16.12.2022, 09:43 29271

Қазақстанда Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды

Қазіргі уақытта Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол а.ж. 24 желтоқсанына дейін жалғасады
Қазақстанда Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды
Сурет: senate.parlam.kz
Астана. 16 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылғы 29 қарашадан 14 желтоқсанға дейін Республика бойынша жоғарғы палатаның 20 орнына 130 кандидат Парламент Сенатының депутаттығына ұсынылған, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Константин Петров ОСК отырысында ұсыну қорытындылары мәселелері бойынша.
 
ОСК мәліметтері бойынша, өңірлер арасында ең көп кандидат Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында - 8, Алматы мен Астана қалаларында - 10 адамнан ұсынылды. Ең азы - 5 үміткерден Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және 6 - Шымкент қаласында ұсынылды.
 
Кандидаттар арасында 97,7 пайыз (127) өзін-өзі ұсынушылар, ал 2,3 пайызын (3) мәслихаттар ұсынған.
 
Кандидаттардың орташа жасы 50,5 жасты құрайды. Ең жас үміткер - 30 жаста, үміткерлер арасындағы ең ересегі - 74 жаста.
 
Ұсынылған үміткерлердің ішінде 33 әйел. Әйел үміткерлер саны өткен сайлауда, яғни 2020 жылы - 19, 2017 жылы - 13, 2014 -5 үміткер болған.
 
Мамандықтары бойынша атап өтер болсақ: 22 - инженер, 21- экономист, 21 - педагог, 18- заңгер, 15- аграрлық сала қызметкерлері, 5- дәрігер, 2- журналист, 3- саясаттанушы және 23 басқа мамандық иелері.
 
Кандидаттар арасында 36 коммерциялық құрылымдардың қызметкері; 27 мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкері; 48 мемлекеттік қызметші, 9 қоғамдық ұйымдардың өкілдері, 2 зейнеткер және 3 жұмыссыз үміткер бар.

 

Қазіргі уақытта Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол а.ж. 24 желтоқсанына дейін жалғасады. Бүгінгі күні сайлау комиссиялары 49 кандидат тіркеді", - деп хабарлады ОСК.

 
2020 жылы Сенатқа кезекті сайлауға 94 кандидат, 2017 жылы - 89 кандидат, 2014 жылы - 88, 2011 жылы - 96 кандидат ұсынылған болатын. Осылайша, кандидаттардың бәсекелестік үрдісі сақталуда. Орташа есеппен бір мандатқа 6 адамнан аса үміткерден келеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарда өтеді.
 
Сайлау науқаны 24 желтоқсанда басталып, 13 қаңтарда сағат 00.00-де аяқталады.
 
ҚР Президентінің айтуынша, алдағы Сенат пен Мәжіліс сайлауы сындарлы диалог, пікірталас арқылы проблемалық және даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны