17.03.2025, 16:58 37916
Қазақстанда тауарлық газдың бөлшек бағасына мемлекеттік бақылау күшейтілді
Қазақстанда тауарлық газдың бөлшек бағасына мемлекеттік бақылау күшейтілді, деп хабарлайды ЖАП баспасөз қызметінен.
Қазақстанда тауарлық газдың бөлшек саудадағы бағасын мемлекеттік реттеу енді барлық нарық субъектілеріне қолданылады. Жоғары аудиторлық палата ұсынымы бойынша Кәсіпкерлік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді.
Qazaq Gaz Ұлттық компаниясы, оның еншілес ұйымдары мен ішкі және сыртқы тұтынушыларға баға қалыптастыру процестеріне жүргізілген мемлекеттік аудит барысында заңнамалық олқылық анықталған болатын.
Аудиторлар газ тарату компаниялары арқылы газдың бөлшек саудада сатылуы мемлекеттік баға реттеуіне жатпайтынын анықтады. Заңға сәйкес, олардың қызметі 2017 жылдың қаңтарынан кейін басталған. Соның нәтижесінде бұл ұйымдарға "Qazaq Gaz" АҚ-дан тауарлық газды сатып алып, оны қымбат бағамен қайта сату арқылы делдалдық қызметтен табыс табу мүмкіндік болды.
Осыған байланысты бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметіне Кәсіпкерлік кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыру ұсынылды.
Нәтижесінде қажетті түзетулер енгізілді. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарлық газдың бөлшек саудадағы бағасын мемлекеттік реттеу газ тарату компанияларын қоса алғанда, барлық нарық субъектілеріне қатысты болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.07.2025, 14:30 271
Тоқаев ЖАП басшысына мемлекеттік қаражаттың жұмсалуын бақылауды күшейтуді тапсырды
Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы I жартыжылдықта 20 триллион теңгені қамтитын 12 мемлекеттік аудит жүргізілгені туралы баяндалды. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 есеге артық.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, аудиторлық тексерістер орта білім беру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, цифрлық даму, электр энергетикасы және жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру секілді негізгі салаларды қамтыған.
Үкіметке және аудит жүргізілген нысандарға 60-тан астам ұсыным мен 450 тармақтан тұратын ұйғарым берілді. 20 факті бойынша іс материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.
Президентке Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысымен әзірленген заңнамалық бастамалар жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Мәселен, енді Жоғары аудиторлық палата бюджеттен тыс қорларды тексеру құзыретіне ие болды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Ұлттық қор қаржысын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысы қайта ұйымдастырылды. Бұл Қор қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтіп, жариялылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, жылыту маусымына дайындыққа салғырт қарағаны үшін жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен олардың бірінші басшыларының жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ нарықтың барлық субъектілеріне арналған тауарлы газдың бөлшек бағасына мемлекеттік бақылауды кеңейту секілді маңызды бастамалар бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит жүйесін кезең-кезеңімен дамытуды тапсырды. Бұл ретте оның тиімділігі мен ашықтығына баса мән берген жөн. Президент мемлекет қаражатының жұмсалуын бақылауға заманауи цифрлық технологияларды енгізу маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар басы артық шығындарды азайту, ұлттық ресурстардан түсетін пайданы барынша еселеу қажет екеніне назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2025, 09:47 891
Жыл басынан бері Балқаш көлінің деңгейі 32 см-ге көтерілді
2025 жылдың бірінші жартысында Балқаш көлінің деңгейі орта есеппен 32 см-ге көтерілді. Нақтырақ айтқанда, Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге дейін, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жыл басынан бүгінге дейін Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 8,52 млрд текше метр су жіберілді. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 8 млрд текше метр болған.
Биыл Қапшағай су қоймасынан көлге жалпы көлемі 12 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр. Балқаштағы су көлемі негізінен трансшекаралық Іле өзеніне байланысты, ал оның ағысын Қапшағай су қоймасы реттеп отырады.
Биыл су қоймасы қатарынан екінші жыл 100% толды. Былтыр бұл нысан соңғы 10 жылда алғаш рет 100% толғанын еске сала кетейік. Қапшағай су қоймасының толуы Алматы облысындағы Ақдала мен Шеңгелді суармалы алқаптарын вегетациялық кезеңде сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Балқашты сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл Француз ғылыми консорциумымен бірлесіп ұйымдастырылған көл бассейнін зерттеу мақсатында ауқымды далалық экспедиция өткен болатын. Француз сарапшыларымен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыс 2040 жылға дейінгі болжаммен Балқаш көлін сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлеуге бағытталған. Бұл - былтыр Францияның Даму агенттігі және Геологиялық және тау-кен зерттеулері бюросымен бірге қол қойған үшжақты келісім аясындағы жұмыс", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2025, 13:20 37101
Тоқаев Президенттің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі Еркін Тұқымовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Ауғанстан билігімен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда арнаулы өкілдің ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Арнаулы өкілге аталған елмен сауда-экономикалық және гуманитарлық салаларда өзара тиімді ықпалдастықты жолға қою тапсырылды.
Президент Алматы қаласында ашылған Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ аймақтық орталығының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланудың маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында гуманитарлық және білім беру бастамаларын жалғастыра беруге ниетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2025, 10:14 37346
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Мейрамбек Маратұлы Ахметов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
1983 жылы Целиноград облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдалар министрлігі "АЖТ орталығы" РМК бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2005-2007 жылдары - ҚР Төтенше жағдайлар министлігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің жетекші маманы.
2007-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті Қаржылық заңнама басқармасының бас маманы, бас сарапшысы.
2009-2013 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2013-2016 жылдары - Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.
2016-2023 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты Заң бөлімінің басшысы, Заң департаментінің директоры.
2023-2024 жылдары - Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы заң департаментінің директоры.
2024 жылғы маусымнан бастап соңғы тағайындауға дейін "Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" ЖШС Кадрлық әкімшілендіру және жалақыны есептеу департаментінің директоры.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2025, 10:10 37716
Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы лауазымына Батырхан Сүлейменов тағайындалды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ол 2015 жылы Ұлыбританиядағы Кардифф Метрополитен университетін "менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған, Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің құрылыс магистрі.
Еңбек жолын 2014 жылы халықаралық Deloitte аудиторлық ұйымында бастаған. Әр жылдары коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2017 жылы құрылыс компаниясының бас директоры қызметін атқарды. 2020-2024 жылдары Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары болған.
2024-2025 жылдары Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және мобилизациялық дайындық басқармасының басшысы міндетін атқарған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.07.2025, 19:56 59666
Қазақстанда аграрлық азық-түлік маркетплейсі пайда болуы мүмкін
Үкімет мамандандырылған аграрлық азық-түлік маркетплейсін құруды қарастырады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкімет отырысында Премьер-министр ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткілікті әрі сапалы қорын қалыптастыру үшін тиімді логистиканы қамтамасыз етіп, өнімді сақтау және сату тетіктерін әзірлеу міндетін қойды.
Сауда саласын дамытуды қолдау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдарға арнайы аграрлық азық-түлік маркетплейсін құру бойынша ұсыныстар беру тапсырылды.
Цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыру сауда саласының одан әрі дамуына оң серпін беруге тиіс. Бұл ішкі сауда көлемін кеңейтіп қана қоймай, отандық өнімнің сыртқы нарықтарға шығуын да қамтамасыз етеді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.07.2025, 17:53 60166
Қазақстан президенті Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қол қойды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.07.2025, 17:49 60406
Қазақстанда көппәтерлі үйлерді басқарудың екі нысаны ғана қалады
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заң Жер, Кәсіпкерлік, Азаматтық процестік, Әлеуметтік және Су кодекстеріне, сондай-ақ 23 заңға түзетулер енгізді.
Түзетулердің бірінші блогы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Заң көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жай серіктестік нысанын жойып, басқарудың екі түрін ғана сақтады: МИБ (меншік иелері бірлестігі) және ТББ (тікелей бірлесіп басқару).
Түзетулердің екінші блогы салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты.
Заң, сонымен қатар, декларациялау мәселелерінде құқықтық айқындықты арттыруға және Салық кодексінің ережелеріне сілтеме нормаларды өзектендіруге бағытталған басқа да түзетулерді қамтыды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.07.2025, 09:47Жыл басынан бері Балқаш көлінің деңгейі 32 см-ге көтерілді 17.07.2025, 10:56 161Шымкентте "ҚазМұнайГаз Инвест" қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды17.07.2025, 10:00 116Қазақстанның барлық мектептерінде жаңа тәрбие бағдарламасы енгізіледі17.07.2025, 20:08 111Машинажасау саласы жарты жыл ішінде 11,1% өсім көрсетті
10.07.2025, 17:09 100261Алматыда алаяқтықтың алдын алу туралы меморандумдарға қол қойылды10.07.2025, 17:04 96456Ақтөбе облысында жетім балалар тұрғын үйге кезекке қойылды11.07.2025, 09:44 86256Үкімет Ақтау жылу желілерін қайта жаңартуға 3,6 млрд теңге бөлді11.07.2025, 11:59 86126Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады11.07.2025, 12:08 85961Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
04.07.2025, 19:14 138836Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 138661Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 13:43 136486"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 18:14 130031Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды03.07.2025, 18:11 127936Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді