06.05.2024, 11:29 70141

Қазақстанда "Жеңіс пойызы" жолға шықты

Безендірілген электр пойызы соғыс жылдары бейбітшілік үшін құрбан болған қазақ жауынгерлерінің ерлігін еске алуға арналған
Қазақстанда "Жеңіс пойызы" жолға шықты
Жеңіс күніне орай рәсімделген пойыз Астанадан Павлодарға жолға шықты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.

9 мамыр қарсаңында Астанадан Павлодарға Жеңіс күніне орай арнайы рәсімделген №7502 электр пойызы жолға шықты. Безендірілген электр пойызы соғыс жылдары бейбітшілік үшін құрбан болған қазақ жауынгерлерінің ерлігін еске алуға арналған.

Құрам Жеңіс лентасының және Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Қасым Қайсенов, Талғат Бегелдинов және басқалардың суреттерімен безендірілген. Мереке құрметіне жолсеріктер жолаушыларды салтанатты формамен қарсалды. Жолаушылар "Жеңіс пойызының" алдында суретке түсіп, лезбіздерін білдірді.

Жыл сайын "Жолаушылар тасымалы" АҚ мерекеге сәйкес пойыздарды безендіріп, жолаушылардың сапарын ерекшелендіруге қызмет етеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны