндегі жалған әрекеттер арқылы ақша аударып, ізін жасыру үшін пайдаланған.
Ұрланған қаражат қолма-қол шешіліп, криптовалютаға айырбасталған немесе басқа есепшоттарға таратылып отырған. Қылмыстық схеманың ұйымдастырушылары негізгі пайданы өзара бөліссе, дроптарға аз ғана сыйақы берілген. Ал олардың банктік карталары ауыр құқық бұзушылықтарда пайдаланылғандықтан, қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Ал алаяқтықтың негізгі ұйымдастырушылары мен куратор көлеңкеде әрекет еткен. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.
Тергеу барысында олардың өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Сонымен қатар полиция екінші деңгейлі банктерге санкцияланған сұраулар жолдап, басқа да күдікті операцияларды анықтауды жоспарлап отыр. Құқық қорғау органдары азаматтарға алаяқтардан сақ болуға кеңес береді және банк шоттары мен жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Егер күмәнді қаржылық әрекеттер байқалса, дереу полицияға хабарласу қажет екенін ескертеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.03.2025, 17:38 106756
British Expertise International (BEI) және ХБК жоғары білім беру саласындағы сауда миссиясы аясында серіктестік туралы жариялады
British Expertise International (BEI) және ХБК жоғары білім беру саласындағы сауда миссиясы аясында серіктестік туралы жариялады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 20 наурызда Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) Қазақстандағы беделді British Expertise International (BEI) сауда миссиясы аясында халықаралық білім беру диалогының негізгі алаңына айналды.
Іс-шараның ресми ашылуы ХБК ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Маргарита Булатовна Имандосованың қатысуымен өтті, ол қонақтарды құттықтау сөзімен қарсы алды.
Pearson, UCL Consultants, AdvanceHE, Arup, NOCN Group, Quality Assurance Agency (QAA) және IXL Learning/Rosetta Stone сияқты Ұлыбританияның жетекші білім беру ұйымдарынан құралған делегация ХБК-да (ҚазБСҚА) бірқатар кездесулер мен панельдік пікірталастар өткізді. Іс-шара барысында білім берудегі озық технологиялар мен жасанды интеллект, жоғары білім сапасын қамтамасыз ету, жұмыспен қамту мәселелері және үздіксіз оқыту дағдылары, сондай-ақ Қазақстанның білім беру саласына жеке инвестицияларды тарту тетіктері талқыланды.
Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич екі ел арасындағы білім беру ынтымақтастығының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, сондай-ақ British Expertise International ұйымының өңірдегі қатысу аясын кеңейтіп жатқанын айтты. Сауда миссиясы аясында ХБК (ҚазБСҚА) ғылыми-зертханалық базасы мен жаңартылған корпусы бойынша экскурсия ұйымдастырылып, қонақтар университеттің инновациялық білім беру кеңістіктері мен техникалық жабдықталуымен танысты.
Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) әлемдік білім беру стандарттарын белсенді түрде енгізіп, Ұлыбританияның жетекші университеттері мен ұйымдарымен ынтымақтастығын кеңейту арқылы өз халықаралық байланыстарын нығайтуды жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.03.2025, 12:02Қазақстанда қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасы әзірленеді 26.03.2025, 09:41 14641ҚР Су ресурстары департаментінде су қоймаларындағы жағдай туралы айтылды26.03.2025, 15:56 Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ТМҚ өңдеуге жеңілдетілген лицензияны енгізу мәселесін қарастырады13571Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ТМҚ өңдеуге жеңілдетілген лицензияны енгізу мәселесін қарастырады26.03.2025, 14:47 12576Қазақстанның 10 өңірінде ГТҚ басқару жөніндегі ұйымдар құрылған26.03.2025, 14:45 10876Наурыздағы ҰБТ-ны 88 мыңға жуық талапкер тапсырды
20.03.2025, 17:49 119441Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды20.03.2025, 17:38 118331Тоқаевқа Қазақстандағы су тасқыны жөнінде баяндалды20.03.2025, 16:25 118051Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы 1 тамыздан бастап өтеді20.03.2025, 13:03 Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды117946Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды21.03.2025, 13:52 106196Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
25.02.2025, 14:43 141781Абай облысында жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды07.03.2025, 16:20 137226Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда06.03.2025, 17:04 133816Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді27.02.2025, 16:48 132606Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады06.03.2025, 17:02 132191Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді