Алматы әкімі Дархан Сатыбалды алдағы жылыту маусымына дайындық жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Жиын барысында қала басқармалары, коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдардың басшылары атқарылған жұмыстар мен инженерлік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту және салу жөнінде есеп берді, деп
хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Биыл 39 шақырым жылу желілерін, 238 шақырым электр желілерін, 260 шақырым су құбырын және 34,7 шақырым газ желісін қайта жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар, 2025 жылы 347 шақырым су және кәріз желілерін салу және жаңғырту, сондай-ақ, 69 қазандықты жөндеу және 16 қазандықты жаңғырту жоспарланған. Бұл жұмыстар аясында 12 қазан, 47 механизм, 11 сыйымдылық және газ жабдықтары ауыстырылады.
Кеңесте инженерлік желілердің қазіргі жағдайына қатысты деректер ұсынылды: тозу деңгейі - жылу желілерінде 56,1%, электрмен жабдықтауда 64,5%, сумен жабдықтауда 51,73%, газда 36%. Қала әкімі инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды алдағы жылыту маусымына дайындық жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Жиын барысында қала басқармалары, коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдардың басшылары атқарылған жұмыстар мен инженерлік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту және салу жөнінде есеп берді.
Биыл 39 шақырым жылу желілерін, 238 шақырым электр желілерін, 260 шақырым су құбырын және 34,7 шақырым газ желісін қайта жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар, 2025 жылы 347 шақырым су және кәріз желілерін салу және жаңғырту, сондай-ақ, 69 қазандықты жөндеу және 16 қазандықты жаңғырту жоспарланған. Бұл жұмыстар аясында 12 қазан, 47 механизм, 11 сыйымдылық және газ жабдықтары ауыстырылады.
Кеңесте инженерлік желілердің қазіргі жағдайына қатысты деректер ұсынылды: тозу деңгейі - жылу желілерінде 56,1%, электрмен жабдықтауда 64,5%, сумен жабдықтауда 51,73%, газда 36%. Қала әкімі инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Мен күн сайын жылыту маусымына дайындық барысы туралы мәлімет алып отырамын. Егер қандай да бір кешеуілдеу болса, дереу шара қолданамыз. Магистралдық желілер мен энергетикалық жобаларды жаңғырту бойынша келісімшарттар жасалған, қаржыландыру қамтамасыз етілген, жұмыс жүргізіліп жатыр. Бақылауды босаңсытуға болмайды, әсіресе, тұрғын сектор мен әлеуметтік нысандардың дайындығына ерекше назар аудару қажет", - деді Дархан Сатыбалды.
Кеңестен кейін Дархан Сатыбалды қаланың бірқатар маңызды инфрақұрылымдық нысанын аралады. Қаланың негізгі энергия көздерінің бірі - ЖЭО-2-де ол энергетикалық және қосалқы жабдықтарға жүргізіліп жатқан ауқымды жөндеу жұмыстарымен танысты. Жаңғырту жобасы экологиялық және энергетикалық тұрақтылықты арттыруға бағытталған. Электр қуатын 557 МВт-қа, жылу қуатын 952 Гкал/сағ дейін арттырып, зиянды заттар шығарындыларын 93%-ға, ал көміртек ізі 38%-ға төмендету көзделуде.
ЖЭО-2-ні жаңғырту - ең маңызды міндеттердің бірі. Бұл қаланың экологиялық тұрақтылығы мен жайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ететін стратегиялық жоба. Экологиялық көрсеткіштерді жақсарту Алматының дамуына қосылған маңызды үлес", - деді Дархан Сатыбалды.
Қала әкіміне қада қағу жұмыстарының 47%-ы орындалғаны, іргетас құю мен құрылымдарды орнату жұмыстары жалғасып жатқаны, негізгі жабдық жеткізіліп жатқандығы туралы баяндалды. Сонымен қатар, қысқы маусымға дайындық аясында жөндеу жұмыстары жүргізілуде: 56-сын жөндеу жоспарда болса, соның 36%-ы біткен.
Қала әкімі "Орбита" аудандық қазандығын да барып көрді. Бұл қазандық оңтүстік аудандарды - Орбита 1-4, Алмагүл шағын аудандарын және Асқаров көшесін жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Мұнда көлемі 2000 м³ үш аккумуляторлық бак орнатылуда. Екі бак пайдалануға берілді, үшіншісі орнатылып жатыр. Жоба ең жоғары тұтыну кезінде де жылу жүктемесін теңестіруге және жылумен қамтудың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.